<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.04 Ж. № 1460 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы

(2006.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

  • Показать изменения

1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат):

3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.

4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

А. Есімов

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1460 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Статистика

агенттiгi туралы ереже

  • Показать изменения

Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады.

  • Показать изменения

Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік саясатты жүргiзу және мемлекеттік статистиканы басқару;

  • Показать изменения

2) ғылыми әдiснама мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оны жетiлдiрудi қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығы мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

5) елiмiзде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және талдау.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Агенттiк туралы ереженi және оның жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.

  • Показать изменения

Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

  • Показать изменения

Агенттiк, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерi шеңберiнде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанында кесiмдер шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.

Агенттіктiң ведомстволық бағынысты ұйымдары бар, олардың тiзбесiн Үкiмет бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1290 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, «Министрліктер үйі»

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.

  • Показать изменения

Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Агенттiкке, Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгіленген тәртiппен мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Агенттіктiң негiзгi функциялары

мен құқықтары

  • Показать изменения

10. Агенттiктiң мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялары:

  • Показать изменения

1) статистика саласында мемлекеттік саясатты пысықтау;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі шараларды әзiрлеу;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу;

  • Показать изменения

4) статистикалық байқаулар бағдарламаларының жалпы мемлекеттік және ведомстволық бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

5) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы әзірлеу болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру;

  • Показать изменения

2) статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру;

  • Показать изменения

3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

5) заңды және жеке тұлғалар үшiн жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

6) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

7) елдiң және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және жандандыруды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

8) әрбiр шаруашылықтың есебiн жүргiзудiң және осы есептiң деректерiн тиiстi статистикалық көрсеткiштер өндiру үшiн пайдаланудың әдіснамалық басшылығын жүзеге асыру;

  • Показать изменения

9) Мемлекеттік статистикалық тiркелiмдi жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

  • Показать изменения

10) қолданыстағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізу;

  • Показать изменения

11) статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығару және тарату;

  • Показать изменения

12) ұлттық санақ өткізу;

  • Показать изменения

мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау саласында:

  • Показать изменения

1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың бастапқы есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

2) әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Агенттiк міндеттердi іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде:

  • Показать изменения

1) заңды тұлғалардан анық мемлекеттік статистикалық есептiлiктi статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлемдерде және мерзiмдерде өтеусіз алуға;

  • Показать изменения

2) заңнамада белгiленген жағдайларда жеке тұлғалардан статистикалық қорыту және талдау үшiн олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметi туралы анық ақпарат алуға;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ Мемлекеттік статистикалық тiркелiмдi жүргізу үшiн орындалатын функцияларға қарай оларда бар басқа да ақпаратты алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi өндiруге;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуге тартуға;

  • Показать изменения

5) шет елдердiң тиiстi мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен мемлекеттік статистиканың мiндеттерiне байланысты халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсімдерге қол қоюға;

  • Показать изменения

6) мемлекеттік статистиканы жетiлдiру мен қызметiн үйлестiрудiң неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен, олармен келісім бойынша ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық және сараптау кеңестерiн, сондай-ақ жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

  • Показать изменения

7) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткізуге;

  • Показать изменения

8) мемлекеттік статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;

  • Показать изменения

9) мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

  • Показать изменения

10) бейiндiк және өзге де тақырып бойынша статистикалық жұмыстар жүргiзуге, сондай-ақ статистикалық ақпаратты заңды және жеке тұлғаларға өткізудi жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік статистика жүйесiн дамыту және халықаралық стандарттарды енгізу проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруға;

  • Показать изменения

12) Агенттiкке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Агенттiктің мүлкi

13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Агенттiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Агенттiк өз бетiмен оған бекітіп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлдермен билiк етуге құқығы жоқ.

  • Показать изменения

Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

  • Показать изменения

16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Yкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта:

  • Показать изменения

1) бұйрықтар шығарады;

  • Показать изменения

2) өз орынбасарларының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

3) Агенттiктiң құрылымын және орталық аппарат пен аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

  • Показать изменения

7) Агенттiктiң құзыретiне енетiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

  • Показать изменения

21. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

  • Показать изменения

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1460 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң

мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары:

  • Показать изменения

1. Ақмола облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

2. Ақтөбе облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

3. Алматы облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

4. Атырау облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

5. Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

6. Жамбыл облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

7. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

8. Қарағанды облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

9. Қызылорда облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

10. Қостанай облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

11. Маңғыстау облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

12. Павлодар облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

13. Солтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

14. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы

  • Показать изменения

15. Астана қаласының статистика басқармасы

  • Показать изменения

16. Алматы қаласының статистика басқармасы

  • Показать изменения

Мемлекеттік мекемелер - ақпараттық-статистикалық орталықтар:

1. Ақмола облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

2. Ақтөбе облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

3. Алматы облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

4. Атырау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

5. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

6. Жамбыл облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

7. Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

8. Қарағанды облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

9. Қызылорда облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

10. Қостанай облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

11. Маңғыстау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

12. Павлодар облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

13. Солтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

14. Оңтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы

15. Астана қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы

16. Алматы қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

  • Показать изменения

№ 1460 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң

қарауындағы ұйымдардың

тiзбесi

  • Показать изменения

1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1460 қаулысына

қосымша

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

күшi жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесi

  • Показать изменения

1. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 98-құжат).

  • Показать изменения

2. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат) 4-тармағы.

  • Показать изменения

3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

  • Показать изменения

4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 299-құжат).

  • Показать изменения

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 337-құжат).