<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 31.08.95 Ж. № 2444 ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы

(2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 23 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  I Бөлiм    Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң   (1 -  59 баптар)
             негiздемесi  мен  шарттары 
    1-тарау. Жалпы ережелер                               (1 -  11 баптар)
    2-тарау. Банкiлердi құру                              (12 - 29 баптар)
    3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру                   (30 - 40 баптар)
    4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және             (41 - 52 баптар)
             депозиторлардың мүддесiн қорғау
    5-тарау. Есеп және есеп беру                          (53 - 56 баптар)
    6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген   (57 - 59 баптар)
             тұлғаларына аудит  
  II Бөлiм   Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту      (60 - 74-4 баптар)
           және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң   
             шарттары
    7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру            (60 - 61 баптар)
    8-тарау. Банкіні консервациялау                       (62 - 67 баптар)
    9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру     (68 - 74-4 баптар)
 III Бөлiм   Қорытынды ережелер                           (74-5 - 78 баптар)
    9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық  (74-5 - 74-9 баптар)
               үшiн жауапкершiлiк 
    10-тарау.  Қорытынды ережелер                         (75 - 78 баптар)
 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi, кіріспе алып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

I Бөлiм

  • Показать изменения

Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң

негiздемесi мен шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi

  • Показать изменения

1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

  • Показать изменения

2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттік тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

  • Показать изменения

3. Банкінің ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23  № 107-III  ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап жаңа редакцияда; 06.03.97. № 83-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ;  2007.19.02. № 230-III  (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) банк акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

  • Показать изменения

2) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар тобы:

  • Показать изменения

банк бас ұйым болып табылады немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылады;

  • Показать изменения

банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің, топтың жиынтық активтеріне топтың қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайды;

  • Показать изменения

банк бас ұйым болып табылмайды, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым бар.

  • Показать изменения

Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.

  • Показать изменения

Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банк және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк және оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;

  • Показать изменения

3) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:

  • Показать изменения

банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

  • Показать изменения

4) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

  • Показать изменения

5) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды  , сондай-ақ осы Заңда көзделген  қоспағанда) немесе:

  • Показать изменения

банктің дауыс беретін  акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

  • Показать изменения

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлға;

  • Показать изменения

6) бақылау - бір заңды тұлғаның мынадай шарттардың бірі:

  • Показать изменения

бір тұлғаның заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлға директорлар кеңесінің немесе басқармасының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігінің болуы;

  • Показать изменения

бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебіне қосқан кезде;

бір заңды тұлғаның шарттың (растайтын құжаттардың) күшімен не өзгеше түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі;

  • Показать изменения

7) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;

  • Показать изменения

8) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

  • Показать изменения

10) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

11) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы.

  • Показать изменения

12) жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не заңды тұлғалардың акцияларын иелену (акцияларымен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерімен) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі;

  • Показать изменения

13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2005.12.23  № 107-III  ҚР  Заңымен 2-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

  • Показать изменения

Банктің аффилиирленген тұлғалары - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілдi

3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

  • Показать изменения

Ұлттық Банкінің мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

  • Показать изменения

Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.

  • Показать изменения

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

4. алынып тасталды

  • Показать изменения

5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

  • Показать изменения

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

  • Показать изменения

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

  • Показать изменения

6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

4-бап. Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу

  • Показать изменения

Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келісімдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентінің Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23  № 107-III  ( бұр. ред. қара)  ҚР  Заңдарымен   5-бап өзгертілдi

5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым

  • Показать изменения

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде  не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара)  ;  2007.19.02. № 230-III  (бұр. ред. қара)   ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу

  • Показать изменения

1. уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:

  • Показать изменения

а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;

  • Показать изменения

б) 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

  • Показать изменения

2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттік органның,  кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде бекітілген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi

  • Показать изменения

1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.

2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттік банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттік банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

  • Показать изменения

Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III  ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап жаңа редакцияда ; 16.07.99 ж. № 436-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара);  2005.21.04. № 46-III ; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ( бұр. ред . қара) ;  2007.19.02. № 230-III  (бұр. ред. қара)   ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілдi

  • Показать изменения

8-бап. Банктер үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

  • Показать изменения

1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:

  • Показать изменения

1) қаржы ұйымдарының;

  • Показать изменения

2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғары санаты бойынша енгізілген қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғалардың;

  • Показать изменения

3) кредиттік бюролардың, ломбардтардың, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес арнайы ұйымдардың, лизингтік ұйымдардың, сондай-ақ айрықша қызмет түрі банктің операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті иелену және оны басқару болып табылатын ұйымдардың, банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың;

  • Показать изменения

4) заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың;

  • Показать изменения

5) осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғалардың;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың;

  • Показать изменения

7) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.

  • Показать изменения

Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың банкке тиесілі акциялар саны бір заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Банктің осы баптың 2-тармағы 1)-3), 6) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:

  • Показать изменения

1) 1), 3) және 7) тармақшаларда аталған ұйымдар үшін - банктің меншікті капиталының он бес процентінен;

  • Показать изменения

2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының он процентінен аспауға тиіс.

  • Показать изменения

Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылдаған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, бұл ретте акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан артық болмауға тиіс.

  • Показать изменения

Банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны:

  • Показать изменения

қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін - банктің меншікті капиталының алпыс процентінен;

  • Показать изменения

сақтандыру ұйымдары үшін - банктің меншікті капиталының қырық процентінен аспауға тиіс.

  • Показать изменения

Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:

  • Показать изменения

акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;

  • Показать изменения

банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Осы баптың 1-тармақта белгіленген тыйым салу:

  • Показать изменения

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;

  • Показать изменения

уәкілетті орган белгілеген рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:

  • Показать изменения

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;

  • Показать изменения

2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттерді сату;

  • Показать изменения

3) өз мүлкін сату;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)

  • Показать изменения

3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)

  • Показать изменения

3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;

  • Показать изменения

4) заем алушылардың кепілге қойған мүлкін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сату;

  • Показать изменения

5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;

  • Показать изменения

6) басқа тұлғалардың банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделерін, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру;

  • Показать изменения

7) банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді

9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

  • Показать изменения

1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.

2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерістер енгізудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

  • Показать изменения

Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкінің есебiнен нақтылауға құқылы.

  • Показать изменения

3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 10-бап өзгертілдi

10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)

  • Показать изменения

1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.

2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.