<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ 30.03.95 Ж. № 2155 ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж.
30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

 1    Тарау. Жалпы ережелер                                       (1 -  6 баптар)
 2    Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттi,                  (7 -  8 баптар)
             функциялары және өкiлеттiктерi
 3    тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы                   (9 - 11 баптар)
             және резервтері
 4    Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары.    (12 - 20 баптар)
             Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті
 5    Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік                (21 - 28 баптар)
           өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
 6    Тарау. Ақша-кредит саясаты                                  (29 - 37 баптар)
 7    Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi                      (38 - 47 баптар)
 8  I тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру                (48 - 51 баптар)
 9    Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары               (52 - 54 баптар)
 10   Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық        (55 - 60 баптар)
            қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық
            құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
 11   Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау  және              (61 - 64 баптар)
             қадағалау функциялары
 12   Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi                 (65 - 68 баптар)
 13   Тарау. Қорытынды ережелер                                   (69 - 74 баптар)
 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1 Тарау. Жалпы ережелер

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді

  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келісімдердi) басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.06.98 ж. № 236-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 2005.08.07. № 69-III  (бұр. ред. қара)  Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi

3-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің есептiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келісімiмен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекітуi;

Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуi;

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілері

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк актілері - "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 5-бап алынып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді

  • Показать изменения

2 тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты,

мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты мен

мiндеттерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  • Показать изменения

1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III  (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi

  • Показать изменения

8-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары

  • Показать изменения

Қазақстанның Ұлттық банкi:

  • Показать изменения

а) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.

  • Показать изменения

б) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетедi;

  • Показать изменения

в) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

г) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

  • Показать изменения

д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртібін айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

е) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

е-1) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.

  • Показать изменения

з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;

  • Показать изменения

з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

  • Показать изменения

и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

  • Показать изменения

и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

  • Показать изменения

и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге рұқсат бередi;

  • Показать изменения

к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

  • Показать изменения

к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

к-2) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнінде статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді және оны жинауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

л-2) уәкiлеттi органмен келісім бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;

  • Показать изменения

л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келісім бойынша белгiлейдi;

  • Показать изменения

м) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;

  • Показать изменения

н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;

  • Показать изменения

н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы;

  • Показать изменения

о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттік қорын құрайды;

  • Показать изменения

п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;

  • Показать изменения

р) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;

  • Показать изменения

p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;

с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;

  • Показать изменения

т) мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

  • Показать изменения

у) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;

у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;

  • Показать изменения

у-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

  • Показать изменения

у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

у-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;

  • Показать изменения

у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

  • Показать изменения

у-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;

  • Показать изменения

у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;

  • Показать изменения

у-12) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

ф) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың атауы жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы

және резервтері

11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III  (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi

  • Показать изменения

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің кiрiсi

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына және алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудың iске асырылған кiрiсi сомасына азайтылған бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.