<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗДАҒЫ № 155 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
(тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысы

(2008.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 26 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат);

2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің міндетін атқарушы

К. Мәсімов

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2006 жылғы 14 наурыздағы

№ 155 қаулысымен

бекітілген

 

  • Показать изменения

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін

қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесi

 

1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:

мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет:

1) бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;

2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау;

3) мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу;

4) мұнайды темір жол цистерналарына құю;

5) мұнайды танкерлерге құю;

6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу;

7) мұнайды автоцистерналарға құю;

8) мұнайды сақтау;

9) мұнайды ауыстырып құю;

10) мұнайды араластыру.

  • Показать изменения

2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында:

  • Показать изменения

табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау;

  • Показать изменения

сұйылтылған көмірсутекті газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгізу шығыранына дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау;

  • Показать изменения

табиғи газды сақтау.

3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:

электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.

4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:

жылу энергиясын өндіру;

жылу энергиясын беру және бөлу;

  • Показать изменения

жылу энергиясымен жабдықтау;

  • Показать изменения

жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;

жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.

5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:

  • Показать изменения

электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.

  • Показать изменения

6. Магистральдық темір жол желілері саласында:

магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру;

жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;

  • Показать изменения

магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.

  • Показать изменения

ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Кірме жолдар саласында:

бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;

  • Показать изменения

бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.

  • Показать изменения

ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Аэронавигация саласында:

  • Показать изменения

әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

  • Показать изменения

әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

  • Показать изменения

ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара);

9. Порттар, әуежайлар саласында:

1) теңіз портының қызметтері:

теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;

кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;

ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

2) әуежайлардың қызметтері:

  • Показать изменения

әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;

  • Показать изменения

әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;

  • Показать изменения

жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру.

  • Показать изменения

10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтің осы түрлерін көрсетудің технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:

  • Показать изменения

байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосу:

  • Показать изменения

1) жергілікті деңгейде;

  • Показать изменения

2) аймақішілік және қалааралық деңгейде;

  • Показать изменения

3) қалааралық және халықаралық деңгейде;

мыналарды:

1) жергілікті телефон трафигін;

  • Показать изменения

2) аймақішілік телефон трафигін;

3) қалааралық телефон трафигін;

4) халықаралық телефон трафигін;

5) ұялы операторлар желісінен/желісіне телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының желісінен (желісіне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигін;

ҚР Үкіметінің 2006.13.10. № 994 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін.

11. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада:

  • Показать изменения

телефон кәрізін байланыс операторларына пайдалануға беру.

  • Показать изменения

12. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласында:

  • Показать изменения

су шаруашылығы жүйесінің қызметтері:

  • Показать изменения

1) тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу;

2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру;

  • Показать изменения

3) суды таратушы желілер арқылы беру;

  • Показать изменения

4) суды арналар арқылы беру;

  • Показать изменения

кәріз жүйесінің қызметтері:

  • Показать изменения

1) сарқынды суды бұру;

  • Показать изменения

2) сарқынды суды тазарту.

13. Почта байланысы қызметтері саласында:

почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері:

1) жай хаттарды жіберу;

2) жай почта карточкаларын жіберу;

3) жай бандерольдерді жіберу.