<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ 07.06.04 № 5...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 53-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                              (1 - 5 баптар)
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің            (6 - 12 баптар)
         мемлекеттік жүйесі
3-тарау. Метрологиялық қызмет                        (13 - 16 баптар)
4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды     (17 - 20 баптар)
         өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және 
         калибрлеу
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау         (21 - 28 баптар)
6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы        (29 - 30 баптар)
         заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және 
         дауларды шешу
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі     (31 - бап)
         жұмыстарды қаржыландыру

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  бүкіл мәтін бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауға», «қадағалауды», «қадағалаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақылауға», «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред . қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

  • Показать изменения

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

  • Показать изменения

2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі қызметі;

  • Показать изменения

4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

  • Показать изменения

5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы;

  • Показать изменения

6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу;

  • Показать изменения

7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі;

  • Показать изменения

8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

  • Показать изменения

9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;

  • Показать изменения

10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;

  • Показать изменения

11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

  • Показать изменения

12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);

  • Показать изменения

13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;

  • Показать изменения

14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;

  • Показать изменения

15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы;

  • Показать изменения

16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

  • Показать изменения

17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;

  • Показать изменения

18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

  • Показать изменения

19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;

  • Показать изменения

20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);

  • Показать изменения

21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру;

  • Показать изменения

22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы;

  • Показать изменения

24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны;

  • Показать изменения

25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап . Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар

  • Показать изменения

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Показать изменения

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары

  • Показать изменения

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

  • Показать изменения

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттік

  • Показать изменения

басқару

  • Показать изменения

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;

  • Показать изменения

3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды;

4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi;

  • Показать изменения

5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;

  • Показать изменения

6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртібін белгiлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;

  • Показать изменения

8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртібін белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

  • Показать изменения

11) метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады;

  • Показать изменения

11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

  • Показать изменения

12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  13) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред .қара) ( 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

  • Показать изменения

13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды жүзеге асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды;

  • Показать изменения

14) өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi;

  • Показать изменения

15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгiлейдi.

  • Показать изменения

16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3 тармақпен  толықтырылды 

  • Показать изменения

3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

  • Показать изменения

мемлекеттік жүйесі

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы

  • Показать изменения

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi құрылымына:

  • Показать изменения

1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi;

  • Показать изменения

2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

  • Показать изменения

3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi

  • Показать изменения

Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  8-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)

  • Показать изменения

8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік

құжаттар

  • Показать изменения

Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Шама бiрлiктерi

  • Показать изменения

1. Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.

  • Показать изменения

Халықаралық бiрлiк жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қолдануға жiберiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары

  • Показать изменения

Шама бiрлiктерiнiң эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселенген не үлестiк мәнiн) олардың көлемдерiн осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатымен ұдайы шығаруға және (немесе) сақтауға арналған.

  • Показать изменения

Шама бiрліктерiнiң эталондарын мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қолданады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-бап. Өлшем құралдары

  • Показать изменения

Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi

  • Показать изменения

1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, бекіту және қолдану тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Метрологиялық қызмет

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік метрологиялық қызметтен;

  • Показать изменения

2) уақыт және жиiлiк мемлекеттік қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттік қызметтерiнен;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;

  • Показать изменения

4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан;

5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

14-бап. Мемлекеттік метрологиялық қызмет

  • Показать изменения

Мемлекеттік метрологиялық қызмет:

  • Показать изменения

1) стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;

  • Показать изменения

2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын жасауды, жетiлдiрудi, сақтауды және қолдануды, шама бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн беру жүйелерiн құруды қамтамасыз ететiн, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлейтiн, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды, шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды жүргiзетiн мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан;

  • Показать изменения

3) 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi

  • Показать изменения

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.

  • Показать изменения

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады.

  • Показать изменения

Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы уәкiлеттi органмен келісілген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар

  • Показать изменения

1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар

  • Показать изменения

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды

өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау

  • Показать изменения

1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекітілуге тиiс.

  • Показать изменения

Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.

  • Показать изменения

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Өлшем құралдарының түрiн бекіту мақсаты үшiн және бекітілген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет жүргiзедi.

  • Показать изменения

Өлшем құралдарының бекітілген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекіту белгiсi қойылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы ақпарат және бекітілген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  6 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред .қара)

  • Показать изменения

6. Түрiн бекіту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.

  • Показать изменения

Түрiн бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.