<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 7 МАМЫРДАҒЫ № 518 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 2 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:

2-тармақта:

екiншi абзац «судьялар болып жұмыс iстеген адамдар» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар)» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

«Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.«;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тармақта:

екiншi абзацта:

2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;

8) тармақшада «адвокаттық қызметпен айналысу құқығына» деген сөздер алынып тасталсын;

үшiншi абзацта «2), 4)» деген сандар алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-тармақта "ай сайын" деген сөздер "қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшаларда:

"Заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______" деген жол алынып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 60-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Адвокаттық қызметтi лицензиялау адвокаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдардың мыналардан мiндетті түрде өтуi туралы біліктілік талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:

1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - ӘАК) аттестациядан;

2) адвокаттар алқасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында адвокаттарда тағлымдамадан өтуi.";

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

"6-1. Осы Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талабы терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, прокурорларға, тергеушiлерге және анықтаушыларға қолданылмайды.

6-2. Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген біліктілік талаптары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген кезде мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустарға (мемлекеттік нотариустарға) қолданылмайды.";

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-тармақтың 3) тармақшасындағы "қоса ұсынылады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:

"4) адвокатта тағлымдамадан өту туралы шарттың көшiрмесi;

5) адвокат тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысынан көшiрме немесе үзiнді;

6) тағылымдамадан ойдағыдай өткенi туралы тағылымдама жетекшiсi қол қойған және адвокаттар алқасының төралқасы бекiткен қорытынды;

7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;

8) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама.";

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-тармақтың 6) тармақшасындағы "қоса ұсынылады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

"7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;

8) бүкіл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын/тұрғылықты жерi бойынша берілген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама;

9) егер лицензия беруге бұрынғы мемлекеттік нотариус өтiнiш бiлдiрген жағдайда, атқарған қызметiнен босатылу себебi көрсетілген, не лицензияны беруге тағлымдамадан өту мерзiмi қысқартылған лицензиат өтiнiш бiлдiрген жағдайда, заңгер мамандығы бойынша стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi.";

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-тармақта:

2) тармақша "лауазымды адам" деген сөздерден кейiн "лицензиарға тапсырылғанға дейiн бiр ай бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:

"4) өтiнiш берушiнiң мемлекеттік нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әдiлет органының анықтамасы;

5) прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс iстеген прокурордың, тергеушiнiң не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметiнен босатылу себебiн қамтитын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д.Ахметов