<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Ветеринария туралы
2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

  • Показать изменения

 1-тарау. Жалпы ережелер                                      (1-3 баптар)

  • Показать изменения

 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу          (4-13 баптар)

  • Показать изменения

 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау                (14-24 баптар)

  • Показать изменения

 4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның  ішінде  

          жануарлар мен  адамға                               (25-32 баптар)

          ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою 

  • Показать изменения

 5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер 

          және ветеринария                                    (33-34 баптар)

          мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру

          жөніндегі қызмет

  • Показать изменения

 6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария 

          туралы заңдарды                                     (35-37 баптар)

  • Показать изменения

          бұзғаны үшін жауаптылық 

 
  • Показать изменения

Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - індет ошағы белгіленген аумақ;

  • Показать изменения

2) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;

  • Показать изменения

3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

  • Показать изменения

4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

  • Показать изменения

5) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама;

  • Показать изменения

6) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;

  • Показать изменения

7) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;

  • Показать изменения

8) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану;

  • Показать изменения

9) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды заңнамада белгіленген тәртіппен Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;

  • Показать изменения

10) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімі -  ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;

  • Показать изменения

11) ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;

  • Показать изменения

12) ветеринариялық препаратты байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, препарат әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;

  • Показать изменения

13) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі;

  • Показать изменения

14) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеруі;

  • Показать изменения

15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;

  • Показать изменения

16) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

  • Показать изменения

17) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

18) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;

  • Показать изменения

19) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және әдістемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды), олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;

  • Показать изменения

20) жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;

  • Показать изменения

21) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да өнімдер;

  • Показать изменения

22) жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

  • Показать изменения

23) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, сіңірілетін түрде құрамында қоректік заттар бар және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдік, жануар, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнімдер;

  • Показать изменения

24) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минерал заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын, органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;

  • Показать изменения

25) карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

  • Показать изменения

26) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар;

  • Показать изменения

27) сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;

  • Показать изменения

23) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

  • Показать изменения

29) эпизоотия - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;

  • Показать изменения

30) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;

  • Показать изменения

31) эпизоотия ошағы - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер

  • Показать изменения

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:

1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауіпсіздігіне және сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

  • Показать изменения

8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат

  • Показать изменения

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, сақтау және өткізу кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге мемлекеттік монополияны сақтауға;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;

  • Показать изменения

6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткізудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;

  • Показать изменения

7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өткізуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге;

  • Показать изменения

8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгiлеуге бағытталған.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретiне:

  • Показать изменения

1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау немесе бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн қабылдау немесе бекіту;

  • Показать изменения

5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын белгiлеу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық кіредi.

  • Показать изменения

7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:

  • Показать изменения

1) ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;

  • Показать изменения

4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары

  • Показать изменения

1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына:

  • Показать изменения

1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор", "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары" деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен

  • Показать изменения

оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

  • Показать изменения

Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне:

  • Показать изменения

1) ветеринария саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу;

  • Показать изменения

2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тiзбесiн әзiрлеу;

  • Показать изменения

4) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізудi) және пайдалануды жүзеге асыру;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық iс-шараларды, ветеринариялық ережелерді, ветеринариялық есеп пен есептiлiк нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту;

  • Показать изменения

9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10) ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

11) жануарлар аурулары бойынша iндет мониторингiн жүргiзу және iндет жағдайын зерделеу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткізудi, бақылауды, оларды тiркеу сынағынан өткізудi жүзеге асыру, сондай-ақ Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу;

  • Показать изменения

14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларға қорытындылар беру;

  • Показать изменения

15) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

16) мал шаруашылығы объектiлерiн және жануарларды өндiру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

  • Показать изменения

17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

18) басқа елдердiң ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар ел аумағындағы салауаттылық деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, баламалылығын тану;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

19) экспорттаушы елдiң ғылыми негiздемесi жеткiлiксiз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиiстi ақпараттың негiзiнде уақытша ветеринариялық шараларды енгізу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (

  • Показать изменения

20) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн анықтау, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру, оның өкiлдерiнiң осы аумақтарда инспекция жүргiзуге қол жеткізуiн қамтамасыз ету;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

21) жеткiлiктi ғылыми негiздемеге негiзделген және адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығына тигiзетiн салдарлары ескерiлген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетiн ветеринариялық нормативтердi әзiрлеу мен бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

23) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау кіреді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi

  • Показать изменения

жүзеге асыратын бөлiмшелерi

  • Показать изменения

1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы мынадай қызметтердi:

  • Показать изменения

1) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;

  • Показать изменения

2) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер құра алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар

  • Показать изменения

қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

  • Показать изменения

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:

  • Показать изменения

1) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;