<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 МАУСЫМДАҒЫ № 683 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы

(2007.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы   енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352  қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)

 

  • Показать изменения

"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

  • Показать изменения

1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

  • Показать изменения

2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесi

  • Показать изменения

Осы Ереже "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеудің тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыдан - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдi жүргiзетiн заңды тұлға.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң

  • Показать изменения

тәртібі мен мерзiмi

  • Показать изменения

5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР  Үкіметінің  2007 жылғы 24 тамыздағы  № 736  Қаулысымен 6- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмысы, көрсеткен қызметi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдардың объектiсi болып табылады.

  • Показать изменения

Жұмыспен өзін өзі қамтыған адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) кірістерінен тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533  Қаулысымен  (бұр. ред. қара) ; 2005.30.06  № 662  Қаулысымен  (бұр. ред. қара) ;  2007.24.08  № 736  Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ  өзгертілді

  • Показать изменения

7. Жұмыс берушінің қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшілердiң, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және  өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзіледi.

  • Показать изменения

Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердiң, жеке меншiк нотариустар мен адвокаттардың шығыстарына қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін кiрiстер, оның iшiнде материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған кiрiсті қоса алғанда  кiрiсi жатады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар үшiн олардың алатын кiрiсi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте әлеуметтiк аударымдар есептеу үшiн ай сайынғы кiрiс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

  • Показать изменения

Арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн алынатын кiрiстің мөлшерi тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетiн ең төмен жалақы мөлшерiне теңестіріледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 8-тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8. Салық кодексінiң 144-бабының 1), 3), 10), 11), 15-17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшаларымен белгіленген кiрiстерден Қорға әлеуметтiк аударымдар төленбейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Қорға міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:

2005 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 1,5 пайызы;

  • Показать изменения

2006 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 2 пайызы;

  • Показать изменения

2007 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимi қолданылатын, жұмыспен өзін өзi қамтыған адамдар үшін, олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:

  • Показать изменения

2005 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызын;

  • Показать изменения

2006 жылдың 1 қаңтарынан - тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызын;

  • Показать изменения

2007 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 3 пайызын құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1449   Қаулыcымен ;  2005.31.05.  № 533 Қаулыcымен;  2007.24.08  № 736  Қаулысымен (бұр. ред. қара) 10 -тармақ  өзгертілді

  • Показать изменения

10. Төлеушiлер әлеуметтiк аударымдарды Қорға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi Орталық) арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.

  • Показать изменения

Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Заңды тұлғалар - арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шаруа (фермер) қожалықтары, арнайы салық режимін жеңілдетілген декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер есептеген әлеуметтік аударым сомалары Салық кодексінде көзделген мерзімдерде аударылды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен  11 -тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

11. Олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша: әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрi - ӘЖК),  салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған жылын; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңін (жылын, айын немесе айларын) қамтуы тиiс.

  • Показать изменения

Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда жеке тұлғаның ӘЖК алу үшiн тiркеу карточкасына толтырған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен  14 -тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

14. Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай немесе айлар) үшін  жүргізедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1449 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

16. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомасы үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 17-тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

17. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолдайды.

  • Показать изменения

Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 18-тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен  18 -тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

18. Салық органы төлеушiлерден міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшін көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң банктік шотында теңгемен ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндiріп алу салық органдары ұлттық валютамен  берген инкассалық өкімдер негізiнде төлеушінiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 178 қаулысымен 18-1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

18-1. Төлеушiнiң банктiк шоты болмаған немесе төлеушінің банктік шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы өндiрiп алуды қолма-қол ақшаға айналдырады.

  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қолма-қол ақша есебінен өндiрiп алу салық органының төлеушiден бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақшаны (оның iшiнде шетелдiк валютада) алуы танылады.

  • Показать изменения

Қолма-қол ақшаны алу мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындау үшiн салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша алу туралы актiмен ресiмделедi.

  • Показать изменения

Бұл ретте төлеушi салық органына осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес салық органы алған қолма-қол ақша сомасының шегiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

18-2. Төлеушiден алынған қолма-қол ақша, оларды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен Қорға аудару үшiн банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен  19 -тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

19. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы сомасын төлеу үшiн "төлем нысанасы" жолында - " кезең (жыл, ай немесе айлар)  үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмақыны" көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен  20 -тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

20. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімақы кезең (жыл, ай немесе айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Орталық өсiмақы сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22. Төлеушiнің Қорға артық төлеген әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банкiнің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеушi банкінің өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Қордың шотына артық аударылған:

  • Показать изменения

төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген әлеуметтік аударымдар;

  • Показать изменения

MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiм бөлiгіндегі қатысушылардың сомасында қателер жiберiлген:

  • Показать изменения

жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген, алушылар қайтаруға жататын;

  • Показать изменения

мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар төзiміндегі есептiк және механикалық қателер;

жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлер үшiн артық төленген әлеуметтік аударымдар қайтаруға жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24. Қатысушының кiрiсiне салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi.

  • Показать изменения

Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

25. Қорға аударылған қате төлемдердi қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық /қалалық) бөлiмшесiне бередi;

  • Показать изменения

олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;

  • Показать изменения

мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;

  • Показать изменения

Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың есептелу фактісiн тексередi, осы төлем жөніндегі барлық деректемелердiң растамасын қоса отырып, Қорға өтiнiш жiберіледi;

  • Показать изменения

Қор өтiнiшті өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн, ақшаны үш банктік күн iшiнде Орталықтың шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi;

  • Показать изменения

Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады;

  • Показать изменения

төлеушi әлеуметтік аударымдар сомасын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады;

  • Показать изменения

Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады;

  • Показать изменения

Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды хабардар етедi;

  • Показать изменения

Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмақыны, сондай-ақ Қордан қайтарымдарды аударуға салыстырып тексеру жүргiзіледi;

  • Показать изменения

Орталық күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне салық төлеушілердің тiркеу нөмiрлерi тұрғысынан өткен күн iшiнде келiп түскен тiзілiмдердi және қайтарылған қате есептелген әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн, сондай-ақ электрондық растауды ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

26. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк "Төлемдер және ақша аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

27. Қор келіп түскен және қайтарылған артық аударылған әлеуметтік аударымдардың есебiн жүргiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

28. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан (тұратын) жерi бойынша тiркеуiн ескере отырып, салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

29. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

30. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электронды немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен    (бұр. ред. қара)  1-қосымша өзгертілді

 

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

  • Показать изменения

есептеу ережесіне

1-қосымша

  • Показать изменения

"Мемлекеттік әлеуметтiк

  • Показать изменения

сақтандыру қоры" акционерлік

  • Показать изменения

қоғамының басшысына

  • Показать изменения

Өтiнiш

     __________________________________________________________________
      (әлеуметтiк аударымдар төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)
     "__" _____________ № _________________________ төлем тапсырмасымен
     ____________________________________________________________ атына
       (мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың
                      Т.А.Ә., ӘЖК  , СТН  көрсетiлсiн)
     аударылған қате (артық)  есептелген  әлеуметтiк  аударымдар  сомасын
қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы  сомасы  ______,  қайтару  сомасы Кейiннен төлемдермен түзету енгізу
     ____________________________________________
     __________________________________________________________________
       (қайтарым талап етiлетiн себеп көрсетiлсiн, мысалы, қызметкер
         жұмыстан босатылса, механикалық қате жiберiлсе, банк қате
                               жiберсе және т.б.)
     салдарынан мүмкiн емес.
           Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
 
     __________________________________________________________________
        (кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi
                                 көрсетiледi)
 
     Қосымшалар:    төлем    тапсырмасының    көшiрмесi,    сомасы    мен
деректемелерiнде  қате  жiберілген,  мiндеттi  әлеуметтік    сақтандыруға
қатысушылар  тiзiмiнің  көшiрмесi,  жұмыстан  босату  туралы    бұйрықтың
көшiрмесi.
 
Қолдар:
 
Басшы
 
Бас бухгалтер
 
M.O.
 
     Ескерту: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады
 
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.31.05.  № 533 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің  2007.24.08  № 736  Қаулысымен    (бұр. ред. қара)  2 -қосымша  жаңа редакцияда

 

 

 

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

  • Показать изменения

есептеу ережесіне

  • Показать изменения

2-қосымша Растау анықтамасы

 

  

  • Показать изменения

  (әлеуметтік аударымдар төлеушінің атауы)   |

  • Показать изменения

мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларында, олар үшін аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімінде қателіктер жіберілгенін растайды:

  • Показать изменения

                                             |

  • Показать изменения

Р/с

N

Төлем тапсыр-

масының N

Төлем тапсыр-

масының күні

Төлем тапсыр- масының жалпы сомасы

Референс

Т.А.Ә.

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  • Показать изменения

Бірінші басшы

  

                                    (қолы)

  

Бас бухгалтер (Т.А.Ә.)

  

                                     (қолы)

  

  кестенің жалғасы

  

  

  

  • Показать изменения

Туған күні

ӘЖК

СТН

Қате аударылған (теңге)

Аударылуға тиіс (теңге)

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  • Показать изменения

        |

                             (Т.А.Ә.)

        |

                             (Т.А.Ә.)

        |

 

  • Показать изменения

Мөр орны