<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 003 Ж. 7 СӘУІРДЕГІ № 402-ІІ ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
2003 ж. 7 сәуірдегі № 402-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2010.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудамен өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;

  • Показать изменения

2) біртұтас деректер базасы - мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) компаундирлеу - белгіленген сападағы мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше компонентті араластыру;

  • Показать изменения

4) кондициялық емес мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі;

  • Показать изменения

5) мұнай беруші - өз шикі мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретін мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

6) мұнай өнімдері базасы - мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы;

  • Показать изменения

7) мұнай өнімдерін бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнімдерін жеке және заңды тұлғаларға одан әрі қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту);

  • Показать изменения

8) мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу - мұнай өндірушілердің, берушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларынан өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнімдерін одан әрі қайта сату мақсатында өткізуі (жөнелтуі);

  • Показать изменения

9) мұнай өнімдерін өндіру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешені;

10) мұнай өнімдерін өндірудің ең төменгі көлемі - мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымдары мен басқа да шикізат көздерінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің уәкілетті орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі;

  • Показать изменения

11) мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткізуді жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы;

  • Показать изменения

12) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;

  • Показать изменения

13) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін белгіленген нысандағы құжат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, осы Заңмен белгіленген құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

15) ілеспе жүкқұжат - жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жүру жолында мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнімдерін босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Өзге мемлекеттік органдар мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының жекелеген мәселелерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде реттеуге құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеуді;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi;

  • Показать изменения

3) мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг, iлеспе жүкқұжатты енгізу және декларациялау тәртібін белгiлеу арқылы жүзеге асыруды;

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) мұнай өнiмдерiнiң қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қою мен тыйым салуды белгiлейдi;

  • Показать изменения

4) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды белгiлейдi;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi рыногына берудi реттеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;

  • Показать изменения

7) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;

  • Показать изменения

2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады;

3) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының балансын жасай отырып, бiртұтас деректер базасын жүргiзудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;

5) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

6) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7)-12) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi;

  • Показать изменения

8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi;

  • Показать изменения

11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi.

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

13) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекеліне талдау мен бағалауды жүргізеді;

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды

15) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III  (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және метрология жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;

3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртібі мен талаптарын белгiлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделі мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 174-III Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7. Осы бапта аталған мемлекеттік органдар, сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы

  • Показать изменения

1. Уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылауды жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен шаралар қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

2. Осы Заңды бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануы үшiн оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.

2. Мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:

1) осы Заңның 9-бабында көзделген мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары бұзылған;

2) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайларда мүмкiн.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8-1-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар

1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері: бензин, дизель отыны, мазут және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу процестері, мұнай өнімдерін компаундирлеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы болып табылады.

3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдықтар мен техникалық құралдар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

4. Өндірістік аймақтар мен үй-жайлардың ауа ортасында мұнай буларының шоғырлануы техникалық регламенттерде белгіленген шекті жол берілетін нормалардан аспауға тиіс.

5. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және тарату жөніндегі объектілерді жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдері ескерілуге тиіс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мұнай өнiмдерiн өндiру:

  • Показать изменения

1) лицензияда көрсетiлген орналасқан жері бойынша;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) тиісті техникалық регламенттерге және өлшем бірлігін қамтамасыз етуге сай келетiн жабдықта;

3) өндiрiс паспорты болған жағдайда;

  • Показать изменения

4) уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптары болған жағдайда жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Тиісті лицензиясы бар мұнай өнімдерін өндірушілер мен биоотын өндірушілерге ғана компаундирлеуге, мұнай өнімдеріне телімдерді, қоспалар мен компоненттерді енгізуге жол беріледі.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) дизель отыны, мазут техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда, оларға тұнбалар мен қоспалар енгізуге жол беріледі.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1 Мұнай өңдейтін зауыттар өндіретін мұнай өнімдері осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Екi және одан көп өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн бiр ғана жабдықпен өндiруiне тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

1) уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі және (немесе) мұнай өнімдерін өндірудің ай сайынғы көлемін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға;

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) өзiнiң өндiрiстiк қуаттары өндiрiс паспортына сәйкес бір ай iшiнде толық жүктелмеген жағдайда олардың шегiнде шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қабылдауға;

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1) мұнай берушіде иеленетін (қабылданатын) мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттар болған кезде ғана оны өңдеу үшін иеленуге (қабылдауға);

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

3) өндiрiстiк процесс қауiпсiздiгiне төнген қатердiң дереу алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесiн ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға бекітуге ұсынуға;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) уәкілетті органға өндірілетін өнімнің көлемдері туралы, оның ішінде сатылатын мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат ұсынуға;

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөнінде ай сайын есеп табыс етуге;

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) уәкілетті органмен мұнай өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын реагенттер (телімдер мен қоспалар) шығыстарының нормаларын жыл сайын келісуге;

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) уәкілетті органға мұнай және мұнай өнімдерінің ысырап нормаларын жыл сайын бекітуге табыс етуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізудi жүзеге асыруына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң этилдендiрiлген бензин өндiрудi жүзеге асыруына тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

4. Мұнай өнімдерін өндірушілерге уәкілетті органмен келіспей мұнай өнімдерінің жаңа түрлерін немесе олардың қоспаларын дайындауға тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын декларациялау мен олардың мониторингi

  • Показать изменения

1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға өнiм қалдығы мен (немесе) мұнай өнiмдерi айналымының көлемi туралы декларациялар табыс етуге мiндеттi.

  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға мониторингтi жүзеге асыру үшiн мәлiметтер табыс етуге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Мұнай өнiмдерiн өткізу жағдайлары

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының аумағында этилдендiрiлген бензиннiң айналымына, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізуге және оларды әрi қарай өңдемей сақтауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, сондай-ақ автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi.

  • Показать изменения

Мұнай берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң есептеу аспаптары арқылы, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi 01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiлді

  • Показать изменения

3. Мұнай өнiмдерiн автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізуге компьютерлiк есептеу жүйесi болған жағдайда уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемi туралы ақпаратты бере отырып жол берiледi.

  • Показать изменения

Халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, ауылдық жерде (ауыл (село), сондай-ақ дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан автомобильдерге жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемiнiң оңайлатылған есептеу жүйесi болған жағдайда жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Автомобильдерге контейнерлiк үлгідегі жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, сондай-ақ ауылдық жерде (ауыл (село) жол берiледi.

  • Показать изменения

Автомобильдерге жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге тек дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғана жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мұнай өнiмдерiн өткізу шарттарын жасасуға басымдық беруге мiндеттi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу

  • Показать изменения

Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтеу баждарының ставкаларын, мұнай өнiмдерiнiң импорты мен экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау жағдайлары

1. Мұнай өнiмдерiнiң, қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес, арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы тасымалдануына жол берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзген кезде, мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн көліктің әрбір түрiне белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

4. Мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болуға тиіс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Мұнай өнімдерін тасымалдау мұнай өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, олардың шығындары белгіленген шекті нормадан аспауы керек.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiн қоспағанда, 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев