<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.06.95 Ж. № 2337 ЖАРЛЫҒЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық
жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 ж. 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығы

(2006.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  I   бөлiм. Жалпы ережелер                                   (1 -  5 баптар)
  II  бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының  (6 - 20 баптар)
             негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi                           
  III бөлiм. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына     (21 - 24 баптар)
             келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi              
  IV  бөлiм. Шетел азаматтарының жауапкершiлiгi.              (25 - 28 баптар)
             Болу мерзiмiн қысқарту қуып жiберу                        
  V   бөлiм. Қорытынды ережелер                               (29 - 31 баптар)
 
  • Показать изменения

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын ретке келтiру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I бөлiм. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1-бап Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар

  • Показать изменения

Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетел азаматтарының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібін айқындайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Жарлықта баяндалған ережелерден басқалары белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары азаматтығы жоқ адамдар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайының принциптерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, білімiне, тіліне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бірдей болады.

  • Показать изменения

Шетел азаматтарының өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен 4-бап толықтырылды; 16.03.01 ж. № 164-II; 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді

  • Показать изменения

4-бап Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетел азаматтары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi iстер органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап Баспана беру

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға баспана құқығын бередi.

Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi шешедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел

  • Показать изменения

азаматтарының негiзгi құқықтары,

бостандықтары және мiндеттерi

16.03.01 ж. № 164-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді

6-бап Еңбек қызметi және демалыс

  • Показать изменения

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгiленуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бір түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап Денсаулық сақтау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19.06.97 ж. № 134-I ҚР Заңымен 8-бап өзгертiлдi

  • Показать изменения

8-бап Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бір еңбек стажы талап етiлсе, шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

01.03.01 ж. № 160-II ҚР Заңымен 9-бап өзгертілдi

9-бап Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16.03.01 ж. № 164-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді

10-бап Білім алу

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей білім алуға құқылы. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында тегiн жоғары білім алуына шектеулер белгiленуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған тәртiпте, Қазақстан Республикасында білім алуына болады.

  • Показать изменения

Оқу орындарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқушылар мен студенттердiң құқықтарын иеленiп, мiндеттерiн орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мәдениет жетiстiктерiн пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткiштерiне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап Қоғамдық бірлестiктерге қатысу

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бірлестiктерден басқа қоғамдық бірлестiктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелерiне) қайшы келмейтiн болса, кiруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап Ар-ождан бостандығы

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей ар-ождан бостандығына кепiлдiк берiледi.

Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап Некелiк және отбасылық қатынастар

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына тұрғын үйiне, жеке басының ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

  • Показать изменения

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актілерімен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап Салықтар мен алымдар

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап Шетел азаматтарының құқықтарын қорғау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттік органдарға өтiнiш жасауға құқылы.

  • Показать изменения

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19-бап Сайлау құқығындағы шектеулер

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары өкiлдi және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатыса алмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20-бап Әскери мiндеттілікке қатынас

  • Показать изменения

Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

III бөлiм. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына

келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

21-бап Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу

  • Показать изменения

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң, олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтуiнiң ережелерiн осы Жарлық және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де актілері белгiлейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22-бап Қазақстан Республикасына келу

  • Показать изменения

Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келісімiнде өзгеше тәртiп белгiленбеген болса, шетел азаматтары қолданыстағы паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасына келе алады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасына келу шетел азаматына мына жағдайларда:

  • Показать изменения

а) мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне бола;

  • Показать изменения

б) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бірлiгi мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса;

  • Показать изменения

в) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни дұшпандықты өршiтетiн болса;

  • Показать изменения

г) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

  • Показать изменения

д) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса немесе сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныған болса;

  • Показать изменения

е) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуылған болса;

  • Показать изменения

ж) егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республиканың кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактілері анықталған болса;

  • Показать изменения

з) егер келу туралы өтiнiш жасалған кезде ол өзi жайында жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды тапсырмаған болса, рұқсат етiлмеуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi немесе жекеленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бұған арнайы уәкiлдiк алған өкiлдерi бередi.

  • Показать изменения

Қабылдаушы тараптардың шақырулары және егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған органдарының рұқсаттары виза үшiн негiз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23-бап Қазақстан Республикасынан кету

  • Показать изменения

Шетел азаматтары қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келісімде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасынан кету шетел азаматына мына жағдайларда:

а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;

  • Показать изменения

б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;

  • Показать изменения

в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;

  • Показать изменения

г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша рұқсат етiлмейдi.

  • Показать изменения

Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24-бап Транзиттiк жүрiп өту

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өтушi шетел азаматтары белгiленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасынан кетудiң шекаралық мекенiне транзиттiк жүрiп өту ережелерiн сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттік органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттiк визаларында көрсетiлген мекендерде ғана аялдай алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

IV бөлiм. Шетел азаматтарының жауапкершiлiгi.

Болу мерзiмiн қысқарту қуып жiберу

  • Показать изменения

25-бап Құқық бұзғандық үшiн жауапкершiлiк негiздерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк және басқа құқық бұзған шетел азаматтарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26-бап Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртібін сақтамаған, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

  • Показать изменения

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған шетел азаматына оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16.03.01 ж. № 164-II; 10.11.01 ж. № 255-II ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді

  • Показать изменения

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен қуып жiберу

  • Показать изменения

Шетел азаматы мына жағдайларда:

а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;

б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

  • Показать изменения

в) егер ол Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;

  • Показать изменения

г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актілерімен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.

  • Показать изменения

Қуып жiберу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдары қабылдайды. Шетел азаматы осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Кетуден жалтарушылар мұндай жағдайда прокурордың санкциясы бойынша ұсталуға және ықтиярсыз қуылуға жатады. Бұл орайда қуып жiберу үшiн қажет мерзiмге ұстап қалуға жол берiледi. Олар Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

V бөлiм. Қорытынды ережелер

  • Показать изменения

29-бап Осы Жарлықтың азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы

  • Показать изменения

Осы Жарлықтың ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

30-бап Осы Жарлықтың қолданылу аясын шектеу

  • Показать изменения

Осы жарлықтың ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

31-бап Осы Жарлықтың күшiне ену тәртібі

  • Показать изменения

Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев