<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1992.02.07 № 1488-ХІІ ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-бап. Осы Заңның мақсаты

  • Показать изменения

Осы Заңның мақсаты:

  • Показать изменения

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;

  • Показать изменения

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;

  • Показать изменения

3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;

  • Показать изменения

5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) алдын-ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;

  • Показать изменения

2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;

  • Показать изменения

3) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;

  • Показать изменения

4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;

  • Показать изменения

5) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;

6) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;

7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар - археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;

  • Показать изменения

8) тарихи-мәдени қорық - айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;

9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;

11) тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;

  • Показать изменения

12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін  қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

13) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;

14) тарихи-сәулет тірек жоспары - тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану

  • Показать изменения

1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай  түрлерге бөлінеді:

1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;

2) археология ескерткіштері;

3) ансамбльдер.

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:

  • Показать изменения

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;

  • Показать изменения

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;

  • Показать изменения

3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;

  • Показать изменения

5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;

  • Показать изменения

6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесі

  • Показать изменения

Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштер мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған кезден бастап иеленедi.

  • Показать изменения

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ұсынылады.

  • Показать изменения

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебесінен айырудың ерекше құқықтық режимi болады.

  • Показать изменения

Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесінен айыруға, оны Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана уәкілетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының уәкілетті органның арнаулы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша, тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен жол берiледi.

  • Показать изменения

Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі құзыреті

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы тиісті мемлекеттік органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

  • Показать изменения

Халықаралық шарттарға сәйкес:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;

  • Показать изменения

2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;

3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, солардың аумақтарында орналасқан, бірақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы өзінен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игілігі деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнінде шаралар қолданады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау Тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік

құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Меншік қатынастарын реттеу

  • Показать изменения

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері осы заңмен белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Меншік құқығының объектілері

  • Показать изменения

Осы Заңда белгіленген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілері тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығының объектілері болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10-бап. Меншік құқығының субъектілері

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығының субъектілері болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып табылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын олардың меншік иелерімен жасалған шарттар бойынша сатып алуы мүмкін.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншік иесі өкілеттігін уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

12-бап. Меншік субъектілерінің құқықтары

  • Показать изменения

Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштеріне өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, меншік иесінің оларды меншік объектілері ретінде иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге құқығы бар.

Меншігінде тарих және мәдениет ескерткіші бар азамат, егер меншік объектісі өзіне мұрагерлік құқығы арқылы тиесілі болса және шығу тегі немесе мазмұны жағынан мұра етіп қалдырған адамның жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, ол ескерткіштің мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеуді немесе зерттеу мен жария көрсетуге жол бермеуді талап етуге қақылы.

  • Показать изменения

Меншік иесі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және іске қосу нәтижесінде пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөніндегі міндеттемелермен шектеледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

13-бап. Меншiк иелерiнiң мiндеттерi

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады және:

1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

  • Показать изменения

2) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;

  • Показать изменения

4) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді — уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісуге;

  • Показать изменения

6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

  • Показать изменения

Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.

  • Показать изменения

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқықтарынан мәжбүрлеп айыру

  • Показать изменения

Меншiк иесiнiң кiнәсiнен жойылып кету немесе бүлiну қаупiне ұшыраған тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқықтарынан мәжбүрлеп айыруды сот жүзеге асырады.

Меншiк иесi өзiне осы Заңның 13-бабымен көзделген тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі мiндеттемелердi алудан бас тартқан жағдайда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының талап-арызы бойынша сот шешiм қабылдайды.

  • Показать изменения

Меншiк иесiн жеке меншiгіндегі, оның тұрғын үйi немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнен мәжбүрлеп айыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен оған өзге тұрғын жай және шарт бойынша тиiстi өтем ақы берiлмей жүзеге асырылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-бап. тарих және мәдениет ескерткішке меншік құқығын сатып алу кезіндегі артықшылықтар

  • Показать изменения

Жалпы үлестік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштің бір бөлігінің меншік иелерінде осы тарих және мәдениет ескерткішінің басқа бөліктерін меншігіне сатып алуға артықшылық құқығы бар.

  • Показать изменения

Тарих және мәдениет ескерткішінің басқа бөліктерін сатып алудың осы баптың бірінші тармағында көзделген артықшылық құқығы сатып алушы меншігінің тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі болмаған ретте де қолданылады.

  • Показать изменения

Тарих және мәдениет ескерткіштерін жария сатқан кезде, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде айтылған реттерді қоспағанда, мемлекеттің оларды нарық (аукцион) бағасы бойынша артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-тарау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары жүйесі

Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды мыналар жүзеге асырады:

  • Показать изменения

- Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  • Показать изменения

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;

  • Показать изменения

- тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган;

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени  мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;

  • Показать изменения

2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

3) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілейді;

  • Показать изменения

4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

5) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

6) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

7) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензиялар беру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

  • Показать изменения

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

2) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды көздейдi;

  • Показать изменения

4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар  тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені  шешеді;

  • Показать изменения

5) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекіту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

  • Показать изменения

8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

  • Показать изменения

9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

  • Показать изменения

10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;

11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады.

  • Показать изменения

13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

  • Показать изменения

15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:

  • Показать изменения

1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектіні қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

4) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;

  • Показать изменения

5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына немесе тарихи-мәдени мұра объектіні қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

  • Показать изменения

6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  19-бап жаңа редакцияда; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

  • Показать изменения

19-бап. Уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласында бағдарламалар әзірлейді және мемлекеттік саясатты іске асырады;

  • Показать изменения

2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;