<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 17 ШІЛДЕДЕГІ № 693 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 Қаулысы

(2008.03.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын»Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

  • Показать изменения

2. Қоғам негізгі қызметінің мәні:

  • Показать изменения

1) концессияға ұсынуға ықтимал объектілер бойынша ұсыныстарды талдау және сараптау;

  • Показать изменения

2) концессияға ықтимал объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелерін бағалау және экономикалық сараптау;

  • Показать изменения

3) концессия объектілері бойынша конкурстық құжаттаманы сараптау;

  • Показать изменения

4) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаларды талдау және сараптау;

  • Показать изменения

5) концессия шарттарының жобаларын сараптау;

  • Показать изменения

6) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) экономикалық сараптау жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 17 шілдедегі

№ 693 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

  • Показать изменения

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

  • Показать изменения

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-105-жолмен толықтырылсын:

«21-105. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-5-жолмен толықтырылсын:

«268-5. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ».

ҚР Үкіметінің 2008.03.10. № 915 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:

«13. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ».

  • Показать изменения

4. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):

  • Показать изменения

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  • Показать изменения

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

«5. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы».

5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

  • Показать изменения

көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:

  • Показать изменения

«28-1. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы 100 %».