<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1999 Ж. 13 ШІЛДЕДЕГІ № 414-I ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы
жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының
1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы

(2006.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-тарау. Қорытынды ереже
  • Показать изменения

Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

2004.20.12 № 13-III Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем;

  • Показать изменения

1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;

  • Показать изменения

1-2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;

  • Показать изменения

2) ҚР 2006.04.07. № 148-III Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат

  • Показать изменения

Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және

төлеу тәртібі

3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.

2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.

3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Жәрдемақы құқығы бар азаматтар

  • Показать изменения

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін № 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтар:

еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;

  • Показать изменения

әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

  • Показать изменения

Жәрдемақыға құқық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-бап өзгертілді

  • Показать изменения

5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау

  • Показать изменения

1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталыққа береді.

  • Показать изменения

3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган тізбесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын құжаттар табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

  • Показать изменения

4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.

  • Показать изменения

Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.

  • Показать изменения

5. Жәрдемақы, барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, арыз берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен тағайындалады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III   (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2005.15.12. № 101-III    (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) ҚР  Заңдарымен   6-бап өзгертілді

6-бап. Жәрдемақы мөлшері

  • Показать изменения

1. Жәрдемақы тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

  • Показать изменения

2. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 31.05.02 ж. № 326 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Жәрдемақы төлеу

  • Показать изменения

Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.

  • Показать изменения

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.

  • Показать изменения

Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Қорытынды ереже

8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі

Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев