<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.26.04 № 329 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 Қаулысы

(2011.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.

  • Показать изменения

4. Мыналар:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті;

2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.

5. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

1) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара )

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды бұр. ред. қара )

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

  • Показать изменения

6. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Мыналар:

1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;

қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін:

туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге мақсаттағы объектілерді орналастыру орындарын жоспарлау;

туризм индустриясы объектілерін салу үшін қажетті инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;

2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;

қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін:

туризм және спорт объектілерін ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;

туристік қызметтер мен туристік өнімдердің маркетингі;

жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндіру;

кәдесый және басқа да туристік өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету.

8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға  арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін.

9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін;

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп:

1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;

2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен қоғамдардың директорлар кеңесін қалыптастырсын.

11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

  • Показать изменения

2006 жылғы 26 сәуірдегі

№ 329 қаулысымен

бекітілген

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы

  • Показать изменения

ереже

 

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

  • Показать изменения

Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Спорт комитеті, Туризм индустриясы комитеті.

  • Показать изменения

Ведомствоның өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының құзыреті мен тәртібін Министр белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-іс құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

Министрліктің құрылымын Министрдің келісімінен кейін Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

Ведомстволар, департаменттер мен басқармалар Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

Министрліктің департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Министрліктің аппараты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

 

  • Показать изменения

13. Министрліктің негізгі міндеті туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008.23.09. № 879 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 1089 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.08. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.12. № 1586 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді  

  • Показать изменения

14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік басқару;

  • Показать изменения

туристік қызмет саласындағы өңіраралық және салааралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала,  астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру, туристік қызмет саласындағы меншік нысанына қарамастан отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;

  • Показать изменения

туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады;

  • Показать изменения

өзінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманың қолданылу практикасын қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • Показать изменения

өзінің құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;

туристік қызметтер нарығындағы бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілеріне нарықта тең жағдайлар жасайды;

туристерді тәрбиелеуге, білім беруге және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасайды;

азаматтардың саяхат жасау кезіндегі қажеттілігін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамытуға жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының кірісін ұлғайтуға жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

халықаралық туристік байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;

туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;

ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жүзеге асырады;

отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

туристік өнімді ішкі және әлемдік туристік нарықтарда жылжытуға жәрдемдеседі;

  • Показать изменения

елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды есепке алу мен қорғауды қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекітеді;

  • Показать изменения

туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;

  • Показать изменения

туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешенді талдауды, болжамдауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;

  • Показать изменения

туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;

дербес құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекіту үшін ұсынады;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы және тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актілердің нысандарын белгілейді

  • Показать изменения

ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;

  • Показать изменения

жаттықтырушылар, нұсқаушылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

  • Показать изменения

тұрғын үй аудандарын, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейінгі мекемелерді және оқу орындарын қолданыстағы қала құрылысы нормалары негізінде спорттық ғимараттармен қамтамасыз етудің нормативтерін әзірлейді;

дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

  • Показать изменения

ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;

салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

дене шынықтыру және спорт саласындағы құрмет атақтарын береді;

спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;

  • Показать изменения

спорттық ғимараттарды пайдаланудың нормалары мен ережелерін, спорттық ғимараттарға техникалық қызмет көрсету мен оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

халықтың дене дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

спорттық ғимараттар құрылысына арналған жобалық құжаттаманы келіседі және спорттық жабдықты өндіру кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандарттауға қатысады;

  • Показать изменения

спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданудың тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды.

  • Показать изменения

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын бекітеді;

Дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру қағидасын бекітеді;

  • Показать изменения

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері мен спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидасын бекітеді;

  • Показать изменения

Спорт түрлері бойынша жарыстар қағидасын бекітеді;

Спортшының бір дене шынықтыру-спорттық ұйымынан, дене шынықтыру-спорттық қоғамынан (спорттық клубтан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымына, дене шынықтыру-спорттық қоғамына (спорттық клубқа) өту қағидасын бекітеді;

спорт объектілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталу тұрғысына бақылауды жүзеге асырады;

гендерлік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдарды, наразылықты қарайды және шешімдер шығарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2008.23.09. № 879 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 1089 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.08. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.12. № 1586 Қаулысымен (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

15. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функцияларды жүктейді:

  • Показать изменения

мемлекеттік саясатты іске асыру;

  • Показать изменения

туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асыру;

Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылау;

  • Показать изменения

лицензиялау;

туроператорларды, турагенттерді және туристерді уақытша тұратын елдегі (орындағы) олар үшін мүмкін болатын қауіптер туралы хабардар ету;

туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарға туристік қызмет субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

  • Показать изменения

туристердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

туристік нарыққа зерттеулер жүргізу, Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және оны халықаралық туристік нарық пен мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелерді және жәрмеңкелерді өткізу жолымен тарату;

  • Показать изменения

хаттамалар жасау және туристік қызмет, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;

  • Показать изменения

туристік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаны қолдану;

  • Показать изменения

туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

  • Показать изменения

туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіру және олардың жұмысына қатысу;

  • Показать изменения

туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспалық, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

  • Показать изменения

спорттық атақтар мен санаттар беру;

  • Показать изменения

спорт түрлерінен, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерінен, бұқаралық спорттан республикалық және халықаралық жарыстарды өткізу;

Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертіккен кезде бюджеттік қаражат есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезінде бюджеттік қаражат есебінен сақтандыруды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрі қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • Показать изменения

спорт түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу;

жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыру;

спорттағы допингке қарсы іс-шаралар жүргізуді бақылау;

  • Показать изменения

жыл сайын түрлі спорт түрлерінен федерациялардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекіту;

  • Показать изменения

балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, олимпиадалық резервтің спорт мектептерінде, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында және олимпиадалық даярлық орталықтарында спорт резервін даярлау жөнінде жұмыс жүргізу;

  • Показать изменения

спорттық киімдер мен басқа да спорттық жабдықтарды безендіру кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат беру.

  • Показать изменения

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу;

  • Показать изменения

спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындау және босату;

  • Показать изменения

дене шынықтыру-спорттық және балалар мен жасөспірімдер спорттық ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекіту.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • Показать изменения

өзінің құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

  • Показать изменения

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

 

  • Показать изменения

17. Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің екі орынбасары (вице-министрлері) болады. Вице-министрлерді қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынысы бойынша жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

20. Осы мақсаттарда Министр:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелеу шараларын қолданады;

4) бұйрықтарға қол қояды;

5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;

6) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді;

  • Показать изменения

7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жеке жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің немесе оның орнын алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттігінің тоқтауына әкелмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

25. Жауапты хатшы:

  • Показать изменения

1) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласында министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орталық атқарушы орган штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;

5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;

8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорларын және басқармаларының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) Министрдің комитеттер төрағалары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер төрағаларының орынбасарларын тағайындауын келіседі;

10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

  • Показать изменения

12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

  • Показать изменения

13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшысы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;

15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

16) Министрмен келіскеннен кейін органды қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік органның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;