<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.05.02 Ж. № 598 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 598 қаулысы

(2006.14.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

  • Показать изменения

1. Қоса берiлiп отырған Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн.

  • Показать изменения

2. Заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

  • Показать изменения

3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен:

  • Показать изменения

2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

  • Показать изменения

мемлекеттік тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.

  • Показать изменения

4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекітілген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн.

  • Показать изменения

5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:

  • Показать изменения

2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн.

  • Показать изменения

6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi № 51 өкімінде көрсетiлген мемлекеттік органдар:

  • Показать изменения

дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзсiн.

  • Показать изменения

7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Yкіметінiң 2002 жылғы

  • Показать изменения

30 мамырдағы № 598 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

  • Показать изменения

Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу

  • Показать изменения

ережесi

  • Показать изменения

Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес заң актілерін әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Жалпы қағидалар

  • Показать изменения

1. Заң жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай, тиiстi бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2005.03.11. № 1096 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Заң жобалары бойынша тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, криминологиялық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және тағы басқа) заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға байланысты жүргiзiлуi тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасының Yкіметі бастамашылық еткен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Заң жобалары ғылыми сараптамасының мiндеттерi

  • Показать изменения

5. Заң жобаларына ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:

  • Показать изменения

1) заң жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау;

  • Показать изменения

2) заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру;

  • Показать изменения

3) заң жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылымитехникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау;

  • Показать изменения

4) заң жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;

  • Показать изменения

5) заң жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау;

  • Показать изменения

6) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:

  • Показать изменения

1) заң жобалау базасын жетiлдiру;

2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;

  • Показать изменения

3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;

4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;

5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары;

  • Показать изменения

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;

  • Показать изменения

7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;

  • Показать изменения

8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;

  • Показать изменения

9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;

  • Показать изменения

10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;

  • Показать изменения

11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;

  • Показать изменения

12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу;

  • Показать изменения

13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар.

  • Показать изменения

Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары

  • Показать изменения

6. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.

  • Показать изменения

Жоба ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8. Сарапшының жоғары білімi және ғылыми сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми білімi және (немесе) ғылыми дәрежесi болуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасасылған азаматтық-құқықтық шартта немесе еңбек шартында белгiленедi.

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

10-1 Сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:

  • Показать изменения

заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзгенге дейiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Ғылыми сараптамалардың әр түрлiлiгi

  • Показать изменения

11. Заң жобалары бойынша кешендi, дербес, комиссиялық, қайталама және қосымша ғылыми сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Кешендi сараптама заң жобасын білімнiң түрлi салалары негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Дербес сараптама заң жобасын білімнiң бiр саласы негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Комиссиялық сараптаманы бiр мамандық сарапшыларының комиссиясы жүргiзедi.

  • Показать изменения

Қайталама сараптама осы мәселелер бойынша алдыңғы сараптама нәтижелерi жөніндегі сарапшы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Қосымша сараптама заң жобасына оны пысықтау нәтижесiнде тұжырымды өзгерістер енгiзiлген жағдайда жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру

  • Показать изменения

12. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын құжаттар

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2006.14.02. № 99 (бұр. ред. қара) 13-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

13. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасының көшiрмесiмен бiрге сарапшыға мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:

  • Показать изменения

заң жобасына түсiндiрме жазба (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде);

  • Показать изменения

заң жобасына салыстырмалы кесте, қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттік және орыс тілдерiнде);

  • Показать изменения

зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер.

  • Показать изменения

Сарапшының сұратуы бойынша Сараптаманы ұйымдастырушы сол сияқты заң жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге материалдарды да ұсынуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 14-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

14. алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Сараптама жүргiзу мерзiмдерi

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15. Ғылыми сараптама сарапшыға заң жобасы және оның материалдары ұсынылған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.

  • Показать изменения

Қажет болған ретте сараптаманы жүргiзу мерзiмi Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша заң жобасын пысықтаған жағдайда сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi

  • Показать изменения

16. Сарапшының мынаған құқығы бар:

  • Показать изменения

сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, соның iшiнде сарапшылық жұмыс жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша да барлық ақпаратты алуға;

  • Показать изменения

орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға;

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыретi шегіндегі өзге мәселелер бойынша да қорытындылар беруге;

  • Показать изменения

сараптаманы жүзеге асыру кезiнде оның орындалуына, егер шартта өзгесi көзделмесе, үшiншi тұлғаларды тартуға.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Сарапшы мынаған мiндеттi:

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық қорытынды беруге;

  • Показать изменения

өз күшiмен, өз есебiнен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi жоюға;

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушыға күтiлген нәтижелердi алу мүмкiн болмайтынын анықтағаны немесе одан әрi ғылыми сараптама жүргiзудiң орынсыздығы туралы дереу хабарлауға;

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушыға сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есеп беруге;

  • Показать изменения

ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсіне қатысты мәлiметтердiң, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерiнiң жасырын болуын қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Сараптамалық қорытынды

  • Показать изменения

18. Жүргiзiлген ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша сараптама жүргiзудiң мәнiсi жөнiнде сарапшылардың уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық тұжырымы болуы тиiс сараптамалық қорытынды жасалады.

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушыда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиiстi түсiндiрмелер беруi үшiн сарапшыға жүгiне алады не оған Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде қайталама сараптама жүргiзудi мiндеттей алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Сараптамалық қорытынды сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда оның аты-жөнi және оның құзыретiн көрсететiн деректер көрсетiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Сараптамалық қорытындыда мыналар көрсетiлуi тиiс:

  • Показать изменения

сараптама жүргiзген ұйым немесе адам;

  • Показать изменения

сараптама жүргiзiлген ғылым саласы;

  • Показать изменения

Сараптаманы ұйымдастырушы;

  • Показать изменения

сараптаманың мәнiсi мен мақсаттары, сарапшы алдына қойылған сұрақтар;

  • Показать изменения

заң жобасының атауы;

  • Показать изменения

заң жобасының арналуы;

  • Показать изменения

заң жобасының құрылымы;

  • Показать изменения

қойылған сұрақтарға негiзделген және толық жауаптар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Сараптама үшiн бiрнеше заң жобасы ұсынылған жағдайда сарапшы заң жобаларының әрқайсысы бойынша сараптама жүргiзедi және қорытынды жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды.

  • Показать изменения

Заң жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс.