<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.31.01. № 168 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

“Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 Қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358; 2005.28.06. № 643  Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2007 ж. 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Қоса берiлiп отырған:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;

  • Показать изменения

Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібi туралы нұсқаулық бекітілсiн.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.

  • Показать изменения

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап бiр ай өтiсiмен күшiне енедi.

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Қ. Тоқаев

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

  • Показать изменения

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 168 қаулысымен

  • Показать изменения

БЕКIТIЛГЕН

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

  • Показать изменения

Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі

  • Показать изменения

НҰСҚАУЛЫҚ

 

Нұсқаулық  "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді.

Осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 Қаулысын қара

.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 168 қаулысымен

  • Показать изменения

БЕКIТIЛГЕН

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің

  • Показать изменения

Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану

  • Показать изменения

арқылы iс жүргізу жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

 

ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен нұсқаулық алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 168 қаулысымен

  • Показать изменения

БЕКIТIЛГЕН

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

  • Показать изменения

Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы

  • Показать изменения

органдарда құжаттардың орындалуын

  • Показать изменения

бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

 

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде

 

  • Показать изменения

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінiң кесiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Президенттiң, Президент Әкiмшiлiгi Басшылығының, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар) орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы ?кіметінің Регламентiне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмiн бақылау жөнiнде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртібінiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жүйелi түрде хабарлап отырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрі - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды:

  • Показать изменения

Президенттiң Үкiметке тапсырма берiлген кесiмдерiн;

  • Показать изменения

Үкiметтiң қаулылары мен хаттамалық шешiмдерiн, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;

  • Показать изменения

Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының оларда орындалу мерзiмi көрсетiлген, соның iшiнде - "шұғыл" белгiсiмен немесе оны бақылауға алу туралы нұсқау болса, не "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.б. белгiлерi бар тапсырмаларын;

  • Показать изменения

Парламент депутаттарының сауалдарын бақылауға қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшiн Кеңсе Басшысы бекiткен осы бөлiмшелер мен олардың функционалдық мiндеттерi туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрi - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне бекітіп берiледi.

  • Показать изменения

Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары осы бөлiмшеге бекітілген әрбiр бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетiн бөлiмшенiң қызметкерiн (бұдан әрi - орындаушы) айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенiң бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берiлген құрылымдық бөлiмшесi мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бақылау секторы (бұдан әрi - бақылау секторы) жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерi мен тапсырмаларынан басқа) орындалу мерзiмi нақты көрсетiлмесе, онда мұндай құжаттар тапсырма берілген күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi болса - он күн мерзiмде орындалады.

  • Показать изменения

Егер Мемлекет басшысының кесiмдерi мен тапсырмаларында нақты орындалу мерзiмi мен орындалуы үшiн жауапты адамдар белгiленбесе, онда орындалу мерзiмi мен орындаушыларды Президент Әкiмшiлiгi белгiлеуi және орындаушыларға жеткiзуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзгеше белгiленбесе, тапсырма берiлген күннен бастап екi апта мерзiмде орындалуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестiру жөніндегі жұмысты тапсырмада бiрiншi көрсетiлген құрылымдық бөлiмше не оның атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар бөлiмше жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

9. Егер бақылаудағы құжаттарда Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң құзыретiне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын тұтас бақылау бекітілген құрылымдық бөлiмше үш күндiк мерзiмде нақты тармақтарын орындау бекітілетiн Кеңсенiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен (әрбiр тармақ бойынша Кеңсенiң нақты құрылымдық бөлiмшесіндегі орындаушы мен орындау күнi көрсетiледi) келiседi және жасайды, оны Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiтедi. Бекiтiлген бекiменiң көшiрмелерi iске қосылған құрылымдық бөлiмшелерге, қызметтiк хат-хабар секторына  және бақылау секторына жiберiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекітудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.

  • Показать изменения

Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.

  • Показать изменения

10. Орындаушы Президенттiң және ?кіметтің бақылауға алынған әрбiр кесiмiне, Премьер-Министрдiң өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тiркеу-бақылау кәртiшкесiн толтырады.

  • Показать изменения

Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртiппен топталады:

  • Показать изменения

бақылаудағы кесiмнiң (қаулының, өкiмнiң) көшiрмесi;

  • Показать изменения

құжатты бақылаудан алу туралы анықтама;

  • Показать изменения

бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртiппен орналастырылады).

  • Показать изменения

Президенттiң кесiмдерiн, Үкiметтiң қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн орындау жөніндегі құжаттар бар iстер көшiрiлуi және олар толық шешiлiп, бақылаудан алынғанға дейiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сақталуы мүмкiн, одан кейiн мұрағатқа тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келiп түсетiн бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi бақылау секторына жiберіледi. Бұл ретте есептердiң төлнұсқалары құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекiтілiп берілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне, ал олардың көшiрмелерi Кеңсе Басшысымен (оның мiндетiн атқарушы тұлғамен) немесе оның тапсырмасымен бекiтілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлiмшелерге жiберіледi.

  • Показать изменения

Егер орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептердi белгiленген мерзiмде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi мемлекеттік органдар үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн орындалу мерзiмiнiң бұзылу себептерi туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрi орындалуы жөнiнде ұсыныс енгiзуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

12. Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауы үшiн жауапты Кеңседегi орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есептi алғаннан кейiн құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағының әрбiр бақылаудағы тармағы бойынша есептiң орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәнiне талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдауды жүргiзу мерзiмi олардың Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспауы тиiс.

  • Показать изменения

Келiп түскен ақпараттың негізiнде және талдау нәтижелерiне қарай орындаушы орындалу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей Басшылыққа:

  • Показать изменения

1) Президенттiң кесiмдерi мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы не орындау мерзiмiн ұзарту туралы, не құжаттарды Үкiметтiң және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру туралы Үкiметтiң Басшылығы немесе Кеңсесiнiң Басшысы (ол болмаса - оның мiндетiн атқарушы адамның) атынан Президенттiң Әкiмшiлiгiне белгiленген тәртiппен әзiрленiп, негізделген хат жобасын;

  • Показать изменения

2) үкiметтiк шешiмдер, хаттамалық шешiмдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң жұмыс бабындағы бақылауына көшiру үшiн талдау нәтижелерi бойынша анықтаманы және Басшылықтың тиiстi қарарының жобасын әзiрлеп, ұсынады.

  • Показать изменения

Көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi оларға Басшылық қол қойғаннан кейiн мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, соның iшiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсiмен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе "баяндалсын", "ұсыныс енгiзiлсiн" және т.с.с. белгiлерi бар құжаттар адресаттарға жiберiлуден бұрын мiндеттi түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа "БАҚЫЛАУҒА" немесе "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" мөртабанын қояды да, одан кейiн құжаттар нысанасына қарай жiберу үшiн қызметтiк хат-хабар секторына тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

14. Үкiмет мәжілістерi хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiскеннен кейiн бақылау секторы жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Премьер-Министрде өткен мәжілiс хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келісілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстары бойынша, ал Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен мәжілістердiң хаттамаларын Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келісілген ұсыныстар бойынша бақылау секторы жүзеге асырады. Бұл ретте Премьер-Министрде өткен мәжілiстер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына ақпаратты қағаз және магниттi (дискета) жеткiзгiштерде құрылымдық бөлiмшелер басшыларының (құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғалардың) қолы қойылып енгiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкiмет Бағдарламасын, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкiмет қаулыларының орындалуын бақылауды, тұтастай алғанда, Жиынтық талдау бөлiмi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Басшылықтың аймақтар әкiмдерiне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Аймақтық даму бөлiмi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Құпия құжаттардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң құпиялы iс жүргiзу секторы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Басшылықтың азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша тапсырмаларының мерзiмдерiн бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң азаматтардың хаттары мен қабылдау секторы жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

17-1. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап келесi жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғанда аяқталатын Мемлекет басшысының актілерi мен тапсырмаларын орындау туралы есептер (Президент Әкiмшілiгi Басшылығының тапсырмасына жауаптар) белгіленген тәртiппен дайындалуы және оларды Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Президент Әкiмшілiгiне жiберуi тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi Кеңсенiң Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргiзуге және бұзылуы анықталған фактiлер туралы шешiм қабылдау үшiн Басшылыққа баяндауға құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда

 

  • Показать изменения

19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрi сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының әзiрленуiне, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы үшiн жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

20. Тапсырмаларды бiрнеше мемлекеттік орган орындаған жағдайда атауының жанында "(шақыру)" белгiсi бар орган жауапты болып табылады. Ол қосарлы орындаушылармен келiскеннен кейiн ғана орындау мерзiмiн ауыстыру туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Бұл ретте, қосарлы орындаушылар оған шақыру бекітілген жауапты органға, егер тиiстi тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшiн белгіленген орындау мерзiмiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде өз ұсыныстарын енгiзедi.

