<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 2 ШІЛДЕДЕГІ № 461-ІІ ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Бағалы қағаздар рыногы туралы

(2009.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды  (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:

2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер                  (1-5 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды        (6-13 баптар)

  • Показать изменения

     мемлекеттік тіркеу

  • Показать изменения

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының    (14-20 баптар)

  • Показать изменения

     ерекше талаптары

  • Показать изменения

4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру      (21-27 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы        (28-32 баптар)

  • Показать изменения

6-тарау. Опциондардың, фьючерстердің, своптардың,      (33-35 баптар)

  • Показать изменения

     қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының және

     өзге де туынды бағалы қағаздардың айналысы

  • Показать изменения

7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді     (36-40 баптар)

     тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау

  • Показать изменения

8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық      (41-44 баптар)

  • Показать изменения

     және қызметтік құпия

  • Показать изменения

9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті        (45-56 баптар)

  • Показать изменения

     жүзеге асыру тәртібі

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау          (57-62 баптар)

  • Показать изменения

11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк   (63-64 баптар)

  • Показать изменения

     қызмет

  • Показать изменения

12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің    (65-68 баптар)

  • Показать изменения

     жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

  • Показать изменения

13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі     (69-72 баптар)

  • Показать изменения

     қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық

  • Показать изменения

     басқару жөніндегі қызмет

  • Показать изменения

14-тарау. Кастодиандық қызмет                (73-75 баптар)

  • Показать изменения

15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет              (76-77 баптар)

16-тарау. Орталық депозитарий                (78-82 баптар)

  • Показать изменения

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы            (83-90 баптар)

  • Показать изменения

18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы            (91-100 баптар)

  • Показать изменения

     өзін-өзі реттейтін ұйымдар

19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат        (101-107 баптар)

  • Показать изменения

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің      (108-112 баптар)

  • Показать изменения

     қызметін бақылау

21-тарау. Қорытынды ережелер                 (113-114 баптар)

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

  • Показать изменения

Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен  (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен ; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 1- бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы (қолданысқа енетін мерзімін қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация;

  • Показать изменения

2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

  • Показать изменения

3) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді )

  • Показать изменения

4) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрінісін жасауға және (немесе) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәміле жасауға бағытталған іс-әрекеттері;

  • Показать изменения

5) бағалы қағаз - мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға;

  • Показать изменения

7) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу;

  • Показать изменения

8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер;

  • Показать изменения

9) бағалы қағаздардың бағасын белгілеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;

  • Показать изменения

10) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа  енді )

  • Показать изменения

11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестік меншік құқығында инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетін инвестициялық пай қоры;

  • Показать изменения

12) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер;

  • Показать изменения

13) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

  • Показать изменения

14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

15) брокер - клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

  • Показать изменения

16) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзіне тиесілі қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына табыс ететін құжат;

  • Показать изменения

17) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18) депозитарийлік қолхат - осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

  • Показать изменения

19) депозитарийлік қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;

  • Показать изменения

20) депозитке салу - орталық депозитарийдің өз клиенттерінің жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;

  • Показать изменения

21) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;

  • Показать изменения

22) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

  • Показать изменения

23) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

  • Показать изменения

24) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар;

  • Показать изменения

25) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;

  • Показать изменения

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  26) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа  енді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

26) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде (жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде) немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

  • Показать изменения

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  26-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа  енді)

  • Показать изменения

26-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі - жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі мәліметтер жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа  енді )

  • Показать изменения

27) жеке шоттан үзінді - орталық депозитарий,тіркеуші немесе номиналды ұстаушы беретін және тіркелген тұлғаның қаржы құралдары бойынша белгілі бір уақыт кезінде құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 27-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

27-1) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған және инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар кешенді іс-шаралар;

  • Показать изменения

28) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы;

  • Показать изменения

29) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы;

  • Показать изменения

30) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;

  • Показать изменения

31) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі осы бағалы қағаздардың немесе базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;

  • Показать изменения

32) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;

  • Показать изменения

33) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объект құнына сәйкес сомада жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;

  • Показать изменения

34) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де өтімділігі жоғары активтер кепілімен қамтамасыз етілген облигация;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-1) ислам арнайы қаржы компаниясы - осы Заңға сәйкес акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-2) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлік және талап ету құқықтары, олар бойынша түсімдер;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-3) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-3) ислам бағалы қағаздары - шығару талаптары исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтер мен табыстарға, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған қызметтерге немесе активтерге билік ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-4) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-4) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны - ислам бағалы қағаздарын оларды бастапқы орналастыру аясында ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген талаптар бойынша сатып алу кезінде инвестор төлейтін ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-5) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесілі ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына бара-бар үлеске сәйкес келетін ақша сомасын бөлінген активтер есебінен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген мерзімдерде төлеу;

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 34-6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

34-6) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарттың негізінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін ұйым;

  • Показать изменения

35) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

  • Показать изменения

36) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға;

  • Показать изменения

37) қазақстандық депозитарийлік қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

  • Показать изменения

38) қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

39) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

  • Показать изменения

40) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебі;

  • Показать изменения

41) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;

  • Показать изменения

42) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

43) қаржы нарығы - қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;

  • Показать изменения

44) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

45) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз;

  • Показать изменения

46) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы
қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар;

  • Показать изменения

47) левередж - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы;

  • Показать изменения

48) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу;

  • Показать изменения

49) лицензиат - уәкілетті орган берген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

50) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;

  • Показать изменения

51) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

  • Показать изменения

52) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;

  • Показать изменения

53) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай;

  • Показать изменения

54) номиналды ұстауды есепке алу жүйесі - номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер;

  • Показать изменения

55) облигацияларды өтеу - эмитенттің орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейіннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тәртіппен сол эмитенттің акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі іс-әрекеті;

  • Показать изменения

56) облигацияларды ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым;

  • Показать изменения

57) облигациялық бағдарлама - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісінде белгіленетін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;

  • Показать изменения

58) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома;

  • Показать изменения

59) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу;

  • Показать изменения

60) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 60-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

60-1) оригинатор - ислам банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке (ұлттық басқарушы холдингтің келісімі болғанда) тиесілі, активтерін ислам арнайы қаржы компаниясына сатып алу-сату шартының негізінде беретін және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

61) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;

  • Показать изменения

62) орталық депозитарий - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

  • Показать изменения

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  62-1) тармақшамен толықтырылды  (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді )

  • Показать изменения

62-1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі - депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий қалыптастыратын мәліметтер жиынтығы;

  • Показать изменения

63) өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға;