<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ 30.03.95 Ж. № 2155 ҚР ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

(2012.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 ж. 28 желтоқсанда және 2012 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi

 

  • Показать изменения

1 Тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

  • Показать изменения

2 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттi, функциялары және өкiлеттiктерi

(7 - 8 баптар)

  • Показать изменения

3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

(9 - 11 баптар)

  • Показать изменения

4 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті

(12 - 20 баптар)

  • Показать изменения

5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы

(21 - 28 баптар)

  • Показать изменения

6 Тарау. Ақша-кредит саясаты

(29 - 37 баптар)

  • Показать изменения

7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бірлiгi

(38 - 47 баптар)

  • Показать изменения

8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

(48 - 51 баптар)

  • Показать изменения

9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары

(52 - 54 баптар)

  • Показать изменения

10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар

(55 - 60 баптар)

  • Показать изменения

11 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары

(61 - 64 баптар)

  • Показать изменения

12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi

(65 - 68 баптар)

  • Показать изменения

13 Тарау. Қорытынды ережелер

(69 - 74 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1 Тарау. Жалпы ережелер

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бірiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді

  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келісімдердi) басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; 29.06.98 ж. № 236-1 ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертiлдi

3-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің есептiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімiмен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекітуi;

Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуi;

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілері

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк актілері - "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 алынып тасталды

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді

  • Показать изменения

2 тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты,

мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты мен мiндеттерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  • Показать изменения

1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 167-ІV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV (бұр.ред.қара) (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

  • Показать изменения

8-бап. Қазақстан Ұлттық банкінің функциялары мен өкілеттіктері

  • Показать изменения

Қазақстанның Ұлттық банкi:

  • Показать изменения

а) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.

  • Показать изменения

б) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетедi;

  • Показать изменения

в) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

г) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

  • Показать изменения

д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртібін айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

д-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

д-3) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар ретіндегі халықтың мүдделерін қорғау мақсатында, айырбас пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы;

  • Показать изменения

е) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

е-1) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды

  • Показать изменения

ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.

  • Показать изменения

ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

ж-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;

  • Показать изменения

ж-3) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;

  • Показать изменения

з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;

  • Показать изменения

з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;

  • Показать изменения

з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, пайдаланудың және өтеудің тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді;

  • Показать изменения

и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

  • Показать изменения

и-1) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

  • Показать изменения

и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi;

  • Показать изменения

и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

и-4) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге рұқсат бередi;

  • Показать изменения

к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

  • Показать изменения

к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

к-2) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;

  • Показать изменения

л-1) төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі алғашқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін айқындайды және оны жинауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

л-2) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;

  • Показать изменения

л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;

  • Показать изменения

л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келісім бойынша белгiлейдi;

  • Показать изменения

м) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;

  • Показать изменения

н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бір бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға құқылы;

  • Показать изменения

н-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құруға құқылы;

  • Показать изменения

о) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгiлейдi, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтегi мемлекеттік қорын құрайды;

  • Показать изменения

о-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;

  • Показать изменения

п) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;

  • Показать изменения

р) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;

  • Показать изменения

p-1) мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;

  • Показать изменения

р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;

  • Показать изменения

р-3) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;

с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;

  • Показать изменения

т) мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

  • Показать изменения

у) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;

у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;

  • Показать изменения

у-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

  • Показать изменения

у-5) банк шоттарының құқықтық режимін және құрылымын белгілейді;

  • Показать изменения

у-6) ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;

  • Показать изменения

у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

  • Показать изменения

у-10) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;

  • Показать изменения

у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;

  • Показать изменения

у-12) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

у-13) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

у-17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етеді;

  • Показать изменения

ф) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

 

11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi

  • Показать изменения

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)

  • Показать изменения

Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.