<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

(2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 19 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

I. Жалпы бөлiм                                             (1 - 50 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер                                    (1 - 9 баптар)
2-тарау. Сайлау органдары                                  (10 - 20 баптар)
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi                   (21 - 23 баптар)
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi                  (24 - 26 баптар)
5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт                             (27 - 32 баптар)
6-тарау. Сайлауды қаржыландыру                             (33 - 36 баптар)
7-тарау. Дауыс беру тәртібі                                (37 - 42 баптар)
8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау                 (43 - 46 баптар)
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi                 (47 - 50 баптар)
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып           (50-1 - 50-9 баптар)
           сайлау өткізудiң ерекшелiктерi
II. Ерекше бөлім                                           (51 - 133 баптар)
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы     (51 - 68 баптар)
11-тарау. Республика Парламентi Сенатының                  (69 - 84 баптар)
          депутаттарын сайлау
12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң                (85 - 100 баптар)
           депутаттарын сайлау
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының           (101 - 113 баптар)
          сайлауы
14-тарау. Қазақстан Республикасының жергiлiктi             (114 - 127 баптар)
          өзiн-өзi басқару органдарына сайлау
15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер                   (129 - 133 баптар)
 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырып өзгертілді және кiрiспе алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заң Республика Президентінің, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжілісi, мәслихаттары депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткізу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Сайлау бостандығы

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

  • Показать изменения

1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 4-бап өзгертілді

  • Показать изменения

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

  • Показать изменения

1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Тең сайлау құқығы

  • Показать изменения

1. Сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр даусы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сайлаушылар Республиканың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Төте сайлау құқығы

  • Показать изменения

Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Жанама сайлау құқығы

1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Жасырын дауыс беру

  • Показать изменения

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді

  • Показать изменения

9-бап. Сайлау жүйелерi

  • Показать изменения

1. Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

  • Показать изменения

1)

2) мыналар:

  • Показать изменения

- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

  • Показать изменения

- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

  • Показать изменения

1)

  • Показать изменения

2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Сайлау органдары

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

  • Показать изменения

3) округтiк сайлау комиссиялары;

4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.

  • Показать изменения

Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.

  • Показать изменения

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

  • Показать изменения

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

  • Показать изменения

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

  • Показать изменения

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.

  • Показать изменения

Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

  • Показать изменения

1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімi болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 12-бап өзгертілді

  • Показать изменения

12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi Орталық сайлау комиссиясы:

  • Показать изменения

1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;

2) Президент пен Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етедi;

  • Показать изменения

2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

  • Показать изменения

3) Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерiн құрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

3-1) алынып тасталды

  • Показать изменения

4) сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;

  • Показать изменения

5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық-ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртібін, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

  • Показать изменения

9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады.

10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

  • Показать изменения

15) мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

  • Показать изменения

16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжілісi мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды;

  • Показать изменения

16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;

  • Показать изменения

16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;

16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;

  • Показать изменения

16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Аумақты сайлау комиссиялары:

  • Показать изменения

1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;

2) жетi адамнан құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 14-бап өзгертілді

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

  • Показать изменения

4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

  • Показать изменения

5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

  • Показать изменения

6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;

  • Показать изменения

7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;

  • Показать изменения

10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 15-бап өзгертілді

  • Показать изменения

15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары

  • Показать изменения

1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде Парламент Мәжілісiнің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

  • Показать изменения

Округтiк сайлау комиссиясы:

  • Показать изменения

1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) Парламент Мәжілісi және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;

  • Показать изменения

3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;

  • Показать изменения

4) алынып тасталды

  • Показать изменения

5) Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;

  • Показать изменения

6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;

  • Показать изменения

7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

8) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiк аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

  • Показать изменения

9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

  • Показать изменения

10) қайта дауыс беру, қайта сайлау және Парламент Мәжілісiнiң шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

  • Показать изменения

11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;

12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді

  • Показать изменения

17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары

  • Показать изменения

1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.кешiктiрiлмей

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

  • Показать изменения

1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;