  • Показать изменения

Ал, тапсырмада жауапты орындаушы белгiленбеген жағдайда, яғни "(шақыру)" белгісi болмаса, тапсырмада аталған барлық органдар тапсырма берушiге өз жауаптарын жiбередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшiн дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн ведомстволық бақылау қызметтерiмен оларда Басшылық тапсырмаларына сiлтемелердiң болуы, олардың ресiмделуiнiң дұрыстығы, сондай-ақ Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерi жобаларының мәтiндерiнде және оларда бекітілетiн iс-шаралар жоспарларында келiспеушiлiктердiң жоқтығы мәнiне келiсілуi (бұрыштама қойылуы) тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 20-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

20-2. Үкiмет мәжілістерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларындағы тапсырмаларды орындау туралы есептердi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгiленбесе, оларды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тиiстi хаттама келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Кеңсеге ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

20-3. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап келесі жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғандағы кезеңде аяқталатын бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсеге ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде ұсынылуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу және орындалу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi мен осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22. Президенттiң кесiмдерi мен Үкiметтiң шешiмдерiнiң орындалуы үшiн жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, егер көрсетiлген кесiмдер мен тапсырмаларда өзге мерзiмдер белгіленбесе, олар алынғаннан немесе ресми басылымдарда жарияланғаннан кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды iске асыру жөнiнде өз шешiмдерiн қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар, егер Мемлекет басшысы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi өзгеше белгiлемесе, екi апта мерзiмнен асырмай орындауы тиiс.

  • Показать изменения

Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Мемлекет басшысының және/немесе Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгінiң Басшылығы шешiм қабылдаған күннен бастап 25 күндiк мерзiмде орындайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының қарарлары бар Парламент депутаттарының сауалдарына жауап, сауал Кеңседе тiркелген күннен бастап, Кеңсеге 25 күндiк мерзiмде ұсынылады.

  • Показать изменения

Қалған құжаттар оларда не оларға тапсырмаларда көрсетiлген мерзiмдерде, ал нақты мерзiмi болмаса, бiр айлық мерзiмде орындалады. Мәтiнiнде "шұғыл" немесе "жеделдетiлсiн" белгiсi бар тапсырмалар 10 күн iшiнде орындалады, ?кімет шешiмдерiнiң жобаларын қосымша келiсу жағдайларынан басқа, орталық атқарушы органдарда оларды келiсу мерзiмi үш күннен аспауы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24. Бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер бар, Кеңсеге жiберiлетiн хаттарда мiндеттi түрде құжаттың нақты тармағы көрсетiлiп, (егер бар болса) тiркеу нөмiрiне (Кеңсенiң шығыс нөмiрi) сiлтеме болуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Премьер-Министрдiң Кеңсесiне:

  • Показать изменения

1) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне атқарушылық тәртiп және бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлі нақты лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпаратты;

  • Показать изменения

2) бақылаудағы құжаттарды орындауға белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн әрбiр бақылаудағы құжаттың немесе оның нақты тармағының нақты орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты ұсынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

  • Показать изменения

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 168 қаулысымен

  • Показать изменения

БЕКIТIЛГЕН

 

  • Показать изменения

Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың

  • Показать изменения

орындалуын бақылау тәртібі туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

 

