<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 05.07.01 Ж. № 222-ІІ ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 5 шілдедегі № 222-II Заңы

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосқан адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің көтермелеуіне байланысты қатынастарды реттейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап

  • Показать изменения

1. Осы Заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге:

демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;

бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін;

  • Показать изменения

қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;

Қазақстанның ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалары үшін береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік сыйлық отандық, халықаралық және шетелдік ұйымдарға берілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап

  • Показать изменения

1. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, омырауға тағатын белгі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап

Мемлекеттік сыйлық бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін, мұндай жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Мемлекеттік сыйлықты қайталап беруге рұқсат етілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап

Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер ұсыну құқығына:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің комитеттері;

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;

мәслихаттармен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімдері;

отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар ие болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережені, сыйлықтың саны мен мөлшерін, сондай-ақ оны беру жөніндегі комиссияның дербес құрамын Республика Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының, омырауға тағатын белгісінің және куәлігінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентімен келісе отырып Республика Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев