<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы

 

Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер                                   (1 - 4 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің,            (5 - 7 баптар)

         Парламентінің және Үкіметінің қорғаныс

         саласындағы өкілеттіктері

  • Показать изменения

3-тарау. Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті     (8 - 11 баптар)

          атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың 

          және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

  • Показать изменения

4-тарау. Қорғанысты экономикалық                          (12 - 17 баптар)

  • Показать изменения

          жағынан қамтамасыз ету

  • Показать изменения

5-тарау. Қарулы күштер, басқа да әскерлер                 (18 - 27 баптар)

  • Показать изменения

          мен әскери құралымдар

  • Показать изменения

6-тарау. Соғыс кезі. Соғыс жағдайы. Жұмылдыру.            (28 - 31 баптар)

          Азаматтық қорғаныс. Аумақтық қорғаныс

7-тарау. Қорытынды ережелер                               (32 - 34 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) ұрысқа әзiрлiк - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзiмдерде өздеріне жүктелген мiндеттердi орындауға дайындығының дәрежесiн айқындайтын жағдай;

  • Показать изменения

2) ұрыс қимылдары - әскери бөлiмдердiң, құрамалар мен бөлiмшелердiң тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлiк мiндеттердi орындау кезiндегі ұйымдасқан iс-қимылдары;

  • Показать изменения

3) жауынгерлік мiндет - ұрыста (операцияда) белгiлі бiр мақсатқа белгіленген мерзiмде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

  • Показать изменения

4) Қарулы Күштердің түрi - мемлекеттің белгілi бiр салада (құрлықта, теңiзде, әуе кеңiстігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлiгi;

  • Показать изменения

5) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезiнде алға қойылған жауынгерлiк мiндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрiн қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс кимылдарын қоса алғанда) iс-қимылдар кешенi;

  • Показать изменения

6) соғыс уақыты - соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

  • Показать изменения

7) әскери мүлік - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілерi, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрi, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;

  • Показать изменения

8) соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкiндiгі көзделетін тұрақсыздық факторы;

  • Показать изменения

9) мемлекеттiң әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешуге тiкелей бағытталған Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;

  • Показать изменения

10) соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдiстерiмен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына (соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;

  • Показать изменения

11) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;

  • Показать изменения

12) әскери бөлiм - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бiрлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;

  • Показать изменения

13) қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешенi, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;

  • Показать изменения

14) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатердi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;

  • Показать изменения

15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрi, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

  • Показать изменения

16) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

  • Показать изменения

17) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Iшкi істер министрлiгінiң ішкі әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдері, әскери прокуратура органдары;

  • Показать изменения

18) материалдық запастар - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілi бiр саны;

  • Показать изменения

19) пайдаланылмайтын әскери мүлік - қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепiлдi мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;

  • Показать изменения

20) жабдықтау нормалары - бейбiт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлiмшелерге, әскери бөлiмдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

  • Показать изменения

21) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

  • Показать изменения

22) қорғаныс объектiлерi - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтіліп берiлген жылжымайтын мүлiк;

  • Показать изменения

23) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттердi жедел шешу үшiн пайдалануға көлiк құрылыстарын, жол желiлерiн, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзiрлiкте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенi;

  • Показать изменения

24) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;

  • Показать изменения

25) әскерлер түрi - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсiлдерi бар Қарулы Күштердiң дербес не құрамдас бөлiгінiң құрамына кiретін түрi;

  • Показать изменения

26) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлiк, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерін орындау үшін құрылған әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер;

  • Показать изменения

27) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңiз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтiру жөнiндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсiптің, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың кiдiрiссiз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;

  • Показать изменения

28) соғыс кезi - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (ic жүзiнде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;

  • Показать изменения

29) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және коммуникацияларын қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі жүзеге асыратын iс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;

  • Показать изменения

31) тыл - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын әскери бөлімдер;

  • Показать изменения

32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзiрлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;

  • Показать изменения

33) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарақты қасиеттерiн пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтiру, сондай-ақ олардың компоненттерiн кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және

Қарулы Күштер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері

Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi:

1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттік шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;

2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;

3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;

4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;

5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;

6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу

1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;

2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;

3) құқықтық реттеуді;

4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;

5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;

  • Показать изменения

6) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламасын әзiрлеуді және iске асыруды;

  • Показать изменения

7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргізiлетін жалпы мемлекеттік iс-шаралар кешенін;

8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;

9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;

10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етуді;

12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;

  • Показать изменения

13) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді;

14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;

15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;

16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерін орындау үшін Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерiне бекітіліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ,

  • Показать изменения

ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС

САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі

1. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Президентi:

1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, қорғаныс мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекiтеді;

  • Показать изменения

3) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;

4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн, сондай-ақ әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтедi;

  • Показать изменения

6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi тарту туралы шешімдер қабылдайды;

  • Показать изменения

7) жоғары офицерлiк құрамның адамдары атқаруға тиiсті лауазымдар тiзбесiн бекітедi, жоғары әскери атақтар береді;

8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесін, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;

10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;

  • Показать изменения

11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;

12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;

13) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;

14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының Парламентi:

1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізедi;

2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

4) әскери атақтарды белгілейдi;

5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;

6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi

Қазақстан Республикасының Үкiметі:

  • Показать изменения

1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзiрлейді, Республиканың қорғаныс қабiлетін қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды iске асырады;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

3) Қорғаныс министрлігінiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлетті органды айқындайды;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекiтедi;

  • Показать изменения

6) қорғаныс өнеркәсiбінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;

  • Показать изменения

7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;

  • Показать изменения

8) жоғары оқу орындарындағы Әскери даярлық туралы ереженi бекiтедi;

  • Показать изменения

9) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiнiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;

  • Показать изменения

10) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) жабдықтау нормаларын және материалдық запастардың санаттарын бекiтедi;

  • Показать изменения

12) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтердi қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртібін белгілейдi;

  • Показать изменения

13) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылық жасауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

14) қорғаныс мақсатында Республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

15) Әскери міндеттілер мен шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртібі туралы ереженi бекiтедi;

  • Показать изменения

16) Әскери-көлiктік мiндеттілік туралы ереженi бекiтедi;

  • Показать изменения

17) Әскери басқарудың жергілікті орындары туралы ереженi бекітеді;

  • Показать изменения

18) әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға тиісті әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;

  • Показать изменения

19) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;

  • Показать изменения

20) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшін беру және пайдалану тәртібін белгілейдi;

  • Показать изменения

22) пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерiн мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібiн белгілейді;

  • Показать изменения

23) әскери ынтымақтастық және үкiметаралық келісімдерге қол қою мәселелерi бойынша халықаралық келiссөздер жүргізу туралы шешiмдер қабылдайды;

  • Показать изменения

24) қорғаныс мұқтаждары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн белгілейдi;

  • Показать изменения

25) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;

  • Показать изменения

26) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнімдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

27) Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ

АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ

ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ

8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары

Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:

  • Показать изменения

1) саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөніндегі қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейді;

  • Показать изменения

4) ел аумағын жедел жабдықтау жөнiндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;

6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары

Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

  • Показать изменения

1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;

2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;

3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;

4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

5) жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында әскери мiндеттілерге брон белгiлеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;