<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.02.06. № 496 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 Қаулысы

(2009.02.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 303-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 186-құжат).

3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.02.10. № 1513 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 2 маусымдағы

№ 496 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық

кеңестер туралы үлгі ереже

 

  • Показать изменения

Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жанынан құрылатын сараптамалық кеңестерді қалыптастыру және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес):

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;

жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар мемлекеттік органдардың ресми сайттарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;

  • Показать изменения

көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

 

4. Сараптамалық кеңестің құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптасады.

  • Показать изменения

Әрбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігі мен мүдделі коммерциялық емес ұйым өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Сараптамалық кеңестің құрамы жанынан сараптамалық кеңес құрылатын мемлекеттік орган бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі

 

6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:

  • Показать изменения

1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;

  • Показать изменения

2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;

  • Показать изменения

3) мыналар:

қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі;

тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы;

  • Показать изменения

4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;

  • Показать изменения

5) сарапшылық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Сараптамалық кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді жанынан сараптамалық кеңестер құрылатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын мемлекеттік органның шешімімен айқындалған оның тиісті құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:

  • Показать изменения

сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;

  • Показать изменения

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органдардың ресми сайтына орналастырады;

  • Показать изменения

сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, отырыстардың хаттамаларына қол қояды.

  • Показать изменения

Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Сараптамалық кеңестің шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

  • Показать изменения

Қарау нәтижелері бойынша осы Ережеде белгіленген тәртіппен хаттама жасалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің шоғырландырылған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және оларды мемлекеттік орган қабылдағанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.

Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.

Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестер қызметінің мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Мемлекеттік органдар өзінің ресми сайтында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды.