<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.21.04. № 313 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысы

(2006.21.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитеттер) құрылсын.

  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2007.24.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2006.21.10. № 1014 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. ҚР Үкіметінің 2007.24.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 221-құжат) күші жойылды деп танылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:        1392

      ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты 657

      Ішкі әскерлер комитеті                                    225

      Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткi

      айналымын бақылау комитеті                                52

      Тергеу комитеті                                           125

      Криминалдық полиция комитеті                              146

      Әкімшілік полиция комитеті                                139

      Жол полициясы комитеті                                    48";

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті ведомстволары болады.";

12-тармақта:

1) тармақшаның он бірінші абзацындағы "әзірлейді және" деген сөздер алынып тасталсын;

2) тармақшаның бесінші, алтыншы, сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және жиырма төртінші абзацтары алынып тасталсын;

3) тармақшаның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтары алынып тасталсын;

4) тармақша алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 244-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"244. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 21 сәуірдегi

№ 313 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

Тергеу комитеті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу, сондай-ақ ішкі істер органдары үшін заңнамада белгіленген құзырет шегінде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық кесімдеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкін.

Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар нысанында нормативтік құқықтық кесімдер шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Комитеттің заңды мекен-жайы:

010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесі, 4.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті" мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

 

10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және ашу, сондай-ақ ішкі істер органдары үшін заңнамада белгіленген құзырет шегінде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастырады;

ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеуді және анықтауды, сондай-ақ әскери қылмыстар және әскери қызметшілер жасаған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;

ішкі істер органдары жүргізетін өңіраралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстарды тергеуді ұйымдастырады, қажет болған кезде өңіраралық тергеу топтарын құрады;

ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерге, облысаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстарға тергеу жүргізеді;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттері құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрауларын орындауды ұйымдастырады;

өз құзыреті шегінде азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын, лауазымды адамдардың арыздарын қарайды, олар бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылдайды;

Ішкі істер министрлігінің оқу орындарымен және басқа да мекемелерімен бірлесіп, алдын ала тергеуді және анықтауды жетілдірудің проблемаларын зерттеуді жүзеге асырады;

тергеу практикасы мен алдын ала тергеу және анықтау бөлімшелері, әскери-тергеу органдары жедел қызметтерінің қызметінің нәтижелерін талдайды, алдын ала тергеудің және анықтаудың сапасын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, жұмысты жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайды, ғылым мен техниканың жетістіктерін, оң, оның ішінде халықаралық тәжірибені практикаға енгізеді;

2) мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар:

әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмірінің, денсаулығының, ар-намысының, абыройының және мүлкінің қорғалуын бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Комитет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесімдер қабылдауға;

2) алдын ала тергеу және анықтау қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

4) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық ұйымдастыруға және өткізуге;

5) Комитеттің жанынан жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ алдын ала тергеуді және анықтауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдіктерді тартуға;

6) алдын ала тергеу мен анықтау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өткізетін отырыстар мен кеңестерге қатысуға;

7) өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру, сараптамалық, криминалистикалық қызметті, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен, сондай-ақ басқа министрліктермен, ведомстволармен, ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Комитеттің мүлкi

 

12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым құралдарынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікте өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Комитетке заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

 

15. Комитетті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Төраға Комитеттің қызметін ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерін жедел басқаруды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:

1) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Комитетті білдіреді;

2) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

3) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді және бұзады, сондай-ақ аумақтық, көліктегі ішкі істер органдарымен, әскери-тергеу органдары тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлерін қызметке тағайындауға және босатуға келісім береді;

4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери-тергеу органдары туралы ережелерді бекітеді;

5) белгіленген тәртіппен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жазаға тартады;

6) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық, көліктегі ішкі істер органдары және әскери-тергеу органдары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимін сақтауын ұйымдастырады;

8) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізеді;

9) белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жібереді;

10) Комитеттің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

 

18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 21 сәуірдегi

№ 313 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Тергеу комитетінің құрылымы

 

1. Басшылық

2. Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасы

3. Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасы

4. Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасы

5. Ұйымдасқан қылмыс туралы істерді тергеу басқармасы

6. Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы

7. Ауыр және мүліктік қылмыстарды тергеу басқармасы

8. Әскери қылмыстарды тергеу басқармасы

9. Әскери қылмыстар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы

10. Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасы

11. Бақылау-әдістеме басқармасы

12. Әкімшілік басқарма

13. Режимдік және ерекше күзетілетін объектілерде тергеуді ұйымдастыру бөлімi

14. Аса маңызды істер жөніндегі бас тергеушілер бөлімi