  • Показать изменения

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнің "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне (бұдан әрi - Кеңсе) келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібін реттейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Азаматтардың келiп түскен өтiнiштерi олар Кеңсеге келiп түскен күнi белгiленген нысандағы есеп кәртiшкесi (1-қосымша) бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң хат және азаматтарды қабылдау секторында (бұдан әрi - хат және азаматтарды қабылдау секторы) тiркеледi. Өтiнiштiң бiрiншi бетiне: жеке өтiнiштер үшiн - автордың тегiнiң бастапқы әріпі мен өтiнiштiң реттiк нөмiрiнен (мысалы: А-1780), ұжымдық өтiнiштер үшiн - К/Е индексiнен, нөмiрi мен күнiнен тұратын тiркеу индексi көрсетiлетiн мөртабан қойылады. Күнiн көрсету мынадай ретпен жүргiзiледi: күнi, айы, жылы (мысалы, 01.01.2000 ж.). Тiркеу индексi бiр мезгiлде кiрiстiк әрi шығыстық болып табылады және өтiнiштер бойынша барлық жауап осы нөмiрмен тiркеледi. Осыдан кейiн хаттың сипатына қарай коды қойылады. Одан әрi хатқа, қисынды қысқа болуы, ұсыныстың, өтiнiштiң не шағымның мазмұнын көрсетуi тиiс аннотация жасалады. Бұл ретте есеп кәртішкесіндегі жазба хатты қарауға жолдаудың тиесiлiлiгін негiздеуi қажет.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Хат және азаматтарды қабылдау секторында Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының (бұдан әрі - депутаттар) қоса азаматтардың хаттары тiркелiп, оларды қарау туралы өтінімi бар жазбаша өтініштерi ғана тiркеледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Егер бiрiншi хатты тiркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзiмi аяқталса немесе өтiнiш беруші өзiнiң хаты бойынша шешiм қабылданғанмен келiспесе, сол адамнан сол бiр мәселе бойынша келiп түскен хат қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлi мәселелер бойынша хаттары бастапқы болып саналады.

  • Показать изменения

Олар бойынша авторға толымды жауап берiлген сол бiр мәселе бойынша көп мәрте келген хаттар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

  • Показать изменения

Автор күнтiзбелiк бiр жылдың iшiнде сол бір мәселенi қоятын қайталама өтiнiштерге "екiншi", "үшiнші" деп және одан әрi көрсетiле отырып, бастапқы өтiнiштiң тiркеу нөмiрi қойылады, ал "қайталама" деген белгісi бар есеп кәртiшкесi бастапқысы мен бiрге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтiнiштерге оның алдындағы өтiнiштердi қарау материалдары қосып қойылады.

  • Показать изменения

Кеңсенiң хат және азаматтарды қабылдау секторында немесе құрылымдық бөлiмшелерiнде толымды жауаптары бар бұрын қаралған қайталама хаттар қосымша қарауға жатпайды, өтiнiш берушiге бес күндiк мерзiмде бұл туралы хабарланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Хаттар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрi - Басшылық) баяндалады немесе хат және азаматтарды қабылдау секторы алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне бередi не олардың құзыретiне сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге да органдардың атына жолдайды.

  • Показать изменения

Азаматтар хаттарын Кеңсенiң бір құрылымдық бөлiмшесiнен екiншiсiне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп кәртiшкесiнде тиiстi белгi жасалып, хат және азаматтарды қабылдау секторы арқылы жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Азаматтардың өтiніштерi орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшiн Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушiсi немесе оның орынбасары қол қойған iлеспе хатпен бірге дереу жiберiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Азаматтардың хаттары Басшылықтың оларға тапсырмаларымен бiрге тиiстi орындаушылардың мекен-жайына жiберiлер алдында хат пен тапсырмалардың түпнұсқалары хат және азаматтарды қабылдау секторына берiледi, ал қажет болған жағдайда оларды бақылауға алады.

  • Показать изменения

Хат және азаматтарды қабылдау секторы Басшылықтың азаматтардың хаттарына Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететiн "баяндалсын", "хабарласын" деген және басқа да нақты мерзiмдерi көрсетілген белгісi бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте хаттар мен кәртiшкелерге "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жауаппен бiрге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне жiберiлген хаттардың орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледi.

  • Показать изменения

Егер хатты қарау Кеңсенiң бiрнеше құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырылса, онда қарарда бiрiншi көрсетiлген не атауының тұсында "(шақыру)" деген белгi тұрған бөлiмше орындалуын бақылау үшiн жауапты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Басшылық нұсқауы бойынша хатты қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хат есеп кәртiшкесiнiң тыс жағына хат және азаматтарды қабылдау секторы бұл туралы белгi қояды және компьютерлік дерекқорға тиiстi түзету енгiзiледi.