<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 24 СӘУІРДЕГІ № 316 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу
ережесін  және оның мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі  № 316 Қаулысы

(2007.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері бекітілсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнінде делдалдық көмек көрсетудің тәртібінде:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

  • Показать изменения

«Шарт жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізілгені туралы құжаттармен расталатын, қызметкерлердің Қазақстан Республикасына қайтып келу кепілдігі туралы шетелдік жұмыс берушінің міндеттемесін қамтуға тиіс.».

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыптағы және мәтін бойынша «және кепіл» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 

2006 жылғы 24 сәуірдегi

№ 316 қаулысымен 

бекітілген

 

  • Показать изменения

Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын

  • Показать изменения

елдің банктеріне кепілдік берілген жарна

енгізу ережесі және оның мөлшерi

 

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  • Показать изменения

1) кепілдік берілген жарна (бұдан әрі - жарна) - еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік қызметкердің өзінің тұрақты тұратын еліне қайта оралу кепілдігін қамтамасыз ететін ақшалай жарна;

2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына тарту үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшінің санын айқындайтын белгіленген нысандағы құжат.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Кепілдік берілген жарнаны енгізу тәртібi

және оның мөлшерi

 

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін әкелген кезде жұмыс берушілер әрбір шетелдік қызметкер үшін Қазақстан Республикасының банктеріне жарна енгізуге міндетті.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Жарналар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде, оны алған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі жұмыс берушінің банктік шотына енгізіледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Банк пен жұмыс беруші арасындағы шартта мыналар көрсетіледі:

  • Показать изменения

1) шетелдік қызметкердің өзі аумағында тұрақты тұратын мемлекетті көрсете отырып, тегі, аты, жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі;

2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы;

3) банктің жұмыс берушіге жарналарды қайтару тәртібі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы әуежайына дейінгі авиабилеттің «Экономикалық» сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы станциясына дейінгі темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Банктер жарнаны жұмыс берушіге уәкілетті органның жазбаша келісімінің негізінде қайтарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Уәкілетті орган жұмыс беруші өтініш жасаған күні ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететін қызметкердің (қызметкерлердің) атына көлік құралына алынған билеттің көшірмесі не электронды авиабилетке ақы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі болған кезде жазбаша келісім береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезінде шетелдік жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.