<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.26.04 № 326 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 Қаулысы

(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)

 

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

  • Показать изменения

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 26 сәуірдегi

№ 326 қаулысымен

Бекітілген

 

  • Показать изменения

Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде

сауда-саттық жүргізу ережесi

 

 

  • Показать изменения

Осы Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерінде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетімділік, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестігі қағидаттарында борышкердің талап ету құқықтарын қоса алғанда мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу тәртібін реттейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;

  • Показать изменения

3) лот - аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар;

  • Показать изменения

4) лоттың бастапқы бағасы - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;

5) лоттың ең төмен бағасы - лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;

  • Показать изменения

6) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;

  • Показать изменения

7) сатушы - конкурстық басқарушы;

  • Показать изменения

8) сатып алушы - сатушымен, сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;

  • Показать изменения

9) сауда-саттыққа қатысушы - осы Ережеде белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

10) сауда-саттықты ұйымдастырушы - конкурстық басқарушымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан және олардың нәтижелеріне мүдделі емес жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

11) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - бастапқы баға неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін алдын ала жарияланған қадаммен өсетін сауда-саттық әдісі;

  • Показать изменения

12) сауда-саттықтың голландтық әдісі - бастапқы баға қатысушылардың бірі аукцион затын жарияланған баға бойынша сатып алуға келісім берген сәтке дейін жарияланған қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды иеленген не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабілетті, сондай-ақ мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот деп танылған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың және мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Борышкердің мүлкін сатуды сатушы белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарына (бұдан әрі - сату жоспары) сәйкес сауда-саттық жүргізу жолымен жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Борышкердің мүлкін сатудың жоспарын жасау,

келісу және бекіту тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Сату жоспарын сатушы түгендеу деректерінің және конкурстық массаны бағалау негізінде жасайды және ол лоттарға бөлінген мүліктің тізбесін, олардың қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықтарды өткізудің дәйектілігін, сауда-саттықтардың әдістерін, әрбір лот бойынша бастапқы және ең төменгі бағаны қамтиды.

  • Показать изменения

Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердің сату жоспары қызметінің негізгі түрін міндетті түрде сақтай отырып, борышкердің мүлкін аукционға бірыңғай лотпен бастапқы шығару туралы қосымша шартты қамтуы тиіс.

  • Показать изменения

Сату жоспары, конкурстық басқарушыны (сатушыны) тағайындаған уәкілетті органға келісуге ұсынылады. Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде ұсынылған сату жоспарына келісім береді не орындау үшін ескертпелерді жою туралы қорытынды жібереді.

  • Показать изменения

Уәкілетті органмен келісілген сату жоспарын борышкердің кредит берушілер комитеті бекітеді.

  • Показать изменения

Қарсылық болған кезде борышкердің кредит берушілер комитетінің ұсынылған сату жоспарын уәкілетті органға шағымдануына болады, ол бес жұмыс күні ішінде қарсылықтың негізділігі туралы қорытынды береді және конкурстық басқарушыға борышкердің кредит берушілер комитетінің қарсылығына сәйкес сату жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді тапсырады не борышкердің кредит берушілер комитетінің қарсылығымен келіспейтіндігі туралы қорытынды береді. Уәкілетті органның борышкердің кредит берушілер комитетінің қарсылықтарымен келіспейтіндігі туралы қорытындысына сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Мүлікті бағалауды жүргізу үшін сатушы бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тартады, оның қызметіне ақы төлеу банкрот мүлкінің есебінен жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Бағалаушыны тарту конкурстық негізде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдісімен, конкурс өткізу орны, күні және оның негізгі шарттары туралы ақпараттық хабарламалар нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми түрде жариялау құқығын белгіленген тәртіппен алған, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына немесе борышкер орналасқан жер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Бағалаушыны тарту үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда конкурстық басқарушы кредит берушілер комитетінің келісімімен мүлікті сауда-саттыққа теңгерімдік құны бойынша шығаруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Сату жоспарын жасау кезінде сату объектілерді сауда-саттықтың ағылшындық және голландтық әдісі бойынша сатудың бастапқы бағалары бағалау құнынан төмен болмайтын мөлшерде, ал бағалау болмаған кезде - теңгерімдік құн бойынша белгіленеді.

  • Показать изменения

Дебиторлық берешек сауда-саттыққа голландтық әдіс бойынша оның номиналды мәні мөлшеріндегі бастапқы бағасымен шығарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Сауда-саттық ұйымдастыру және жүргізу үшін сатушы сауда-саттықты ұйымдастырушыны шартты негізде тартуға құқылы. Сауда-саттықты ұйымдастыру туралы мәліметтер, оны тарту қажеттігі негіздемесімен қоса сату жоспарына енгізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Егер сату жоспарында көзделген сауда-саттық барлық немесе жекелеген лоттар бойынша өткізілмеді деп танылса, сатушы сату жоспарына осы Ереженің 4-тармағында белгіленген тәртіппен келісілуге және бекітілуге тиіс өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сауда-саттықты дайындау жөніндегі іс-шаралар

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11. Сату жоспарында көзделген Сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабар нормативтік құқықтық кесімдерді ресми түрде жариялау құқығын белгіленген тәртіппен алған, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына немесе борышкер орналасқан жер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында сауда-саттық жүргізілгенге дейін кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

  • Показать изменения

Барлық немесе жекелеген лоттар бойынша сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргізілмеді деп танылған немесе сату жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін сауда-саттық жүргізудің негізгі шарттарын өзгерткен жағдайда келесі сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабар осы тармақта белгіленген тәртіппен жарияланады.

  • Показать изменения

Сауда-саттық жүргізудің негізгі шарттарына сауда-саттық өткізу күні, орны, уақыты және әдісі, қойылатын лоттардың мөлшері және олардың бастапқы және ең төменгі бағалары жатады.

  • Показать изменения

Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредит берушілер комитетінің келісімімен анықтайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Ақпараттық хабар мыналарды қамтуы тиіс:

1) сауда-саттық өткізу күні, орны және уақыты;

  • Показать изменения

2) мүлкі сауда-саттыққа қойылатын борышкердің атауы, қызметінің негізгі бейіні және мекен-жайы;

3) шығарылатын лоттардың әрбір лотты құрайтын мүліктің қысқаша сипаттамасы бар тізбесі;

4) әрбір лот бойынша сауда-саттық өткізу әдісі;

  • Показать изменения

5) сатуға шығарылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағалары;

6) кепілдік жарнаның мөлшері және алушының есеп шоты;

7) мүлікті сатудың ерекше шарттары және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген жағдайда сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар;

8) өтінімдерді қабылдау орны және мерзімі;

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 9) тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) қосымша ақпарат алуға болатын телефондар мен мекен-жайлар, болған жағдайда веб-сайт.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Ақпараттық хабар жарияланғаннан кейін сатушы барлық тілек білдірушілерге борышкердің сауда-саттыққа шығарылған мүлкі, сондай-ақ аукционды ұйымдастыру мен жүргізудің ережелері туралы ақпаратқа еркін қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Сауда-саттыққа қатысуға осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі.

  • Показать изменения

Сауда-саттыққа кіру билетін төлеген барлық тілек білдірушілердің қатысуға құқығы бар.

  • Показать изменения

Бұқаралық ақпарат құралдары сауда-саттықтар жүргізу кезінде, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамада көзделген тәртіппен өз журналистерін тіркей алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабар жарияланғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттық өткізуді бастау жергілікті уақыт бойынша сағат 11-ден ерте белгіленбейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:

1) сауда-саттыққа қатысуға өтінім;

2) паспорт немесе жеке куәлік;

3) кепілдік жарна енгізгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

4) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны сатып алушыларға ерекше шарттар мен қосымша талаптар белгілеген жағдайда осы шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары заңды тұлғаның жарғысының, статистикалық карточкасының және тіркеу туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмелерін қосымша ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасы бар құрылтай құжаттарын қосымша ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Өтінімдер қабылдау және сауда-саттыққа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларды тіркеу, талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Кепілдік жарна мыналардың:

1) сауда-саттыққа қатысушының - сауда-саттықтың ағылшындық әдісі кезінде бастапқы бағаны жариялаған кезде немесе сауда-саттықтың голландтық әдісі кезінде ең төменгі бағаға жеткен кезде сауда-саттықта бәсекелесу, сондай-ақ сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

  • Показать изменения

2) жеңімпаздың - сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасуы;

3) сатып алушының - сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындау міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады.

  • Показать изменения

Әрбір лот бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна ағылшындық әдіс кезінде лоттың бастапқы бағасының 10 %-ын, голландтық әдіс кезінде лоттың ең төменгі сомасының 10 %-ын құрайды.

  • Показать изменения

Кепілдік жарнаны қатысушы үшін кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы сатушы болып табылады.

Сауда-саттықта жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер шотына жатқызылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Сатушы кепілдік жарнаны мыналарға қайтармайды:

1) сауда-саттыққа қатысушыға - сауда-саттықтар өткізілгенге дейін үш күннен аз уақытта оған қатысудан бас тартқан жағдайда; сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда; сауда-саттықтың ағылшындық әдісі кезінде бастапқы баға жарияланған кезде немесе сауда-саттықтың голландтық әдісі кезінде ең төменгі бағаға қол жеткізілген кезде аукциондық нөмірді көтермеген жағдайда;

2) жеңімпазға - ол сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

3) сатып алушыға - оның тарабынан сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда.

  • Показать изменения

Қалған жағдайларда кепілдік жарналар сауда-саттық аяқталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Сатушының мыналарға құқығы жоқ:

  • Показать изменения

1) сауда-саттыққа қатысушыдан сауда-саттықтарға қойылғандардың қатарынан сол немесе өзге лотты сатып алуға ниеті туралы ақпарат беруін талап етуге;

2) сауда-саттыққа дайындаудың және оларды өткізудің бүкіл кезеңі ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге;

  • Показать изменения

3) қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Ереженің 16-тармағында санамаланғандардан басқа, қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Тіркеуден өткен тұлға сауда-саттық жүргізілетін күні аукциондық нөмір алады. Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22. Сатушының айрықша функциялары мыналар болып табылады:

1) кепілдік жарналарды қабылдау;

2) сауда-саттықтың жүргізілу барысын бақылауды жүзеге асыру;

3) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;

4) сауда-саттыққа қатысушылармен және сатып алушымен есеп айырысуларды жүзеге асыру.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Сауда-саттық өткізу

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23. Сауда-саттықты сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде сауда-саттықты осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық басқарушы жүргізеді. Сауда-саттық оны жүргізу ережесін хабарлаудан басталады. Қатысып отырған адамдардың сауда-саттықтың барысына ықпал етуге немесе оны жүргізу ережесін бұзуға құқығы жоқ, олай болмаған жағдайда сауда-саттықты жүргізу залынан шығарылып жіберілуі мүмкін.

Сатушы, сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықтың бейнежазбасын жүргізе алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24. Әрбір лот бойынша сауда-саттық сауда-саттықты ұйымдастырушының аукцион затын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізу әдісін, бастапқы бағаны және бағаның өзгеру қадамын жариялаудан басталады.

  • Показать изменения

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық процесінде бұл туралы хабарлай отырып, бағаның өзгеру қадамын өзгертуге құқылы. Өзгеру қадамы лоттың ағымдағы бағасының 10%-ға дейінгі мөлшерінде белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірі бойынша өткізіледі:

1) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтеру арқылы аукцион затын бастапқы баға бойынша сатып алуға дайындығын растайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардың лот бойынша аукциондық нөмірлерін жариялайды, бағаны бекітіп береді және оны көтеруді, бірақ кемінде жарияланған қадамға көтеруді ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ең жоғары ұсынылған бағаға дейін жүреді. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және кемінде 10 секунд ішінде басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғаның соққысымен осы лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды. Лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз деп жарияланады.

Егер бағаны жоғарылатқан кезде сауда-саттыққа қатысушылардың ешқайсысы лотты сауда-саттықты ұйымдастырушы жариялаған баға бойынша сатып алуға тілек білдірмеген жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаның өзгеру қадамын азайту туралы хабарлайды және сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттықты жалғастыруды ұсынады. Лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз деп жарияланады;

  • Показать изменения

2) сауда-саттықтың голландтық әдісі - сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттық бастапқы бағасын хабарлайды және оны жаңа бағаны, бірақ лоттың ең төменгі бағасынан кем емес бағаны хабарлай отырып, мәлімделген қадаммен төмендетеді. Аукциондық нөмірді көтерген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бағасын үш рет қайталайды және жарияланған баға кезінде бірінші болып аукциондық нөмірді көтерген қатысушының нөмірін атайды және кемінде 10 секундтың ішінде басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғаның соққысымен оны осы лот бойынша жеңімпаз деп хабарлайды. Егер қатысушының нөмірін қайталаған кезеңде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмір көтерген жағдайда осы лот бойынша сауда-саттықтың жалғасы ағылшындық әдіс бойынша жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Лоттың ең төменгі бағасына қол жеткізілген кезде көтерілген аукциондық нөмірлердің болмауы сауда-саттықты өткізу ережесінің бұзылуы деп танылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26. Лот бойынша сауда-саттық, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны кемінде екеу болған жағдайда ғана жүргізілді деп саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

27. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижелері әрбір лот бойынша аукцион аяқталғаннан кейін сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, жеңімпаз және барлық қатысушылар қол қоятын сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.

  • Показать изменения

Сауда-саттыққа қатысушы өзінің сауда-саттық қорытындысымен келіспейтіндігін білдіруге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

28. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының объектіні сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.

  • Показать изменения

Жеңімпаз хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

29. Егер жарияланған сауда-саттықтарға өтінімдер келіп түспеген немесе тек бір қатысушы тіркелген не сауда-саттыққа қатысушылардың біреуі ғана келген жағдайда сауда-саттық өткізілмеді деп танылады, сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушы қол қоятын тиісті хаттама жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

30. Борышкердің айналымы шектелген мүлкін сату жабық сауда-саттықта жүзеге асырылады. Жабық сауда-саттықтың қатысушылары осы мүлікті сатып алуға құқығы бар адамдар болуы мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Шарт жасасу және мүлікті беру тәртібi

 

  • Показать изменения

31. Объектіні сатып алу-сату шарты сатушы мен сатып алушы арасында жазбаша нысанда жасалады және ол шарт жасасу негіздемесі ретінде сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сілтемені қамтуға тиіс.

Сатушы сатып алу-сату шартында, сатып алушыда объектіге меншік құқығы оны толық төлегеннен кейін пайда болатындығы туралы көрсетуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

32. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі.

  • Показать изменения

Аванстық төлем мүлікті сату бағасының кемінде 30% мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі.

  • Показать изменения

Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

  • Показать изменения

Түпкілікті төлемнің мерзімі өткен жағдайда сатушы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға және сатып алушыдан кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

33. Объектіні беру сатып алушы мүліктің сату бағасын толық төлегеннен кейін қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

34. Сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Қорытынды ережелер

 

  • Показать изменения

35. Мүлікті сатудан алынған және де кіру билеттерін сатудан түскен қаражат конкурстық өндірістің әкімшілік шығыстарын және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілікке сәйкес кредит берушілердің талаптарын өтеуге жіберіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 26 сәуірдегi

№ 326 қаулысына

  • Показать изменения

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір

шешімдерінің тізбесi

 

1. «Банкрот деп танылған, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 27, 232-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 411-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 413-құжат).

4. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.