<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.14.11. № 1713 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 14 қарашадағы № 1713 қаулысы

Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Түсті (олардың қорытпаларының) және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының рыногын реттеу, құрамында мыс бар өнімдерді өндіруші отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):

көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 ________________________________________________________________________
 "Коррозияға төзімді                      7204 21 100
 (тоттанбайтын) болаттың
 қалдықтары мен сынықтары
 ________________________________________________________________________
 Қара металдардың қалдықтары              7204,
 мен сынықтары
 (қолдануда болған рельстер,              7302*-ден
 темір жол төсемдерінің элемент-
 тері, дискілер, доңғалақ
 жұптары)
 ________________________________________________________________________
 Мыс қалдықтары мен сынықтары             7404 00
 ________________________________________________________________________
 Өңделмеген қайталама                     7601 20 910,
 алюминий қорытпалар: құймалары,          7601 20 990,
 басқалары және олардан жасалған          7603-7616 (тек
 бұйымдар                                 қайталама құймалардан
                                          жасалғандары)
 ________________________________________________________________________

 

мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

"*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де және атауымен де айқындалады";

2) "Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы № 841 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымша:

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 
     "7404 00 Мыс қалдықтары        1 тоннасына 30, бірақ
     мен сынықтары                  330 евродан кем емес
 
     7601 Өңделмеген                1 тоннасына 4, бірақ
     алюминий                       30 евродан кем емес".
 

2. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі