<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.10 № 937 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 937 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті акцияларының жалпы санының 26,46 пайызы мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамының 26,46 пайыз мөлшеріндегі және»»ҚазАвиаЛизинг» акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалау жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындағаннан кейін «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және «Астана-Қаржы» және «ҚазАвиаЛизинг» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

реттік нөмірі 21-28 «ҚазАвиаЛизинг» ЖАҚ деген жол алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-13-жол алынып тасталсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов