<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 31 МАМЫРДАҒЫ № 743 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 Қаулысы

(2003.21.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения

Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты

мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесі

  • Показать изменения

1. Осы Ереже «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беруді осы жұмыстарға тапсырыс беруші ұйым «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 15-бабына сәйкес иелігінде тиісті мәліметтер бар мемлекеттік органның рұқсатымен және тек осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беру тапсырыс беруші ұйым мен орындаушы ұйым (азамат) арасында жасалған бірлескен және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мемлекеттік құпияларға иелік ету жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органның мәліметтерді беру мүмкіндігі туралы қорытындысын алғанға дейін бірлескен және өзге де жұмыстарды жүргізуге шарт жасасуға және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Бірлескен және басқа да жұмыстарды жүргізу шартында жұмыстарды жүргізу процесіндегі сияқты, оларды аяқтағаннан кейін де мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттемелері, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) қаржыландыру шарттары көзделуі тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді ұйымдарға немесе азаматтарға беру қажеттігі туындаған кезде тапсырыс беруші ұйым осы мәліметтерге иелік ету жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органға жазбаша сұрату жібереді.

Сұратуда мыналар:

оларға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ұйғарылған орындаушы ұйым немесе азамат;

орындаушы ұйымның ведомстволық және мемлекеттік бағыныстылығы, азаматтығы (азаматтар үшін);

беруге жоспарланған мәліметтер тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі; мәліметтерді беру қажеттілігінің және орындылығының негізділігі;

орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары берген рұқсат нөмірі мен күні; мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге берілген рұқсат нысаны, нөмірі мен күні (азаматтар үшін);

мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру жоспарланған мерзім көрсетіледі.

Сұратуға тапсырыс берген ұйым мен орындаушы ұйым немесе азамат арасында жасалған бірлескен және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы қоса беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Тиісті мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органның басшысы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) тапсырыс беруші ұйымның сұратуын қарайды және мәліметтерді ұйымдар мен азаматтарға беруге мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Кері шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік орган мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруге кедергі болатын себептерді көрсете отырып дәлелді жауап береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 21.03.03 № 287 қаулысымен 9-тармақ өзгерді

  • Показать изменения

9. Орындаушы ұйымда мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар:

  • Показать изменения

орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесіне;

  • Показать изменения

орындаушы ұйымда құрылатын, тапсырыс беруші ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің филиалына;

  • Показать изменения

басқа ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесіне жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда орындаушы ұйым осы ұйыммен оның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің қызметтерін пайдалану туралы шарт жасасады, бұл туралы екі шарттасушы тараптың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге берілген рұқсатта тиісті белгі жасалады. Ұйымдар шарт жасасу туралы жазбаша нысанда тиісті ұйымдар орналасқан жердегі мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның жанындағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық органын хабардар етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Тапсырыс беруші ұйым өзіне орындаушы ұйымда мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі ұйымдастыру және бақылау жөніндегі функцияларды қабылдайды, оны мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қажетті нормативтік құқықтық кесімдермен жабдықтайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді бірлескен және басқа да жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына беру кезінде тапсырыс беруші ұйым белгіленген тәртіппен рұқсат беруге ресімдеуге жататын лауазымдар номенклатурасына қажетті толықтырулар енгізуге және азаматқа тиісті нысан бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге рұқсатты ресімдеуге тиіс. Бұл ретте рұқсат беру туралы шешімі тапсырыс беруші ұйым басшысы қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындау барысында орындаушы ұйым немесе азамат мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде өзіне алған міндеттемелерді бұзған кезде тапсырыс беруші ұйым жолсыздықтарды жойғанға дейін тапсырысты орындауды тоқтата тұруға, ал екінші қайтара бұзу кезінде - тапсырыстың және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге берілген рұқсаттың күшін жою туралы (азаматтығы рұқсат күшін тоқтату) және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қоюға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Бірлескен және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік құпиялардың қорғалуын бақылауды ұйымдастыру, жасалған шарт ережелеріне сәйкес, осы жұмыстардың тапсырыс берушісіне жүктеледі.