<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.03.09. № 931 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың
тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 159; 2005.12.05. № 447 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 7 қазандығы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекітілсiн.

2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекітілген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 24, 302-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 1, 3-құжат).

4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысымен

Бекiтiлген

ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 159; 2005.12.05. № 447 қаулыларымен тізбе толықтырылды

 

Iшкi бақылау қызметтерін құру рұқсат етiлетiн

мемлекеттік органдардың тiзбесi

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшілiгiн жүргiзу жөніндегі комитет

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы

4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі

10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі

12. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

12-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.

13. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi

14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі