<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.19.07 № 692 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты»
мемлекеттік мекемесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Орталық заң шығару, атқарушы, сот органдарының, ұлттық компаниялар мен өзге де республикалық ұйымдардың қызметінде жасалған, жеткізгіштердің барлық түрлеріндегі құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету, Мемлекеттік органдардың электронды мұрағаттар жүйесін (МО ЭМЖ) пайдалану мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Мұрағат ісі саласындағы ұйымдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-2-жолмен толықтырылсын:

«14-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» ММ»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында:

  • Показать изменения

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген 7-бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;

«Ұлттық археография және мәліметтану орталығы

22»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты

70»;

«Спорт істері комитеті» деген кіші бөлім алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 14-бөліммен толықтырылсын:

«14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Спорт комитетi

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат

 

 

191

Кәркен Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат

 

248

Риддер қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат

 

112».

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов