<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ (13.12.97 Ж. № 206-1)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ

(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ іс жүргізу КОДЕКСIНІҢ МӘТІНІН ҚАРА

 

ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997.13.12. № 207-1 Заңын қара

 

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «зерттеу үшін үлгілерді», «зерттеу үшін үлгілер», «зерттеу үшін алынған үлгілер», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгі», «сараптамалық зерттеу үшін үлгілер», «сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді», «сараптамалық зерттеудің үлгілері», «Сараптамалық зерттеу үшін дәрігердің немесе басқа маманның үлгілер алуы», «сараптамалық зерттеу үшін үлгі», «Сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер», «сараптамалық зерттеуге үлгілер» деген сөздер тиісінше «үлгілерді», «үлгілер», «Yлгілер», «Үлгі», «Yлгілерді», «Дәрігердің немесе басқа маманның үлгілер алуы», «үлгі», «Алынған үлгілер» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

     Жалпы бөлім
     1-бөлім. Негізгі ережелер                                  (1 - 56 баптар)
1-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары (1 - 7 баптар)
2-тарау. Қылмыстық процестiң мiндеттерi мен принциптерi         (8 - 31 баптар)
3-тарау. Қылмыстық iзге түсу                                    (32 - 38 баптар)
4-тарау. Ақтау, қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз    (39 - 47 баптар)
         iс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды өтеу
5-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу                        (48 - 53 баптар)
6-тарау. iс жүргiзу мерзiмдерi                                  (54 - 56 баптар)
     2-бөлім. Қылмыстық процеске қатысушы  мемлекеттік          (57 - 114 баптар)
     органдар мен тұлғалар
7-тарау. Сот                                                    (57 - 61 баптар)
8-тарау. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге  асыратын        (62 - 67 баптар)
         мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
9-тарау. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн   (68 - 81 баптар)
         құқықтар мен мүдделердi қорғап процеске қатысушылар
10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы  өзге де адамдар          (82 - 88 баптар)
11-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге  қатысудың         (89 - 97 баптар)
          мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық бiлдiру
12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн  (98 - 101 баптар)
         қамтамасыз ету
13-тарау. Өтiнiш жасау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi       (102 - 112 баптар)
          жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды
14-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдар туралы қорытынды  (113 - 114 баптар)
          ережелер
     3-бөлім. Дәлелдемелер және дәлелдеу                        (115 - 131 баптар)
15-тарау. Дәлелдемелер                                          (115 - 123 баптар)
16-тарау. Дәлелдеу                                              (124 - 131 баптар)
     4-бөлім. Іс жүргiзулiк мәжбүрлеу шаралары                  (132 - 161 баптар)
17-тарау. Сезiктiнi ұстау                                       (132 - 138 баптар)
18-тарау. Бұлтартпау шаралары                                   (139 - 155 баптар)
19-тарау. Іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiҢ өзге де шаралары         (156 - 161 баптар)
     5-бөлім. Қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер           (162 - 176 баптар)
20-тарау. Қылмыстық процестегi азаматтық талап                  (162 - 171 баптар)
21-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке   (172 - 174 баптар)
          ақы төлеу және шығындарды өтеу
22-тарау. Іс жүргiзу шығындары                                  (175 - 176 баптар)
 
Ерекше бөлім
     6-бөлім. Қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу     (177 - 289 баптар)
23-тарау. Қылмыстық iс қозғау                                   (177 - 190 баптар)
24-тарау. Алдын-ала тергеу жүргiзудiҢ жалпы шарттары            (191 - 205 баптар)
25-тарау. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту                      (206 - 210 баптар)
26-тарау. Жауап алу және беттестiру                             (211 - 220 баптар)
27-тарау. Тексеру, эксгумация және куәландыру                   (221 - 227 баптар)
28-тарау. Тану                                                  (228 - 229 баптар)
29-тарау. Тiнту және алу                                        (230 - 234 баптар)
30-тарау. Хат-хабарды тұтқындау. хабарламаларды жолдан  ұстау.  (235 - 237 баптар)
          сөйлесулердi тыңдау мен жазу
31-тарау. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау.   (238 - 239 баптар)
          Тергеу экспериментi
32-тарау. Сот сараптамасы                                       (240 - 255 баптар)
33-тарау. Үлгiлер алу                 (256 - 264 баптар)
34-тарау. Алдын ала тергеудi тоқтата түру және қайта            (265 - 268 баптар)
          Жалғастыру
35-тарау. Алдын ала тергеу барысында iстi қысқарту              (269 - 272 баптар)
36-тарау. Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық iстi        (273 - 284 баптар)
          сотқа жiберу
37-тарау. Алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес iстер     (285 - 289 баптар)
          бойынша анықтау
     7-бөлім. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу                 (290 - 395 баптар)
38-тарау. Қылмыстық iстердiң соттылығы                          (290 - 298 баптар)
39-тарау. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселенi       (299 - 310 баптар)
           шешу және соттың отырысына дайындық iс-әрекеттер
40-тарау. Басты сот талқылауының жалпы шарттары                 (311 - 330 баптар)
41-тарау. Басты сот талқылауыныҢ дайындық бөлiмi                (331 - 344 баптар)
42-тарау. Сот тергеуi                                           (345 - 363 баптар)
43-тарау. Сот жарыссөзi және сотталушының  соңғы сөзi           (364 - 367 баптар)
44-тарау. Үкiм шығару                                           (368 - 388 баптар)
45-тарау. Жеке айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу ерекшелiктерi  (389 - 395 баптар)
     8-бөлім. СоттыҢ заҢды күшiне енбеген үкiмдерi мен          (396 - 423-3 баптар)
               қаулыларын қайта қарау
46-тарау. Апелляциялық шағымдар мен заңды күшiне енбеген сот    (396 - 404 баптар)
          шешiмдерiне наразылық бiлдiру
47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша           (405 - 423-3 баптар)
          iстердi қарау
     9-бөлім. Сот шешiмдерiн орындау                            (447 - 457 баптар)
49-тарау. Сот үкiмдерi мен қаулыларын орындау                   (447 - 457 баптар)
     10-бөлім. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн қайта       (458 - 479 баптар)
               қарау жөнiнде iс жүргiзу
50-тарау. Қадағалау сатысындағы iс жүргiзу                      (458 - 470 баптар)
51-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс            (471 - 479 баптар)
           бойынша iс жүргiзудi қайта бастау
     11-бөлім. Қылмыстық iстердiҢ жекелеген санаттары бойынша   (480 - 504 баптар)
               iс жүргiзудiҢ  ерекшелiктерi
52-тарау. Кәмелетке толмағандардыҢ қылмыстары туралы iстер      (480 - 495 баптар)
          бойынша iс жүргiзу
53-тарау. Артықшылықтары мен қылмыстық iзге түсуден             (496 - 504 баптар)
          иммунитеттерi бар адамдардыҢ iстерi бойынша iс
          жүргiзудiҢ ерекшелiктерi
      12-бөлім. Айрықша iс жүргiзу                              (505 - 541 баптар)
54-тарау. Ессiз күйдегi адамдарға медициналық                   (505 - 520 баптар)
          сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
          туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу
55-тарау. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет          (521 - 536 баптар)
          мемлекеттердiҢ қылмыстық iстер бойынша құзыреттi
          мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара
          iс-қимылыныҢ тәртібі туралы негiзгi ережелер
56-тарау. Жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте        (537 - 541 баптар)
          өтеу үшiн бас бостандығынан
          айыруға сотталған адамды беру
  • Показать изменения

      13-бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу (542-577 баптар)

  • Показать изменения

57-тарау. Жалпы ережелер (542-546 баптар)

  • Показать изменения

58-тарау. Сот отырысын тағайындаудың ерекшеліктерi (547-550 баптар)

  • Показать изменения

59-тарау. Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу (551-558 баптар)

  • Показать изменения

60-тарау. Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерi (559-573 баптар)

  • Показать изменения

61-тарау. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктерi (574-575 баптар)

  • Показать изменения

62-тарау. Қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу ерекшеліктерi (576-577 баптар)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

Жалпы бөлім

  • Показать изменения

I-бөлім. Негізгі ережелер

  • Показать изменения

1-тарау. Қазақстан Республикасының

  • Показать изменения

қылмыстық іс жүргізу заңдары

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін айқындайтын заңдар

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.

3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртібімен шешiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы

Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы

1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы

1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 7-бап өзгертілді; 2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 7-1) тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

7-бап. Осы Кодекстегi кейбір ұғымдардың түсiнiктемесi

Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:

  • Показать изменения

1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

  • Показать изменения

2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;

  • Показать изменения

3) "апелляциялық саты" - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот;

  • Показать изменения

5) "қадағалау сатысы" - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртібінде қарайтын сот;

  • Показать изменения

6) "судья" - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы);

  • Показать изменения

7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;

  • Показать изменения

7-1) алқаби - соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;

  • Показать изменения

8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;

  • Показать изменения

9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

  • Показать изменения

10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

  • Показать изменения

11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

  • Показать изменения

12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

  • Показать изменения

13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

  • Показать изменения

14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

  • Показать изменения

15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

  • Показать изменения

16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

  • Показать изменения

17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;

  • Показать изменения

18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;

  • Показать изменения

19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

  • Показать изменения

20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;

  • Показать изменения

21) "өкiлдер" - заңның немесе келісімнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;

  • Показать изменения

22) "заңды өкiлдер" - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;

  • Показать изменения

23) "туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

24) "жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

  • Показать изменения

25) "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

  • Показать изменения

26) "қылмыстық iс" - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

  • Показать изменения

27) "iс бойынша iс жүргiзу" - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

  • Показать изменения

28) "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу" - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

  • Показать изменения

29) "iстiң материалдары" - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

  • Показать изменения

30) "iс жүргiзу әрекеттерi" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

  • Показать изменения

31) "хаттама" - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

  • Показать изменения

32) "iс жүргiзу шешiмдерi" - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

  • Показать изменения

33) "қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi;

  • Показать изменения

34) "үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

  • Показать изменения

35) "қорытынды шешiм" - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

  • Показать изменения

36) "санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

  • Показать изменения

37) "түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;