Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.14.04 № 303 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі - Индустрияландыру картасы);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

  • Показать изменения

2. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалық топтар ай сайынғы негізде «Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістерді басқару» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне ұсынсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.

  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат және Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде ұсыныстар берсін.

  • Показать изменения

5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі базасында Ақпараттық жүйенің техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг