<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 28.12.04 Ж. № 23-III ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

  • Показать изменения

Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы

 

Осы редакция 2010 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                               1-6-баптар
     2-тарау. Төреліктің құрамы                            7-12-баптар
     3-тарау. Төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстар   13-14-баптар
     4-тарау. Төреліктің құзыреті                          15-бап
     5-тарау. Төрелік іс қарауды жүргізу                   16-25-баптар
     6-тарау. Төрелік шешімін шығару және                  26-30-баптар
               іс қарауды тоқтату
     7-тарау. Төрелік шешімге шағым жасау                  31-бап
     8-тарау. Төрелік шешімдерді тану және орындау         32-33-баптар

Тұпнұсқада мазмұны жоқ

  • Показать изменения

Осы Заң халықаралық коммерциялық төрелiктiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық коммерциялық төрелiктiң шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртібі мен талаптарын реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қолданылу аясы

  • Показать изменения

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, халықаралық коммерциялық төрелiк шешетiн, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) төрелiк - нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған немесе тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн халықаралық коммерциялық төрелiк, сондай-ақ дауды жеке-дара қарайтын төрешi;

  • Показать изменения

2) төрешi - дауды төрелiкте шешу үшiн осы Заңға сәйкес тараптар сайлаған немесе тараптармен келісілген тәртiппен тағайындалған жеке адам;

3) төрелiкте iс қарау - дауды төрелiкте қарап, төрелiк шешiм шығару процесi;

  • Показать изменения

4) төрелiк келісім - туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы шарт тараптарының жазбаша келісімi, ол шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлер мен олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электронды құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн;

  • Показать изменения

5) төрелiк шешiм - төрелiк шығарған шешiм;

  • Показать изменения

6) құзыреттi сот - Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi саты бойынша тиiстi шарт тараптары арасындағы дау туралы iстi қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;

  • Показать изменения

7) iскерлiк айналымының әдет-ғұрыптары - қандай да бiр құжатта тiркелгенiне қарамастан, қолданылатын құқыққа қайшы келмейтiн, азаматтық-құқықтық шарттарда қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық ережелерi;

  • Показать изменения

8) төрелiктiң регламентi - тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық коммерциялық төрелiктiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі;

9) коммерциялық ұйым - негiзгi мақсаты пайда табу болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдiк ұйым;

10) Қазақстан Республикасының жариялы тәртібі - Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негiздерi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық

коммерциялық төрелiк туралы заңнамасы

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Төрелiк iс қарау принциптерi

Төрелiк iс қарау:

1) туындаған даулар бойынша төрелiк iс қарауды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары мәселелерiн тараптар өзара алдын ала келiсу бойынша дербес шешуге құқығы бар екендiгiн бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестiгi;

2) төрешiлер мен төрелiктер өз шешiмдерiнде тек тараптардың келісімi бойынша қолданылатын құқық нормаларын ғана басшылыққа алатынын бiлдiретiн заңдылық;

3) тараптардың төрелiк iс қарауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей мiндеттер көлемiн мойнына алатынын, өз ұстанымын, оны қорғау тәсiлдерi мен құралдарын төрелiктен және басқа да органдар мен тұлғалардан дербес және тәуелсiз таңдауын бiлдiретiн тараптардың жарыспалылығы және тең құқылылығы;

  • Показать изменения

4) төрешiлер мен төрелiктер өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде және төрелiк iс қараудың тараптары белгiленген талаптарды, қоғамның имандылық принциптерiн және iскерлiк әдеп ережелерiн сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн бiлдiретiн әдiлеттілік;

  • Показать изменения

5) заңда азаматтың тиiстi органға ақпарат хабарлау мiндетi тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда, төрешiлердiң төрелiк iс қарау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келісімiнсiз жария етуге құқығы жоқ екендiгiн және төрелiк iс қарау барысында өздерiне белгiлi болған мәлiметтер туралы куәлер ретiнде жауап алынбайтындығын бiлдiретiн құпиялылық принциптерi сақтала отырып жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Төрелiктiң қызметiне араласуға жол берiлмеушiлiк

  • Показать изменения

Төрешiлер мен төрелiктер өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде тәуелсiз болады, өздерiне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қандай да бiр ықпалын болғызбайтын жағдайларда шешiм қабылдайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6-бап. Дауды төрелiктiң шешуiне беру

  • Показать изменения

1. Тараптар арасында жасалған төрелiк келісім бар болған кезде дау төрелiктiң қарауына берiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тараптар өздерiнiң арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты төрелiк келісім жасасуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Құзыреттi соттың қарауындағы дауға қатысты төрелiк келісім аталған сот дау бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкiн. Бұл жағдайда құзыреттi сот өтiнiштi қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Егер, тараптардың ең болмаса бiрi Қазақстан Республикасының резидентi емес болса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасындағы азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келісімi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Төреліктің құрамы

7-бап. Төрешiлер

1. Iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға келісім берген, жасы жиырма беске толған және жоғары білімi бар жеке адам төрешi болып сайланады (тағайындалады).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Дауды жеке-дара шешетiн төрешiнiң жоғары заң білімi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда төрелiк төрағасының жоғары заң білімi болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Төрешiлiкке кандидаттарға қойылатын талаптар тараптармен тiкелей келісілуi немесе төрелiк регламентiмен айқындалуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен құзыреттi сот судьясы сайлаған немесе тағайындаған;

2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен құзыреттi сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік қызметшi болып табылатын адам төрешi бола алмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Төрешiлердiң дауды қарау кезіндегі саны

1. Тараптар төрешiлер санын белгiлеуге құқылы, олардың саны тақ болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда дауды төрелiкте шешу үшiн үш төрешi сайланады (тағайындалады).

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Төрелiктiң құрамы

  • Показать изменения

1. Төрелiктiң құрамын құру төрешiлердi (төрешiнi) сайлау (тағайындау) арқылы жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiкте төрелiктiң құрамын құру тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Төрелiкте нақты дауды шешу үшiн төрелiктiң құрамын құру тараптармен келісілген тәртiппен жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Тараптардың келісімi бойынша Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк не азаматтығы жоқ адам төрешi болып сайлануы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда нақты дауды шешу үшiн төрелiктiң құрамын құру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) үш төрешiден тұратын төрелiктiң құрамын құру кезiнде әр тарап төрешiнiң бiреуiн сайлайды, ал осылайша сайланған екi төрешi үшiншi төрешiнi сайлайды.

  • Показать изменения

Егер тараптардың бiрi басқа тараптан бұл туралы өтiнiш алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде төрешiнi сайламаса немесе сайланған екi төрешi өздерi сайланғаннан кейiн алпыс күн iшiнде үшiншi төрешiнi сайламаса, онда төрешiнi тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң төрағасы тағайындауы мүмкiн;

  • Показать изменения

2) егер дау төрешiнiң жеке-дара шешуiне жатса және бiр тарап төрешiнi сайлау туралы басқа тарапқа ұсыныспен жүгiнгеннен кейiн тараптар алпыс күн iшiнде төрешiнi сайламаса, онда төрешiнi тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктің төрағасы тағайындауы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Төрешiден бас тарту

1. Төрешi осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тараптар төрешiден бас тарту туралы мәлiмдеуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қандай да бiр жеке адамға оның төрешi етiп сайлану (тағайындалу) мүмкiндiгiне байланысты жүгiнген жағдайда аталған адам осы Заңның 7-бабына сәйкес одан бас тарту үшiн негiз болып табылатын мән-жайлардың бар екендiгі туралы хабарлауға тиiс. Егер аталған мән-жайлар төрелiк iс қарау кезiнде туындаған жағдайда, төрешi бұл туралы тараптарға кiдiрiссiз хабарлауға және өздiгiнен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Тарап, егер бас тарту үшiн негiз болып табылатын мән-жайлар оған осы төрешiнi өзi сайлағаннан кейiн белгiлi болған жағдайда, ол осы бапқа сәйкес өзi сайлаған төрешiден бас тарту туралы мәлiмдеуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiкте төрешiден бас тарту рәсiмi оның регламентiнде айқындалуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Төрелiкте нақты дауды шешу үшiн төрешiден бас тарту рәсiмiн тараптар келiсуi мүмкiн.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Егер төрешiден бас тарту рәсiмi тараптармен келісілмесе немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде айқындалмаса, онда тарап төрешiден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi өтiнiштi төрешiден бас тарту үшiн негiз болып табылатын мән-жайлар өзiне белгiлi болғаннан кейiн отыз күн iшiнде төрелiкке беруге тиiс.

Егер өзiнен бас тарту мәлiмделген төрешi оны қанағаттандырудан бас тартса немесе тараптардың бiрi төрешiден бас тартумен келiспесе, онда төрелiктiң құрамына кiретiн төрешiлер тараптардың жазбаша дәлелдi өтiнiшi алынған кезден бастап он күн мерзiмде бас тарту туралы мәселенi шешедi.

Дауды жеке-дара қарайтын төрешiнiң бас тартуы туралы мәселенi сол төрешi шешедi.

Егер дауды жеке-дара қарайтын төрешi тараптардың бiрiнiң немесе екеуiнiң де бас тарту туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартса немесе тараптардың бiрi төрешiден бас тартумен келiспесе, онда тараптар бас тарту туралы мәселенi төрелiк iс қарауды тоқтату туралы келісім қабылдау арқылы шешедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Төрешiнiң өкiлеттiктерiн тоқтату

  • Показать изменения

1. Төрешiнiң өкiлеттiктерi осы Заңда көзделген негiздер бойынша тараптардың келісімiмен, сондай-ақ төрешiнiң сырқаттануына байланысты ол өз мiндеттерiн жүзеге асыруға мүлдем қабiлетсiз болып қалған немесе қайтыс болған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Төрелiктiң немесе дауды жеке-дара қарайтын төрешiнiң өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда, қаралып жатқан дау бойынша iс жүргiзу басқа төрелiк сайланғанға (тағайындалғанға) дейiн тоқтатыла тұрады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Төрешiнiң өкiлеттiктерi нақты iс бойынша шешiм қабылдағаннан кейiн тоқтатылады. Осы Заңның 30-бабында көзделген жағдайларда төрешiнiң өкiлеттiктерi қайта басталады, ал содан соң, аталған бапта көзделген iс жүргiзу әрекеттерi жасалғаннан кейiн тоқтатылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-бап. Төрешiнi ауыстыру

Төрешiнiң өкiлеттiктepi тоқтатылған жағдайда, басқа төрешi ауыстырылатын төрешi сайланған (тағайындалған) кезде қолданылған ережелерге сәйкес сайланады (тағайындалады).

Ауыстыру тәртібімен сайланған (тағайындалған) төрешi iс бойынша қайтадан тыңдау тағайындауға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстар

13-бап. Төрелiкте дауды шешуге байланысты шығыстар

1. Дауды төрелiкте шешуге байланысты шығыстарға:

төрешiлердiң гонорары;

төрешiлердiң төрелiкте iс қарауға қатысуына байланысты шеккен шығыстары, соның iшiнде дау қаралатын жерге жол жүру, онда тұру және тамақтану ақысының шығыстары;

сарапшыларға және аудармашыларға төленуге тиiстi сомалар;

төрешiлердiң жазбаша және заттай айғақтарды олардың тұрған жерiнде қарап көруге және зерттеуге байланысты шеккен шығыстары;

куәлар шеккен шығыстар;

төрелiк шешiмi өз пайдасына шығарылған тараптың өкiл көрсеткен қызметтерiнiң ақысын төлеуге жұмсалған шығыстары;

төрелiкте iс қарауды ұйымдастыруға және материалдық қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстары кiредi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiкте төрешiлер гонорарының мөлшерiн тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде көзделген төрешiлер гонорарының шәкiлiне сәйкес төрелiктiң құрамы айқындайды.

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде төрешiлер гонорарының белгiленген мөлшерiне нұсқау болмаған кезде, төрелiк төрешi гонорарының мөлшерiн дау бойынша iс қараудың әрбiр нақты жағдайында, қойылған талаптың бағасын, даудың күрделiлігін, төрешiлердiң төрелiк iс қарауға кеткен уақытын және iске қатысты кез келген басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындауы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Төрелiкте нақты дауды шешу үшiн төрешiлер гонорарының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша белгiленедi, ал келісім болмаған жағдайда тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк үшiн көзделген тәртiппен нақты дауды шешуге арналған төрелiк белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14-бап. Төрелiкте дауды шешуге байланысты

шығыстарды бөлу

1. Тараптар арасында төрелiкте дауды шешуге байланысты шығыстарды бөлудi төрелiк тараптардың келісімiне сәйкес, ал келісім болмаған жағдайда қанағаттандырылған және қабылданбаған талаптарға бара-бар жүргiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер келтiрiлген шығыстарды өндiру туралы талап төрелiкте iс қарау барысында мәлiмделiп, оны төрелiк қанағаттандырған болса, төрелiктiң шешiмi өз пайдасына шешiлген тараптың өкiл көрсеткен қызметтердiң ақысын төлеуге жұмсаған шығыстары, сондай-ақ төрелiкте iс қарауға байланысты өзге де шығыстары төрелiктiң шешiмi бойынша басқа тарапқа қатысты болуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Төрелiкте дауды шешуге байланысты шығыстарды бөлу төрелiктiң шешiмiнде немесе ұйғарымында көрсетiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. Төреліктің құзыреті

  • Показать изменения

15-бап. Төрелiктiң өз құзыретi туралы қаулы

шығаруға құқығы

1. Төрелiк өзiне шешуге берiлген дауды қарауға өкiлеттiктepi (юрисдикциясы) бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi, оның iшiнде тараптардың бiрi төрелiк келісім жарамсыз деген себеппен төрелiк iс қарауға қарсылық бiлдiрген жағдайда дербес шешедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тараптар даудың мәнi бойынша алғашқы өтiнiш берiлгенге дейiн төрелiктiң өзiне шешуге берiлген дауды қарауға төрелiк соттың өкiлеттiктерi жоқ екенi туралы мәлiмдеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Егер төрелiк iс қарау барысында қаралуы төрелiк келісімде көзделмеген мәселе төрелiкте iс қараудың нысанасына айналса, не ол осы iс қарауда қолданылатын құқық нормаларына немесе төрелiк iс қарау ережелерiне сәйкес төрелiкте iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн емес болса, тарап төрелiктiң өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны туралы мәлiмдеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Төрелiк осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштi он күн мерзiмде қарауға мiндеттi. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Егер төрелiк өзiнiң құзыретi туралы мәселенi қарау кезiнде төрелiктiң дауды қарауға өкiлеттiктерi жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда төрелiк дауды мәнi бойынша қарай алмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. Төрелік іс қарауды жүргізу

  • Показать изменения

16-бап. Төрелiк iс қарау ережелерiн айқындау

  • Показать изменения

1. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк өзiнiң регламентiне сәйкес төрелiк iс қарауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Нақты дауды шешуге арналған төрелiк тараптармен келісілген ережелерге сәйкес төрелiкте iс қарауды жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiктiң регламентiнде, сондай-ақ осы Заңның ережелерiнде айқындалмаған және тараптармен келісілмеген төрелiк iс қараудың ережелерiн төрелiк айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17-бап. Төрелiк орны

  • Показать изменения

Тараптар төрелiктiң орнын өз қалауы бойынша айқындауы мүмкiн. Мұндай уағдаластық болмағанда, төрелiктiң орнын, тараптар үшiн қолайлы факторды қоса алғанда, iстiң мән-жайын ескере отырып, төрелiк айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап. Талап арыз және талап арызға пiкiр

  • Показать изменения

1. Талапкер өзiнiң талаптарын талап арызда баяндайды, ол төрелiкке жазбаша нысанда берiледi. Талап арыздың көшiрмесi жауапкерге берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Талап арызда:

  • Показать изменения

1) талап арыздың берiлген күнi;

  • Показать изменения

2) тараптардың атауы, олардың почталық мекен-жайы және банк реквизиттерi;

  • Показать изменения

3) төрелiкке жүгiну негiздемесi;

  • Показать изменения

4) талапкердiң талабы;

  • Показать изменения

5) талапкер өзiнiң талаптарын негiздеген мән-жайлар;

  • Показать изменения

6) талап арыздың негiзiн растайтын дәлелдемелер;

7) егер талап қою бағалануға жатса, талап қоюдың бағасы;

  • Показать изменения

8) талап арызға қоса берiлетiн құжаттар мен өзге де материалдардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.

  • Показать изменения

Талап арызға талапкер өкiлi сенiмхатының немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын өзге құжаттың түпнұсқасы қоса берiлiп, талапкер немесе оның өкiлi қол қоюға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Төрелiктiң регламентiнде талап арыз мазмұнына қосымша талаптар көзделуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Жауапкер талапкерге және төрелiкке өзiнiң талап қоюға қарсылықтарын баяндай отырып, талап арызға пiкiр ұсынуға құқылы. Талап арызға пiкiр талапкерге және төрелiкке төрелiктiң регламентiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде берiледi.

  • Показать изменения

Егер төрелiктiң регламентiнде талап арызға пiкiрдi беру мерзiмi айқындалмаса, егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, аталған пiкiр төрелiктiң бiрiншi отырысына дейiн кемiнде он күн iшiнде ұсынылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Тарап төрелiк iс қарау барысында өзiнiң талап арыздарын немесе талап қоюға қарсылықтарын өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19-бап. Төрелiк iс қараудың басталуы

  • Показать изменения

Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, нақты дауға қатысты төрелiк iс қарау жауапкер осы дауды төрелiкке беру туралы хабарлама алған күнi басталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20-бап. Талап арызды қайтару

  • Показать изменения

1. Төрелiк, егер:

  • Показать изменения

1) тараптар арасында төрелiк келісім болмаса;

  • Показать изменения

2) талап қою төрелiк келісімде көзделмеген төрелiкке берiлсе;

  • Показать изменения

3) талап қоюдың нысанасы төрелiк келісімнiң шеңберiнен шықса;

  • Показать изменения

4) қол қоюға өкiлеттiктерi жоқ адам талап арызға қол қойса;

  • Показать изменения

5) талапкер талап арызды қайтарып алу туралы өтiнiш берсе;

  • Показать изменения

6) осы немесе басқа төрелiктiң iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы немесе сол негiздер бойынша iс болса, талап арызды қайтарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Талап арыз қайтарылған кезде төрелiк дәлелдi ұйғарым шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Арыздың қайтарылуы талапкердiң сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талаппен қайта жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21-бап. Төрелiкте iс қараудың тілі

  • Показать изменения

1. Тараптар төрелiкте iс қарау барысында қолданылатын тiл немесе тiлдер туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкiн. Мұндай уағдаластық болмағанда, төрелiк iс қарау кезiнде қолданылуға тиiстi мемлекеттік тiлдi, онымен тең орыс тілін немесе өзге де тiлдердi айқындайды.

  • Показать изменения

Төрелiкте iс қарау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға iс материалдарымен танысу, аудармашы арқылы төрелiкте iс қарауға қатысу құқығы, төрелiкте ана тілінде сөйлеу құқығы қамтамасыз етiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Құжаттар мен өзге материалдарды төрелiкте iс қарау тілінде (тiлдерiнде) ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi, бұл ретте төрелiктiң регламентiмен не тараптардың келісімiмен қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Төрелiк тараптардан құжаттар мен өзге де материалдардың төрелiкте iс қарау тiліндегі (тiлдеріндегі) аудармасын талап етуi мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22-бап. Құжаттардың табыс етiлмеуi немесе

тараптардың келмей қалуы

  • Показать изменения

1. Құжаттар мен өзге материалдарды табыс етпеу, соның iшiнде төрелiк отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлген тараптардың бiрiнiң немесе олардың өкiлдерiнiң төрелiк отырысына келмей қалуы, егер құжаттар мен өзге материалдарды табыс етпеу себептерiн немесе тараптардың төрелiк отырысына келмей қалуын төрелiк дәлелсiз деп таныса, төрелiкте iс қарау және төрелiктiң шешiм қабылдауы үшiн кедергi болып табылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жауапкердiң талап қоюға қарсылықтарын табыс етпеуiн талапкердiң талаптарын тану ретiнде қарастыруға болмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23-бап. Тараптардың құқықтары

  • Показать изменения

Төрелiкте iс қарауға қатысушы тараптардың:

  • Показать изменения

1) iс материалдарымен танысуға және осы материалдардан көшiрме алуына;

  • Показать изменения

2) дәлелдемелердi табыс етуге;

  • Показать изменения

3) өтiнiш бiлдiруге, төрешiлерден бас тартуға;

  • Показать изменения

4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

  • Показать изменения

5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн беруге;

  • Показать изменения

6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi сот алдында төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;

  • Показать изменения

8) осы Заңда белгiленген жағдайларда төрелiктiң шешiмiне шағымдануға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

24-бап. Төрелiк тағайындаған сарапшы

  • Показать изменения

1. Егер төрелiкте iс қарауға қатысушы тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, төрешi:

  • Показать изменения

1) төрелiк айқындайтын нақты мәселелер бойынша өзiне қорытындылар беру үшiн бiр немесе бiрнеше сарапшы тағайындауы;

  • Показать изменения

2) тараптан сарапшыға iске қатысты кез келген ақпаратты табыс етуiн не өзiне iске қатысты құжаттардың, тауарлардың немесе басқа да мүлiктiң тексерiп қарауға ұсынылуын немесе тексерiп қарау үшiн мүмкiндiк берiлуiн талап eтуi мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тараптардың өзге жөнiнде уағдаластығы болмаған кезде, егер тарап бұл туралы өтiнсе немесе төрелiк оны қажет деп есептесе, сарапшы өзiнiң жазбаша немесе ауызша қорытындысын табыс еткеннен кейiн тыңдауға қатысуға тиіс, онда тараптарға оған сұрақтар қою және даулы мәселелер бойынша айғақтар беру үшiн мамандар ұсыну мүмкiндiгi берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25-бап. Құзыреттi соттың қамтамасыз ету шараларын

ұсынудағы және дәлелдемелер алудағы жәрдемi

  • Показать изменения

1. Төрелiк iс қараудың тараптары құзыреттi сотқа талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тарап төрелiк iс қарау жүзеге асырылатын орын немесе қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкiн мүлiктiң тұрған жерi бойынша құзыреттi сотқа төрелiкте қаралатын талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiш бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Құзыреттi соттың төрелiкте қаралатын талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарауы және оның талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе оны қамтамасыз етуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымның күшiн тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша осы ұйғарымды шығарған құзыреттi сот жоюы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Төрелiк немесе төрелiктiң келісімiмен тарап дәлелдемелер алуға жәрдемдесу туралы құзыреттi сотқа өтiнiш жасауы мүмкiн. Құзыреттi сот бұл өтiнiштi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. Төрелік шешімін шығару және іс қарауды тоқтату

26-бап. Даудың мәнiне қолданылатын нормалар

1. Төрелiк дауды қарағанда тараптар қолданылады деп таңдаған құқық нормаларына сәйкес дауды шешедi. Қандай да бiр мемлекеттiң құқығына немесе құқық жүйесiне кез келген сiлтеме жасау оның қайшылықты нормаларына емес, осы мемлекеттiң материалдық құқығына тiкелей сiлтеме ретiнде түсiндiрiлуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тараптардың қолданылатын құқық туралы келісімi болмаған жағдайда, қолданылатын құқықты төрелiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Нақты құқық қатынастарын реттейтiн нормалар болмаған кезде, төрелiк осы мәмiлеге қолданылатын iскерлiк айналымның әдет-ғұрыптарына сәйкес шешiм қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27-бап. Бiтiмгершiлiк келісім