<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2000 Ж. 30 ҚАРАШАДАҒЫ № 109-II ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II Қазақстан Республикасының Заңы
(24.12.01 ж. № 276-II; 14.02.03 ж. № 388-II; 08.05.03 ж. № 414-II;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

     1-тарау. Жалпы ережелер
     2-тарау. Бағалау қызметін жүзеге асырудың
              негіздемелері мен шарттары
     3-тарау. Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
     4-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
     5-тарау. Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу
     6-тарау. Қорытынды ережелер
 

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) тапсырыс берушi - бағалаушының қызметтерiн тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;

1-1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге де құнын айқындау;

  • Показать изменения

2) өзге құн - нарықтық құннан басқа, бағалау объектiсiнiң өзге құны;

  • Показать изменения

3) бағалау әдiсi - бағалау объектiсiнiң нарықтық және өзге құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық сипаттағы iс-қимыл жиынтығы;

  • Показать изменения

3-1) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге құнын айқындау тәсілі;

  • Показать изменения

3-2) бағалау стандарттары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленетін және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер және сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше қайтара пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат;

  • Показать изменения

4) бағалау қызметi - бағалаушылар жүзеге асыратын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, бағалау объектiсiне қатысты белгiлi бiр күнге нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеуге бағытталған кәсiпкерлiк қызмет;

5) алып тасталды

6) бағалау туралы есеп - тапсырыс берушiге берiлетiн, бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижесi туралы бағалаушының уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және осы Заңның талаптарына сай келетiн жазбаша хабарламасы;

  • Показать изменения

7) бағалаушы - бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

8) қайтадан бағалау - бағалау қызметінің субъектілері арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу;

  • Показать изменения

9) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер - бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептердің пайдаланылатын амалдары мен әдістеріне, мазмұны мен нысанына талаптар белгілейтін актілер;

  • Показать изменения

10) нарықтық құн - мәмiле жасаушы тараптар бағалау объектiсi туралы мүмкiн болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, ал мәмiленiң бағасына қандай да болсын төтенше жағдайлар әсер етпейдi, яғни:

  • Показать изменения

мәмiле жасаушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен шығаруға, ал екiншi бiр тарап сатып алуға мiндеттi болмайды;

  • Показать изменения

мәмiле жасаушы тараптар мәмiле нысанасы туралы жақсы хабардар бола отырып, өз мүдделерiне сай әрекет жасайтын болады;

  • Показать изменения

мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн берiлетiн ақшалай сыйақының эквивалентi болып табылады және мәмiле жасаушы тараптарға қандай да болсын тараптан мәжбүрлеу болмайды;

  • Показать изменения

11) бағалау қызметiнiң мақсаты - бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12) уәкілетті орган - бағалау қызметін лицензиялауды және бақылау функцияларын, сондай-ақ реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

13) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал рыноктық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3-бап. Бағалау қызметінің негізгі принциптері

Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері

  • Показать изменения

Бағалаушылар, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар бағалау қызметінің субъектілері болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

5-бап. Бағалау объектiлерi

  • Показать изменения

Бағалау объектiлерiне:

1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз мүлiктер;

  • Показать изменения

2) тұлғаның мүлкiн, оның iшiнде мүлiктiң белгiлi бiр түрiн (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы;

3) меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар;

4) мiндеттеменi (борышты) талап ету құқығы;

5) жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;

6) интеллектуалдық меншік құқығының объектілері;

7) азаматтық құқықтардың өзге де объектілері жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Бағалау түрлерi

1. Мiндеттi және бастамашылық бағалау - бағалау түрлерi болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес:

  • Показать изменения

1) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн;

2) жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшiн;

  • Показать изменения

3) ипотекалық кредит беру үшiн;

4) меншiк иесiнен мүлiктi мемлекеттік қажеттерге сатып алу және алып қою үшiн;

5) борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысы жүргiзген бағалауға қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын анықтау үшін;

6) мемлекеттік меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн;

