Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жаңа инфрақұрылымын құру және қызметін қамтамасыз ету;

2) кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне корпоративтік басқару тетіктерін енгізу;

3) техникалық және кәсіптік білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге бөлінсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қоғам жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг