<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2002 Ж. 26 ШІЛДЕДЕГІ № 833 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Показать изменения

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс)

  • Показать изменения

мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 қаулысы

(2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді  (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен  1 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04.  № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12  № 1329 Қаулысымен  (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.

  • Показать изменения

Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 26 шілдедегі

  • Показать изменения

№ 833 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет

  • Показать изменения

меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке

  • Показать изменения

алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану

  • Показать изменения

ережесi

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы және бүкіл  мәтіні бойынша «(түскен)» деген сөз «(айналдырылуы тиіс)» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.10. № 919 Қаулысымен ереже 1-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.10. № 919 Қаулысымен ереже 1-2-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695  (бұр.ред. қара); 2005.21.04.  № 372  (бұр. ред. қара); 2007.29.12.  № 1371 (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:

  • Показать изменения

1) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);

  • Показать изменения

2) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер);

  • Показать изменения

3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар);

  • Показать изменения

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттік қорға өтeyciз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар);

  • Показать изменения

5) заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен  1) тармақша жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік;

  • Показать изменения

2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк);

3) олжаларды;

  • Показать изменения

4) қараусыз жануарларды;

  • Показать изменения

5) ҚР Үкіметінің 2007.29.12.  № 1371 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

  • Показать изменения

4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен , мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

2. Мүлiктi есепке алу және сақтау

  • Показать изменения

5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) тиiстi сот актілерi;

  • Показать изменения

2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;

  • Показать изменения

3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы;

  • Показать изменения

4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.

  • Показать изменения

Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады.

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен  5-1 тармақпен толықтырылды  

  • Показать изменения

5-1. Иесіз жылжымалы мүлікті белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне, оның ішінде заттай дәлел түрінде айналдырған деп танылғанға дейін алты ай ішінде мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарға есепке қою үшін жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

7. Тiзiмдеу актілерін есепке алу үшiн тiзiмдеу актілерінiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актілерінiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекітілуге тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

  • Показать изменения

Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бір Тiзiмдеме актiсi бойынша бірнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бір нөмiрмен жеке ашылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен  8-1 тармақпен толықтырылды  

  • Показать изменения

8-1. Иесіз жылжымалы, оның ішінде заттай дәлел түріндегі мүлікті есепке қойған күннен бастап бес жыл өткен соң коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

  • Показать изменения

9. ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

3. Мүлiктi бағалау

ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен  11-тармақ өзгертілді  

  • Показать изменения

11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен  11-1-тармақпен толықтырылды  

  • Показать изменения

11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

14. Республика меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi.

  • Показать изменения

Коммуналдық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695  қаулыcымен (бұр.ред. қара); 2005.21.04.  № 372  қаулыcымен(бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен  15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

15. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi:

  • Показать изменения

1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы сатылады:

  • Показать изменения

жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

  • Показать изменения

бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын, антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда);

ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1178 қаулысымен 2) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) өзге де Мүлiк аукциондарда сауда-саттықтың ағылшындық немесе голландтық әдiсiмен сатылады. Сатуға бірiншi рет қойылатын мүлiк сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiмен сатылады, аукцион болмаған деп танылған жағдайда екiншi және кейiнгi сауда-саттықтар голландтық әдiспен жүргiзiлуi мүмкiн. Сауда-саттықты ағылшындық және голландтық әдiстермен жүргiзген кезде бастапқы баға мүлiктi бағалау құнынан төмен болмайды. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгі бағаны құрамы мен функциясын уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган анықтайтын комиссия белгілейдi.

  • Показать изменения

Егер Мүлiктi сауда ұйымдары арқылы сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi.

  • Показать изменения

Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады не балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне және басқа да әлеуметтік сала объектілеріне өтеусіз берілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.16.07.  № 1081 Қаулысымен 15-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi.

  • Показать изменения

Мүлiктi сату жөніндегі аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi:

  • Показать изменения

1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткізу әдiсiн анықтайды;

  • Показать изменения

2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен келісім бойынша өзге мерзімді баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткізу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды;

  • Показать изменения

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған мүлік туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның ресми сайтында қосымша жариялануы мүмкін;

  • Показать изменения

3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет:

  • Показать изменения

аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын;

  • Показать изменения

аукцион өткізудiң әдiсi;

  • Показать изменения

Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы;

  • Показать изменения

кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгізу тәртібі;

  • Показать изменения

аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi;

  • Показать изменения

4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткізу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi;

  • Показать изменения

5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды;

  • Показать изменения

6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi;

  • Показать изменения

7) кепiл жарнасын енгізу аукционға қатысушының мынадай:

  • Показать изменения

аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;

  • Показать изменения

аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi;

  • Показать изменения

8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:

  • Показать изменения

аукционға қатысуға өтiнiм;

  • Показать изменения

қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;

  • Показать изменения

кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын;

  • Показать изменения

өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;

  • Показать изменения

заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн;

  • Показать изменения

шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет;

  • Показать изменения

9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бір сағат бұрын аяқталады;

  • Показать изменения

10) аукцион оларды өткізу ережесін, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады;

  • Показать изменения

11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бірi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады;

  • Показать изменения

12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады;

  • Показать изменения

13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бір-бір данадан тапсырылады;

  • Показать изменения

14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады;

  • Показать изменения

15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады;

  • Показать изменения

16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады;

  • Показать изменения

Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай:

  • Показать изменения

аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бір сағат бұрын бас тартқан;

  • Показать изменения

нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды;

  • Показать изменения

17) аукционның қандай да бір затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бірақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады;

  • Показать изменения

18) бірiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бірiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткізу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады.

  • Показать изменения

Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бірi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс;

  • Показать изменения

19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

  • Показать изменения

16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттік органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды.

  • Показать изменения

Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.16.07.  № 1081 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Тізімдеме актісінің негізінде Орталыққа тапсырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 (бұр.ред. қара); 2006.27.02. № 135 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2009.16.07.  № 1081 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі — филиал) немесе Орталыққа жіберілетін бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйілуі тиіс (бұдан әрі — құндылықтар салынған жөнелтілім). Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған екі қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі (бұдан әрі - құндылықтар салынған қап). Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс. Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекен-жайы көрсетіледі. Құндылықтар бар бір орынның (жөнелтілімнің немесе қаптың) ең жоғарғы салмағы 10 (он) кг-дан аспауы тиіс. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) почтамен және қағаз пакеттермен жіберуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Көрсетілген талаптарды бұза отырып ресімделген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) филиалдар мен Орталық қабылдамайды.

  • Показать изменения

Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өз бетімен немесе жергілікті арнайы байланыс бөлімдері арқылы Орталыққа не Алматы қалалық филиалы мен Алматы облыстық филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өз бетімен филиалға жібереді.

  • Показать изменения

Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдаған соң филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен түбіртек береді.

Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын пломбалар таңбаларының уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа беруді қамтамасыз етеді. Пломбалар таңбаларының куәландырылған үлгілері (олар ауыстырылған жағдайда таңбалардың жаңа үлгілері) құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынылуы тиіс. Филиалдар құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашпай, эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.

Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді филиалдар оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде тек арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады.

Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген Тізімдеме актісін (тізімдеме) жасайды, оған уәкілетті органның тиісті өңірлік бөлімшесінің басшысы қол қояды.

  • Показать изменения

Тізімдеме актісі (тізімдеме) үш данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі - құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады, үшіншісі - ілеспе хатпен бірге Орталыққа жіберіледі. Ілеспе хатта құндылықтар Мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың көшірмесі қоса беріліп (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасының актілері және т.с.с), оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), сондай-ақ жөнелтілімді (қапты) ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде уәкілетті орган өкілінің міндетті қатысуының қажеттігі көрсетіледі немесе өз өкілінің қатысуынсыз жөнелтілімді (қапты) ашуға және құндылықтарды қабылдауға келісім беріледі.

  • Показать изменения

Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алғанын растау үшін Орталық уәкілетті органға алдын ала қабылдау актісін жібереді. Жөнелтілімді ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде өз өкілінің міндетті қатысуының қажеттігіне арналған уәкілетті органның нұсқауы бар құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алдын ала қабылдау актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ашылған күні көрсетіледі. Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық жөнелтілімді ашуды және құндылықтарды қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады.