<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.21.07 № 298-III ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Мақта саласын дамыту туралы

(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-2 баптар)

2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу

(3-8 баптар)

3-тарау. Мақтаның сапасын бақылау

(9-11 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы

тауар өндірушілерінің және мақта өңдеу ұйымдарының қызметі

 

(12-19 баптар)

5-тарау. Мақта қолхаты

(20-27 баптар)

  • Показать изменения

6-тарау. Мақта өңдеу ұйымдарының қызметін

мемлекеттік бақылау

(28-31 баптар)

7-тарау. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару

(32-36 баптар)

8-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын мақта өңдеу ұйымын тарату

және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі

 

(37-40 баптар)

9-тарау. Қорытынды ережелер

41-42 баптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Показать изменения

Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде мақтаны кепілге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

2) мақта тұқымы - шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынған мақта ұрығы;

3) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған мақта иесі; қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;

  • Показать изменения

4) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейін қалған тұқымның талшықты қабығы;

  • Показать изменения

5) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;

  • Показать изменения

6) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

7) мақта қабылдау пункті - шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат;

  • Показать изменения

8) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

9) мақта қолхаты - шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшін мақта өңдеу ұйымы беретін қосарлы қойма куәлігі;

  • Показать изменения

10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;

  • Показать изменения

11) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

12) мақта нарығының мониторингі - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

  • Показать изменения

13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;

  • Показать изменения

14) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға;

  • Показать изменения

15) мақта саласын дамыту жүйесіндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

16) мақта тазалау зауыты - шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;

  • Показать изменения

17) мақта шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының мақта өндіру жөніндегі саласы;

  • Показать изменения

18) мамандандырылған ауыспалы мақта егісі - бір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің жер пайдалану аумағындағы егістік жердің құрылымында мақтаның үлесі жетпіс проценттен аспайтын жағдайда, өсімдіктер аурулары мен зиянкестердің жиналуына кедергі болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шитті мақтаның өнімділігі мен сапасын арттыруға әсер ететін, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негізделген кезектестіріліп егілуі;

  • Показать изменения

19) өңдеу шарты - шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызмет көрсетудің жария шарты;

  • Показать изменения

20) сақтау шарты - шитті мақтаны сақтаудың жария шарты;

  • Показать изменения

21) сарапшы ұйым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

22) мақта талшығы - шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынатын негізгі өнім;

  • Показать изменения

23) мақта талшығы бумасы - стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу нәтижесінде алынған мақта талшығының ерекше әдіспен нығыздалған белгілі бір көлемі;

24) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;

25) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

26) шитті мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық;

27) шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдері - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар);

  • Показать изменения

28) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеуді қамтитын шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;

  • Показать изменения

29) шитті мақта өндірісі - шитті мақта өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;

  • Показать изменения

30) шитті мақтаны сақтау - шитті мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөніндегі технологиялық операциялар кешені;

  • Показать изменения

31) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны қабылдау, сақтау, тазалау және беру; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру жөніндегі технологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының мақта

саласын дамыту туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу

 

3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты

  • Показать изменения

Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде мақта саласын дамыту, мақтаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары

Мақта саласын мемлекеттік реттеу:

1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту;

  • Показать изменения

3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру;

  • Показать изменения

4) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін бақылау;

5) техникалық реттеу;

  • Показать изменения

6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау;

7) мақта нарығының мониторингі;

8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі;

9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру;

2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:

  • Показать изменения

тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;

  • Показать изменения

мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, топырақты мелиорациялау, оның құнарлылығын сақтау мен арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;

  • Показать изменения

шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу;

шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқаптардың құрылымын оңтайландыру және мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;

мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;

  • Показать изменения

зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу;

  • Показать изменения

мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау;

  • Показать изменения

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын субсидиялау;

3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу;

4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру;

  • Показать изменения

5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау;

  • Показать изменения

7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру;

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру;

  • Показать изменения

9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

  • Показать изменения

2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

  • Показать изменения

3) сақтау және өңдеу шарттарының үлгі нысандарын бекіту;

  • Показать изменения

4) мыналарды:

  • Показать изменения

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін;

мақта талшығы сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерін;

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерін;

  • Показать изменения

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін бекіту;

  • Показать изменения

5) сарапшы ұйымды айқындау;

  • Показать изменения

6) сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

  • Показать изменения

7) мақта саласын дамыту саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

  • Показать изменения

8) мақта саласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру жатады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне:

  • Показать изменения

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды қамтамасыз ету және олардың мөлшерлік-сапалық жай-күйін бақылау;

  • Показать изменения

3) мыналардың:

  • Показать изменения

мақта нарығына мониторинг жүргізу;

  • Показать изменения

мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;

  • Показать изменения

мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру;

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;

мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру ережелерін әзірлеп, бекіту;

4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту;

5) мыналарға:

  • Показать изменения

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке;

  • Показать изменения

сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

6) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша:

  • Показать изменения

шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін;

  • Показать изменения

шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);

  • Показать изменения

мақта талшығы сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеп, бекіту;

  • Показать изменения

7) мақта нарығы мониторингін жүргізу;

  • Показать изменения

8) мыналарды:

  • Показать изменения

мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;

аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;

  • Показать изменения

сарапшылық ұйымның қызметін бақылау;

  • Показать изменения

9) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;

  • Показать изменения

10) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

  • Показать изменения

11) мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;

  • Показать изменения

12) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою;

  • Показать изменения

13) осы Заңның 33-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;

  • Показать изменения

14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындап, енгізу;

  • Показать изменения

15) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту;

  • Показать изменения

16) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін белгілеу;

  • Показать изменения

17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу;

  • Показать изменения

18) мыналардың:

  • Показать изменения

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерінің;

мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы туралы паспортты беру ережелерінің;

  • Показать изменения

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерінің;

  • Показать изменения

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерінің;

  • Показать изменения

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерінің;

  • Показать изменения

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу ережелерінің;

  • Показать изменения

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысанының және тәртібінің жобаларын әзірлеу;

  • Показать изменения

19) мақта өңдеу ұйымдарының:

  • Показать изменения

мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;

  • Показать изменения

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;

  • Показать изменения

мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылау;

  • Показать изменения

20) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылау;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жатады.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

  • Показать изменения

Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

  • Показать изменения

2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау;

  • Показать изменения

3) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес мақта нарығы мониторингін жүргізуге қатысу;

  • Показать изменения

4) мақта егілетін аймақтарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;

  • Показать изменения

5) мақта өңдеу ұйымдарына:

  • Показать изменения

мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес бекітілген кестелер негізінде мақта өңдеу ұйымдарын біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі нысанасына жыл сайынғы жоспарлы тексеруді;

  • Показать изменения

белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау жасау;

  • Показать изменения

6) уәкілетті органға:

  • Показать изменения

мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы ұсыныстар;

  • Показать изменения

мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беру туралы ұсыныстар;

  • Показать изменения

стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

7) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде тоқтата тұру, сондай-ақ шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы

мемлекеттік бақылау

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік

бақылау

  • Показать изменения

1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Показать изменения

2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтiруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау:

  • Показать изменения

1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен қайта өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;

  • Показать изменения

2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.

  • Показать изменения

4. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысанда жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

5. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау

  • Показать изменения

1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы.

  • Показать изменения

3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау

1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау міндетті болып табылады және ол мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сарапшы ұйым осы Заңның 6-бабының 6) тармақшасында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Мақта талшығының иесі қажет болған жағдайда өз қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының сапасына қайта сараптама жасауды жүзеге асыруға құқылы.

  • Показать изменения

3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сарапшы ұйымның сақтауын бақылауды жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Мақта талшығының сапа паспортынсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және мақта өңдеу ұйымдарының қызметі

 

12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері

1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге;

2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге;

3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:

1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Мақта өңдеу ұйымы

  • Показать изменения

1. Мақта өңдеу ұйымы шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаның өз атауында, тауар таңбаларында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.

2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады.

3. Мақта өңдеу ұйымында:

1) мақта тазалау зауытында:

кемінде бір мақта қабылдау пункті;

шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары;

мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;

мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;

2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:

шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.

Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.