<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.31.12. № 1469 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітілсiн.

  • Показать изменения

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1469 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесi

1. Жалпы ережелер

  • Показать изменения

1. Осы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде шетелдiктерге жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудiң тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат (бұдан әрi - Рұқсат) жануарлар дүниесiн пайдаланудың бекітілген алу лимиттерiне сәйкес мынадай түрлерiне:

1) аң аулауға;

  • Показать изменения

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүт қоректілерін қоса алғанда, балық аулауға;

  • Показать изменения

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

  • Показать изменения

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

  • Показать изменения

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалануға берiледi.

  • Показать изменения

Рұқсат жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн енгізiлген төлемге сәйкес, жануарларды алудың белгiлi бiр көлемiне (санына) берілуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру жөніндегі уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында, балық және басқа да су жануарларын қоспағанда - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi;

  • Показать изменения

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Рұқсат беру шарты мен тәртібі

  • Показать изменения

4. Уәкiлеттi орган пайдаланудың мынадай түрлерiне рұқсат береді:

  • Показать изменения

1) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

  • Показать изменения

2) жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға;

  • Показать изменения

3) жануарларды мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

  • Показать изменения

4) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалануға.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Аңшылық жүргізуге арналған Рұқсатты аңшылық шаруашылығы ұйымдарына тиістi уәкiлеттi органдарының аумақтық органдары олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде бередi. Аңшылық алқаптардың резервтiк қорында аңшылық жүргiзуге арналған Рұқсат беруді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Балық аулауға арналған Рұқсат балық шаруашылығы ұйымдарына тиiстi уәкiлеттi органның аумақтық органдары олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерiн алуға арналған Рұқсат тиiстi уәкiлеттi орган айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртібіне сәйкес берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Рұқсат алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлеріне орай тиiстi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына өтінім бередi.

  • Показать изменения

Өтiнiм нысанын тиiстi уәкiлеттi орган бекiтедi.

  • Показать изменения

Өтiнiмде:

  • Показать изменения

1) өтiнiм берушi туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін деректемелер, жеке тұлғалар үшiн паспорт деректері, шетелдiктер үшін қосымша - келу және кету күндерiн, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзiмi);

  • Показать изменения

2) жануарлар дүниесiн пайдалану түрі;

3) алу мақсаты;

  • Показать изменения

4) мекендейтiн ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiзбесi мен саны;

  • Показать изменения

5) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);

  • Показать изменения

6) алу мерзiмдерi;

  • Показать изменения

7) алу болжамдалған учаскенiң ауданы (аумағы) мен шекарасы;

  • Показать изменения

8) алу тәсiлдерi (аулау, ату, жинау) көрсетіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса тапсырылады:

  • Показать изменения

1) нотариалды куәландырылған құрылтайшы құжаттарының көшiрмесi немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн тиiсті мемлекеттік орган берген нотариалды куәландырылған құжаттар көшiрмесi (алғашқы өтiнiм кезінде);

  • Показать изменения

2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлегенi туралы төлем құжаты;

  • Показать изменения

3) жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға қатысушы адамдардың тiзiмi;

  • Показать изменения

4) ұстау, аулау қаруларының, жүзгiш құралдардың тізбесі;

5) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн алу жағдайындағы шешiмi;

6) берiлген рұқсат бойынша есеп (егер рұқсат бұрын берiлген жағдайда).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрiне байланысты осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа өтiнiмге қосымша мынадай құжаттар қоса берiледi;

  • Показать изменения

1) аң аулау мен балық аулауға (алғашқы өтiнiм кезiнде):

  • Показать изменения

облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

  • Показать изменения

балық аулауға арналған шарттың көшiрмесi;

  • Показать изменения

аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшiрмесі;

  • Показать изменения

балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың көшiрмесi;

  • Показать изменения

егер, жануарлар дүниесi объектiлерiн алу шетелдiктердiң қатысуымен жүргiзiлетiн болса - аңшылық шаруашылығы ұйымдарының аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасалған шартының көшiрмесi;

2) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға (алғашқы өтiнiм кезiнде):

  • Показать изменения

аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды пайдалана отырып шаруашылық қызметтi орындауға негiз беретiн құжат (нотариалды куәландырылған лицензия көшiрмесi және/немесе осы шаруашылық қызметiн орындауға арналған құқықты растайтын патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар);

  • Показать изменения

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды дәлелдейтін материалдар (биологиялық негiздеме, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы);

  • Показать изменения

3) жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға (алғашқы өтiнiм кезiнде):

  • Показать изменения

бейiндейтiн ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми зерттеу жұмыстары бағдарламасынан нотариалды куәландырылған үзіндiнiң көшірмесі;

  • Показать изменения

уәкілетті органның аумақтық органы бекiткен ихтиологиялық жұмыс жоспарының көшiрмесi (бақылаулық аулау кезiнде);

  • Показать изменения

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды дәлелдейтiн материалдар (биологиялық негiздеме, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы);

  • Показать изменения

ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты iске асыру кезiнде уәкiлеттi органмен жасалған шарттың көшiрмесi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Рұқсат беруден бас тартуға:

1) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердiң толық көлемде берiлмеуi;

  • Показать изменения

2) өтінімде көрсетiлген мәлiметтердiң сенiмсiздiгi;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы, негiз болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары өтiнiмдi және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 күн ішінде Рұқсат беруді жүргiзедi не дәлелденген бас тарту жiбередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Рұқсат өтiнiм берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу жорналына қол қоюмен беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берiлмейдi. Рұқсат, есепке алу және олар бойынша есеп беру нысанын тиiстi уәкiлеттi орган белгілейді.

  • Показать изменения

Егер, шарт ережесi бойынша балық аулау су тоғанының бірнеше балық кәсiпшiлiктерi учаскелерiнде жүзеге асырылған жағдайда Рұқсат иесiне уәкiлеттi органның аумақтық органында тiркелген әрбiр учаскеге уәкiлеттi органның аумақтық органы куәландырған Рұқсаттың көшiрмесi берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Рұқсатта:

  • Показать изменения

1) Рұқсатты берген уәкiлеттi органның аумақтық органының атауы;

  • Показать изменения

2) заңды тұлғаның атауы және оның жауапты адамының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты;

  • Показать изменения

3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрi;

4) алу мақсаты;

  • Показать изменения

5) алуға рұқсат берiлген жануарлар дүниесiнiң түрi немесе олардың тiршiлiк ету өнiмдері, саны (биомассасы);

6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);

7) алудың мерзімдері;

  • Показать изменения

8) алудың әдiстерi (аулау, ату, жинау және тағы басқа);

9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;

  • Показать изменения

10) жануарлар дүниесiн немесе олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн алу тәсiлдерi мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары;

  • Показать изменения

11) жануарлар дүниесiн объектiлерiн алуға қатысушы адамдардың саны;

  • Показать изменения

12) аңшы куәлiгiнiң берілген уақыты және нөмiрi (тек қана аң аулау мақсатындағы Рұқсатқа);

  • Показать изменения

13) төлемнiң төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленген төлем сомасы көрсетiледi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың түрлерiн пайдалануға арналған Рұқсат маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: қолданылатын жылы, жануардың бейнесi мен атауы, бiреуi үшiн төлем ставкасы көрсетiледi. Оларды пайдалануға Рұқсат маркалар нысанында болуы мүмкiн аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн тиiстi уәкілетті орган белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Рұқсат берудi тиісті уәкiлеттi органның аумақтық органы "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты есепке алу мен тіркеу" туралы арнайы жорналында тiркейдi.

  • Показать изменения

Жорналдың нысанын тиiсті уәкілетті орган бекітеді.

  • Показать изменения

Жыл бойы берiлген Рұқсаттар туралы жиынтық мәлімет уәкiлеттi органға беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Аң аулау және балық аулау объектiлерiне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған Рұқсаттардың әрекет ету мерзiмi Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бiр ай мерзiмде, оны пайдаланудың нәтижелерi туралы уәкiлеттi органға есеп берiледi.