<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 7 СӘУІРДЕГІ № 402-ІІ ҚР ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы
2003 ж. 7 сәуірдегі № 402-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек саудамен өткізудi қамтамасыз ететiн жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;

  • Показать изменения

2) мұнай өнiмдерi базасы - мұнай өнiмдерiн сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы;

  • Показать изменения

3) бiртұтас деректер базасы - мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы;

  • Показать изменения

4) компаундирлеу - белгiленген сападағы мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше компоненттi араластыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемi - мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдары мен басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берулерiнiң уәкiлеттi орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi;

  • Показать изменения

6) кондициялық емес мұнай өнiмi - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн мұнай өнімі;

  • Показать изменения

7) мұнай өнiмдерiнiң айналымы - мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;

  • Показать изменения

8) мұнай өнiмдерiн көтерме саудамен өткізу - мұнай өндiрушiлердiң, берушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн одан әрi қайта сату мақсатында өткізуi (жөнелтуi);

  • Показать изменения

9) өндiрiс паспорты - мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, оның негiзгi сипаттамаларын көрсететiн, өндiрiстiң технологиялық процесiнiң сақталуы үшiн қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтiн белгiленген нысандағы құжат;

10) мұнай берушi - өз шикi мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретiн мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

11) мұнай өнiмдерiн өндiрушi - мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткізудi жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы;

  • Показать изменения

12) мұнай өнiмдерiн өндiру - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес мұнай өнiмдерiн алуды қамтамасыз ететiн шикi мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешенi;

  • Показать изменения

13) мұнай өнiмдерiн бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнiмдерiн жеке және заңды тұлғаларға oдaн әрi қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту);

  • Показать изменения

14) iлеспе жүкқұжат - жөнелтушiден алушыға дейiнгi бүкiл жүру жолында мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнiмдерiн босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресiмдеуге қажеттi бiрегейлендiрiлген құжат;

  • Показать изменения

15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн, осы Заңмен белгiленген құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн

  • Показать изменения

өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік

реттеу туралы заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын

  • Показать изменения

мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Өзге мемлекеттік органдар мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының жекелеген мәселелерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде реттеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi;

  • Показать изменения

3) мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг, iлеспе жүкқұжатты енгізу және декларациялау тәртібін белгiлеу арқылы жүзеге асыруды;

  • Показать изменения

4) мұнай өнiмдерiнiң сапасын бақылауды қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қою мен тыйым салуды белгiлейдi;

  • Показать изменения

4) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды белгiлейдi;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi рыногына берудi реттеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;

  • Показать изменения

7) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;

  • Показать изменения

2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады;

3) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының балансын жасай отырып, бiртұтас деректер базасын жүргiзудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;

5) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

6) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7)-12) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi;

8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi;

11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұнай өнiмдерiн, автомобильдерге жанармай құю станциялары мен мұнай өнiмдерi базалары көрсететiн қызметтердi стандарттау, олардың метрологиясы және оларды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртібі мен талаптарын белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделі мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 174-III Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызметтеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өткізуге, сақтауға арналған тарифтерді бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7. Осы бапта аталған мемлекеттік органдар, сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудi және

  • Показать изменения

олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге

  • Показать изменения

асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара

iс-қимылы

  • Показать изменения

1. Уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылауды жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен шаралар қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

2. Осы Заңды бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануы үшiн оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi

лицензиялау

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.

2. Мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:

1) осы Заңның 9-бабында көзделген мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары бұзылған;

  • Показать изменения

2) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайларда мүмкiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру:

  • Показать изменения

1) лицензияда көрсетiлген мекенжайда;

  • Показать изменения

2) стандарттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi нормативтiк құжаттарға сай келетiн жабдықта;

3) өндiрiс паспорты болған жағдайда;

  • Показать изменения

4) уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптары болған жағдайда жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Лицензиясы бар мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң ғана:

  • Показать изменения

1) октан санын арттыру мақсатында компаундирлеуiне, тауарлық бензиндерге телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгізуiне;

  • Показать изменения

2) белгiленген сападағы бензин алу мақсатында компаундирлеуiне, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгізуiне;

  • Показать изменения

3) дизель отынына, мазутқа телiмдер мен қоспалар енгізуiне жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Екi және одан көп өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн бiр ғана жабдықпен өндiруiне тыйым салынады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға;

  • Показать изменения

2) өзiнiң өндiрiстiк қуаттары өндiрiс паспортына сәйкес тоқсан iшiнде толық жүктелмеген жағдайда олардың шегiнде шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қабылдауға;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) өндiрiстiк процесс қауiпсiздiгiне төнген қатердiң дереу алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесiн уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізудi жүзеге асыруына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң этилдендiрiлген бензин өндiрудi жүзеге асыруына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын

декларациялау мен олардың мониторингi

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға өнiм қалдығы мен (немесе) мұнай өнiмдерi айналымының көлемi туралы декларациялар табыс етуге мiндеттi.

  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға мониторингтi жүзеге асыру үшiн мәлiметтер табыс етуге мiндеттi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Мұнай өнiмдерiн өткізу жағдайлары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының аумағында этилдендiрiлген бензиннiң айналымына, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізуге және оларды әрi қарай өңдемей сақтауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi.

  • Показать изменения

Мұнай берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң есептеу аспаптары арқылы, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi 01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледі

  • Показать изменения

3. Мұнай өнiмдерiн автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізуге компьютерлiк есептеу жүйесi болған жағдайда уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемi туралы ақпаратты бере отырып жол берiледi.

  • Показать изменения

Халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, ауылдық жерде (ауыл (село), сондай-ақ дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан автомобильдерге жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемiнiң оңайлатылған есептеу жүйесi болған жағдайда жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Автомобильдерге контейнерлiк үлгідегі жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, сондай-ақ ауылдық жерде (ауыл (село) жол берiледi.

  • Показать изменения

Автомобильдерге жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге тек дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғана жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мұнай өнiмдерiн өткізу шарттарын жасасуға басымдық беруге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу

  • Показать изменения

Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтеу баждарының ставкаларын, мұнай өнiмдерiнiң импорты мен экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау жағдайлары

1. Мұнай өнiмдерiнiң, қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес, арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы тасымалдануына жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзген кезде, мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн көліктің әрбір түрiне белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн

  • Показать изменения

өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік

реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiн қоспағанда, 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев