<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 16 ТАМЫЗДАҒЫ № 1074 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы

(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 2 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы» 2000 жылғы 6 шiлдедегi № 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  • Показать изменения

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн.

  • Показать изменения

2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.

  • Показать изменения

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 16 тамыздағы

  • Показать изменения

№ 1074 қаулысымен

Бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

  • Показать изменения

Министрліктің ведомствосы - Штабтар бастықтары комитеті бар.

  • Показать изменения

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Показать изменения

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі мен өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.

  • Показать изменения

Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Показать изменения

Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Показать изменения

4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен директивалар түрінде актілер шығарады.

  • Показать изменения

5. Министрліктің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

6. Министрліктің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2-үй.

  • Показать изменения

7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

  • Показать изменения

8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Показать изменения

9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

 

  • Показать изменения

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

 

  • Показать изменения

10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді әзірлікте ұстау.

  • Показать изменения

11. Министрлік өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

Әскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзірлейді;

  • Показать изменения

Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша штат санын белгілейді;

  • Показать изменения

мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;

  • Показать изменения

елдің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін ұйымдастырады;

  • Показать изменения

Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнаулы әскерлердің жедел мақсаттары мен міндеттерін, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып олардың қолданылуын айқындайды;

  • Показать изменения

қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасына бақылауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

Қарулы Күштердегі әскерлерді инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

ведомстволық әскери оқу орындары мен әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасына бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

әскери қызметке шақырылуға дейінгі және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіреді;

  • Показать изменения

қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

  • Показать изменения

халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтаждары үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады.

ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:

  • Показать изменения

Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлерді жұмылдыра өрістетудің жоспарларын әзірлеу, басқа әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзірлеуді үйлестіру, олардың орындалуын бақылау;

  • Показать изменения

мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеу, Қарулы Күштерді жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысу;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзету мен қорғауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ қорғаныс мүдделерінде ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлеу;

  • Показать изменения

экономиканың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығын ұйымдастыруға қатысу;

  • Показать изменения

аумақтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуді үйлестіру, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастыру;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерді мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен келісімшарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердің қарулы күштерімен бірге жедел қолданылуын және өзара іс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысу;

  • Показать изменения

кадрларды орналастыруды жүзеге асыру және әскери атақтар беру, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес қызметке тағайындау және әскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрі мен басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлау;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Показать изменения

жеке құрамның жоғары жауынгерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

  • Показать изменения

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті әзірлік деңгейіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандыру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесіне міндетті әскери қызметке шақыруды жүргізу, әскери қызметшілерді запасқа шығару, тізімдегі құрамды оқу жиындарына шақыру, сондай-ақ жұмылдыру бойынша азаматтарды шақыру;

  • Показать изменения

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын әскерге шақырылатын құраммен және жұмылдыру ресурстарымен жасақтауды жүзеге асыру, офицерлерді запастан әскери қызметке шақыру (қабылдау);

  • Показать изменения

халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасау;

  • Показать изменения

Ішкі әскерлерді запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшілермен жасақтауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету.

 

  • Показать изменения

3. Министрліктің мүлкі

 

  • Показать изменения

13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

  • Показать изменения

Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады.

  • Показать изменения

14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

  • Показать изменения

15. Министрлік өзіне бекітіліп берілген әскери мақсаттағы мүлікке қатысты иелік ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде билік ету құқықтарын жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті есептен шығаруды жүзеге асырады.

 

  • Показать изменения

4. Қызметті ұйымдастыру мен жауапкершілік

 

  • Показать изменения

16. Министрлік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін дамыту және мемлекеттің қорғанысы жөніндегі міндеттерді орындауға даярлық үшін толық жауапты болады.

  • Показать изменения

17. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметте босататын Министр басқарады.

  • Показать изменения

18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

  • Показать изменения

19. Осы мақсатта Министр заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде:

  • Показать изменения

1) өз орынбасарларының, Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

  • Показать изменения

2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің Министрліктің және оған ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;

  • Показать изменения

3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын айқындайды;

  • Показать изменения

4) Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

  • Показать изменения

5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;

  • Показать изменения

6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін белгіленген номенклатураға сәйкес және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;

  • Показать изменения

8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылысы жөнінде ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету мен қаржылай қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;

  • Показать изменения

10) өз өкілеттіктер шегінде әскери қызметшілерді қызметке тағайындайды, қызмет бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан босату жөніндегі мәселелерді шешеді;

  • Показать изменения

11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және аймақтық қолбасшылықтардың түрлерін, тектері мен әскерлерін басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;

  • Показать изменения

12) тапсырыстар көлемін бөлуді, қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық жабдықтардың негізгі түрлерін сатып алуды, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджеттік қаржы бөлуді бекітеді;

  • Показать изменения

13) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери киім нысандарын кию ережесін бекітеді;

  • Показать изменения

14) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ оларға жаза қолданады;

  • Показать изменения

15) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштер әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлердің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Показать изменения

20. Министрліктің алқасы бар. Алқаның санын және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ережені Министр бекітеді.

 

  • Показать изменения

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

 

  • Показать изменения

21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.