<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ 28.09.9...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

(2009.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2007.19.06  № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда,  »«жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің»,  « жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін»,  »жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі»  деген сөздер тиісінше «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)

  

I. Жалпы бөлiм                                             (1 - 50 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер                                    (1 - 9 баптар)
2-тарау. Сайлау органдары                                  (10 - 20 баптар)
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi                   (21 - 23 баптар)
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi                  (24 - 26 баптар)
5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт                             (27 - 32 баптар)
6-тарау. Сайлауды қаржыландыру                             (33 - 36 баптар)
7-тарау. Дауыс беру тәртібі                                (37 - 42 баптар)
8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау                 (43 - 46 баптар)
9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi                 (47 - 50 баптар)
9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып           (50-1 - 50-9 баптар)
           сайлау өткізудiң ерекшелiктерi
II. Ерекше бөлім                                           (51 - 133 баптар)
10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы     (51 - 68 баптар)
11-тарау. Республика Парламентi Сенатының                  (69 - 84 баптар)
          депутаттарын сайлау
12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң                (85 - 100 баптар)
           депутаттарын сайлау
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының           (101 - 113 баптар)
          сайлауы

14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi          114 - 127 баптар

өзiн-өзi басқару органдарына сайлау

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер                   (129 - 133 баптар)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырып өзгертілді және кiрiспе алынып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

  • Показать изменения

Осы Конституциялық заң Республика Президентінің, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжілісi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткізу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Сайлау бостандығы

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

  • Показать изменения

1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын,  өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III  Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара)  4-бап өзгертілді

  • Показать изменения

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

  • Показать изменения

1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Мыналар:

1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

  • Показать изменения

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара)  ; 2007.19.06   № 268 -III   (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Тең сайлау құқығы

  • Показать изменения

1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары  және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр даусы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сайлаушылар Республиканың өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Төте сайлау құқығы

  • Показать изменения

Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Жанама сайлау құқығы

1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. алынып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Жасырын дауыс беру

  • Показать изменения

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара)  ; 2007.19.06   № 268 -III   (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді

  • Показать изменения

9-бап. Сайлау жүйелерi

  • Показать изменения

1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

  • Показать изменения

1) 06.11.98 ж. № 285-I  ҚР  Конституциялық Заңымен  алып тасталды

2) мыналар:

  • Показать изменения

- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

  • Показать изменения

- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

  • Показать изменения

1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

1)

2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Сайлау органдары

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

  • Показать изменения

3) округтiк сайлау комиссиялары;

4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.

  • Показать изменения

Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.

  • Показать изменения

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

  • Показать изменения

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

  • Показать изменения

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

  • Показать изменения

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.

  • Показать изменения

Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара)  11-бап өзгертілді

11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы  

  • Показать изменения

1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.

  • Показать изменения

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. 2007.19.06   № 268 -III   ҚР  Конституциялық Заңымен   алып тасталды(бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II  ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06   № 268 -III   ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді

  • Показать изменения

12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi Орталық сайлау комиссиясы:

  • Показать изменения

1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;

2) Президент пен Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етедi;

  • Показать изменения

2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

  • Показать изменения

3) 2007.19.06   № 268 -III    ҚР  Конституциялық Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)   

3-1) алынып тасталды

  • Показать изменения

4) сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;

  • Показать изменения

5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық-ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және  өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртібін, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

  • Показать изменения

9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады.

10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

  • Показать изменения

15) мәслихаттар мен  өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

  • Показать изменения

16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының  санын анықтайды;

  • Показать изменения

16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;

  • Показать изменения

16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;

16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;

  • Показать изменения

16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Аумақты сайлау комиссиялары:

  • Показать изменения

1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;

2) жетi адамнан құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. алынып тасталды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал  өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

06.05.99 ж. № 375-I ҚР  Конституциялық Заңымен ;14.04.04 ж. № 545-II  ҚР  Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06   № 268 -III  ҚР  Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын,  өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;

ҚР Конституциялық заң  жобасын қара

  • Показать изменения

2-1) Президенттікке кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси, партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;

  • Показать изменения

3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;

  • Показать изменения

4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

  • Показать изменения

5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

  • Показать изменения

6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;

  • Показать изменения

7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін  сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;

  • Показать изменения

10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін  сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан  өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды;  мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне  кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.