7) өзге де жағдайларда жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-1 тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2-1. Республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының ?кіметi айқындайтын мемлекеттік орган жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-2 тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2-2. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi балалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiкке билiк етуге уәкiлеттiгi бар орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Бастамашылық бағалау тапсырыс берушiге тиесiлi кез-келген бағалау объектiсiне бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес бағалау жүргiзу жөніндегі тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзу құқығы мiндеттi құқық болып табылады және мемлекеттік статистикалық есеп пен бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен есептiлiктi жүзеге асырудың заңдармен белгiленген тәртібіне тәуелдi емес.

Осы құқық бағалау объектiсiне қайтадан бағалау жүргiзуге де қолданылады. Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзудiң нәтижелерi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң деректерiн түзету үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

  • Показать изменения

Ескерту. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмаған мүлкiн салық салу үшiн бағалау жөнiнде қызмет көрсетуге тапсырыс берушi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Бағалау қызметін жүзеге асырудың

негіздемелері мен шарттары

14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгерді

7-бап. Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.

  • Показать изменения

Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Заң актілерінде көзделген жағдайларда объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны таңдауда дербес болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

8-бап. Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi талаптар

1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылуға тиіс:

1) тапсырыс беруші мен бағалаушының деректемелері:

жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұратын жері;

заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (почталық мекен-жайы), банктік деректемелері;

2) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі;

3) бағалау түрі;

4) бағалау объектісінің түрі;

  • Показать изменения

5) бағалау жүргізудің мерзімдері;

6) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;

7) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

8) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер;

9) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні).

Бағалау жүргізу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкін.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 9-бап өзгертілді (күшіне ену мерзімін қара) (бұр. ред. қара)

9-бап. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар

  • Показать изменения

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп бағалау туралы есеп жасалады, олардың бiрi - тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады.

  • Показать изменения

Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-орындаушы қол қояды, заңды тұлғаның басшысы бекітіп, мөрмен расталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуге тиіс:

1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда);

2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;

3) айқындалатын құнның түрі;

4) есеп жасаудың күні және бағалау жүргізудің күні;

5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы;

6) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдістері;

7) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;

8) нақты деректерді алу көздері көрсетіле отырып, бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын нақты деректер;

9) есеп негіздемесі;

10) бағалау нәтижесі;

11) жүргізілген бағалаудың нәтижесін толық және айқын түсіндіру үшін қажет өзге де мәліметтер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен; 10-бап өзгертілді

10-бап. Бағалаушының тәуелсiздiгi

1. Бағалаушы, егер:

бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса;

  • Показать изменения

бағалаушы заңды тұлғаның - тапсырыс берушiнiң акционерi, құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит берушiсi, дебиторы, сақтандырушысы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы - жеке тұлға тапсырыс берушi - жеке тұлғаның жақын туысы немесе жекжаты болып табылса, бағалауды жүргiзе алмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер бұл бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Бағалау жүргiзгенi үшiн бағалаушыға төленетiн ақының мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын құнына проценттiк қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келісімi бойынша жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бағалаушы көрсететін қызметтердің тұтынушылар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шарттарының бірі болып табылады.

  • Показать изменения

Бағалаушының бағалау жүргізу нәтижесінде келтірілген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Бағалаушының құқықтары мен міндеттері

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-бап. Бағалаушының құқықтары

1. Бағалаушының:

  • Показать изменения

1) бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бағалау әдiстерiн дербес қолдануға;

  • Показать изменения

2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық көлемiнде қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

3) тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктемелер мен қосымша мәліметтердi алуға;

4) қажет болған жағдайда бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға;

5) егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау объектiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етпеген жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға;

6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар.

Егер аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны есепте көрсетедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Бағалаушылар бағалаушылар палатасына және басқа да коммерциялық емес ұйымдарға бірігуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 11-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1-бап. Бағалаушылар палатасы

  • Показать изменения

1. Бағалаушылар палатасы нысанында құрылған заңды тұлға бағалаушылардың коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады. Бағалаушылар палатасы ерікті негізде, оның мүшелерінің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ бағалаушылардың бағалау қызметі туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауына жәрдемдесу үшін құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заң актілерімен, құрылтай құжаттарымен және жарғымен реттеледі. Бағалаушылар палатасы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Бағалаушы палатаның құрылтай құжаттарын және жарғысын мойындаған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Бағалаушылар палатасы қауымдастық (одақ) нысанындағы республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 11-2-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

11-2-бап. Бағалаушылар палатасының өкілеттіктері

  • Показать изменения

Бағалаушылар палатасы:

1) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді және қорғайды;

2) бағалаушылар қызметі мен оның даму үрдісін жан-жақты және объективті зерделеуді, қорыту мен талдауды жүзеге асырады;

3) бағалаушылардың бағалау қызметін жүзеге асыру негіздері мен шарттарын сақтауына жәрдемдеседі;

4) ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады;

5) бағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша консультация беру жұмысын жүргізеді;

6) мемлекеттік органдармен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;

7) басқа елдердің бағалаушылар ұйымдарымен және халықаралық бағалаушылар ұйымдарымен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;

8) кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында өзінің мүшелерін оқытуды ұйымдастырады;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

12-бап. Бағалаушының мiндеттерi

Бағалаушы:

  • Показать изменения

1) бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын сақтауға;

2) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың туындауы салдарынан бағалауды жүргiзуге өзiнiң қатысу мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге хабарлауға;

  • Показать изменения

3) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi бiр тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етуге;

4) уәкiлеттi орган өкiлiнiң және тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берiлген лицензияны көрсетуге;

  • Показать изменения

5) заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бiр тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;

6) объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге;

7) бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге;

8) бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;

9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттік органдардың заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

13-бап. Бағалаушының жауапкершiлiгi

Бағалаушы:

  • Показать изменения

1) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны;

2) мемлекеттік құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi;

  • Показать изменения

3) бағалаудың бұрыстығы;

4) бағалау өткізу үшiн өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпараттың сақталуы мен тұтастығы;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда мемлекеттік органдарға бағалау туралы есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен

міндеттері

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары

Тапсырыс берушiнiң:

1) бағалаушыдан бағалау жүргiзуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;

2) бағалаушының бағалау туралы есебi мен тұжырымдары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;

3) бағалаушыдан бағалау жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға;

4) бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

15-бап. Тапсырыс берушінiң мiндеттерi

Тапсырыс берушi:

1) бағалаушыға шартқа сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн жағдай жасауға;

2) бағалаушыға бағалауды жүргізу үшін қажет құжаттаманы, толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ қажетті түсініктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектісіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

3) егер бағалаудың дұрыстығына терiс ықпал ететiн болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;

  • Показать изменения

4) бағалаушының талабы бойынша бағалауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат алуға өз атынан үшiншi бiр тұлғалардың атына жазбаша сауал жiберуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 16-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

17-бап. Дауларды қарау

Бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалаушы мен тапсырыс берушінің арасында туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу

14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгерді

  • Показать изменения

18-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруды бақылау

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруды бақылауды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 27 мамырдағы № 572 қаулысын қараңыз

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

19-бап. Уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) бағалау қызметі саласында мемлекеттік реттеу және бақылау;

  • Показать изменения

2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорыту;

  • Показать изменения

3) өз құзыреті шегінде бағалау стандарттарын әзірлеуге, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін бағалау стандарттарын келісуге қатысу;

  • Показать изменения

4) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін бірдей жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету рыногындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

  • Показать изменения

5) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау;

  • Показать изменения

6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

7) бағалау қызметінің субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелерде консультациялық көмек көрсету;

  • Показать изменения

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн лицензиялау

  • Показать изменения

Бағалау қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 21-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. Қорытынды ережелер

ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

22-бап. Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев