<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.2.06 № 454 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Осы редакция 2011 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 2 маусымдағы

№ 454 қаулысымен

бекітілген

 

  • Показать изменения

Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі

(2008.28.03. берілген өзгерістермен)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және нотариаттық қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Лицензиялары жоқ адамдардың («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының 1-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда) нотариаттық әрекеттерді нотариат туралы заңнаманың өзге де талаптарын бұза отырып жасауы және бұл әрекеттерден табыс алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі

 

4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі - лицензия) нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген (бұдан әрі - өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды береді:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) лицензия алу үшін аттестаттаудан өткені туралы әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - ӘАК) шешімі не өтініш берушінің ӘАК-да туралы шарттың көшірмесі;

6) нотариус тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі немесе үзінді көшірме;

7) тағылымдамадан өткендігі туралы нотариус тағылымдамашысы жетекшісінің заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген қорытындысы;

9) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;

10) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

11) егер лицензия беру үшін бұрынғы мемлекеттік нотариус өтініш білдірген жағдайда атқарған қызметінен босатылу себебі қамтылған не егер лицензияны беру үшін тағлымдама мерзімі қысқартылған өтініш беруші өтініш білдірген жағдайда заңгер мамандығы бойынша стажын растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Өтініш берушіні ӘАК-да аттестаттаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы берген өтініш берушінің Әділет біліктілік алқасына судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама;

2) құзыретті лауазымды адам оны лицензиарға тапсыруға дейін кемінде бір ай бұрын берген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі;

4) өтініш берушінің мемлекеттік нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әділет органының анықтамасы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген жағдайда, онда олардан лицензиарға осы Ереженің 5-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Өтініш беруші ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Лицензия бас лицензия болып табылады және өтініш берушіге мерзімі шектелмей беріледі.

Лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса-өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Лицензиар өтініш берушінің өтінішіне қоса берілген құжаттардың толықтығын және анықтығын тексереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Лицензиялар алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен береді.

Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, олардың көшірмесін көрсетілген орган құжаттардың қабылданған күні туралы белгі қойып өтініш берушіге жібереді (тапсырады).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша лицензияр лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Лицензиардың лицензиялар беру туралы шешімі Қазақстан

  • Показать изменения

Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиаттың лицензия алуға уәкілетті өкіліне берілуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың оның телнұсқасын алуға құқығы бар.

Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша ол өтініш берген күннен бастап он күн ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Өтініш берушіге, егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;

3) лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

5) өтініш берушіге қатысты оған нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

 

19. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензия алып қойылғанда;

2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда;

3) лицензия ерікті түрде қайтарылғанда;

4) лицензияланатындардың тізбесінен нотариаттық қызмет алып тасталса тоқтатылады.

Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Есепке алу және бақылау

 

21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22. Лицензиар лицензиаттар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді, сондай-ақ лицензияларды кері қайтарып алу, олардың күшін тоқтату, күшін тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді Нотариустар лицензияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді және ведомстволық басылым органында жариялайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23. Нотариустар лицензияларының мемлекеттік тізілімінде Заңның 8-бабы 5) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетілуі тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24. Осы Ереженің негізінде берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялар бланкілеріне тапсырыс жасайды.

Лицензия бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25. Лицензиялардың бүлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған лицензияларды лицензиар комиссиямен жоюы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26. Лицензиар өз құзыретінің шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды беруін талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 2 маусымдағы

№ 454 қаулысымен

Бекітілген

 

Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

 

  • Показать изменения

1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) жоғары заң білімінің болуы;

  • Показать изменения

3) әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өту;

  • Показать изменения

4) кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан ету.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. 1-тармақтың 3) тармақшасында көзделген біліктілік талаптары:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;

2) тұрақты судьяларға;

3) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. 1-тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік нотариустарға, олар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген кезде қолданылмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды.

  • Показать изменения

Нотариусқа қатысты ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған, нотариаттық қызметін лицензиядан айырылуына байланысты тоқтатқан не нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан босатылған адам мұндай оқиға болғаннан кейін үш жыл бойы нотариус бола алмайды.