<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.14.02. № 109 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай
мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 109 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында жалпы алаңы 763549,0 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесі және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0 гектар босалқы жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берілсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Ақтөбе облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:

1) мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

  • Показать изменения

1) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында:

  • Показать изменения

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлімде:

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты 307» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 99»;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:

«9-1. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі";

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

реттік нөмірі 16-жолдың 3-бағанында «348000» деген сандар «296000» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

 

"16-1   Ырғыз-Торғай   763549,0  Ырғыз     Қазақстан Республикасы

        мемлекеттік табиғи       ауданы    Ауыл шаруашылығы

        резерваты                          министрлігінің Орман

                                           және аңшылық

                                           шаруашылығы комитеті".

 

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                           2007 жылғы 14 ақпандағы

                                                № 109 қаулысына

                                                       қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақтөбе облысының

аумағындағы «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты»

мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін

жер учаскелерінің экспликациясы

 

Жердің санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары

Алаңы, га

Ырғыз ауданы

1) босалқы жер (жайылымдар, шабындықтар)

2) республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттік

табиғи қаумалының аумағындағы жер учacкeci

 

711549,0

52000,0

Барлығы

763549,0