Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1647 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1647 Қаулысы

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1647 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 17 қаңтардағы

№ 49 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда кеменің жасы деп кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі түсініледі.

3. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және теңіз кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг