<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992.18.12. № 1787-XII ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII Заңы

(1999.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және айналадағы табиғи ортаға орны толмас зиян келтірді, халықтың жалпы аурулары мен өлімін көбейтті. Бүкіл Семей аумағы мен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылды.

Ядролық сынақтардың апатты зардабының қатерлі әсері уақыт озған сайын күшейе түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа, ауысып, барған сайын қатерлі әсер етуде.

  • Показать изменения

Бұл зардаптарды жою халықты емдеу, сауықтыру, денсаулығын қалпына келтіру, әлеуметтік қорғау жөніндегі арнаулы мемлекеттік бағдарлама мен кешенді шаралардың жүзеге асырылуын талап етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Заңның мақсаттары мен міндеттері

Бұл Заң Семей ядролық сынақ полигонындағы ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау iсiн қамтамасыз етуге арналған.

Заң көп жылдық ядролық жарылыстар әсерiнен зардап шеккен азаматтардың мәртебесi мен аумақтардың түр-түрiн белгiлейдi, өтемдер, жеңілдiктер түрлерiн және аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөніндегi шараларды айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген

зиянның орнын толтыруға құқығы

Осы Заңның 10-бабында аталған азаматтар категориясының өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын осы Заңның 12, 13, 14, 15-баптарымен айқындалған мөлшерде толтыртуға құқығы бар.

Бұл Заңның күшi Семей облысының аудандары мен қалаларында және Павлодар , Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының ядролық қарулы сынау салдарынан радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған тиiстi аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады.

Аталған аудандар мен қалалардан басқа жерге тұру үшiн кетiп қалған, осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар осы Заңмен көзделген жеңiлдiктерді пайдаланады.

Аталған аудандар мен қалалардан басқа жерге тұру үшiн кетiп қалған, осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын азаматтар халықаралық келісімдерге сәйкес осы Заңда көзделген жеңiлдiктердi пайдаланады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Мемлекеттің ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерi

Республикалық және жергiлiктi мемлекеттік органдар ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыртуға құқықтарын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Осы Заңды iске асыру жөніндегі қажеттi шараларды жүзеге асыру және азаматтарды құқықтық қорғау жөніндегі мiндеттердi мемлекет өз мойнына алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу

 

4-бап. Ядролық сынақ жүргiзген кезде радиоактивтi шөгiндiлердiң әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу

Сәулеленудiң әсерлi эквиваленттi мөлшерi бүкiл сынақ кезеңiнде халық үшiн 0,1 бірден асатын аумақ ластанған деп есептеледi.

Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай:

- төтенше радиациялық қауiптi аймақ;

- ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- ең төмен радиациялық қауiптi аймақ;

- жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi.

  • Показать изменения

Шаруашылық қызметiнiң түрлерi мен оны ұйымдастыру тәртібін, табиғат пайдалану көлемi мен аумақты экологиялық жағынан қалпына келтiрудi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.

  • Показать изменения

Бұдан былай аймақтар шекарасы мен оларға кiретiн аудандарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Төтенше радиациялық қауiптi аймақ

  • Показать изменения

Төтенше радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 100 бэрден жоғары әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған, ең жоғары сейсмикалық әсер белдеуiне кiретiн бөлiгi. Бұл аймаққа Семей облысының Абай ауданындағы Сарыжал селолық Кеңесiнiң, Бесқарағай ауданындағы Долон және Бөденелi селолық Кеңестерiнiң, Жаңасемей ауданындағы Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ

Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 35-тен 100 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi.

  • Показать изменения

Бұл аймаққа Семей облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарының елдi мекендерi, Павлодар облысының Май ауданындағы Ақжар және Малдар селолық Кеңестерi жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Жоғары радиациялық қауiптi аймақ

  • Показать изменения

Жоғары радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 7-ден 35 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi. Бұл аймаққа Семей облысының Шұбартау, Новошульба, Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз аудандарының елдi мекендерi, Семей және Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Егiндiбұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Таврия, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандары, Өскемен және Лениногорск қалалары жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ

Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 0,1-ден 7 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi.

  • Показать изменения

Бұл аймаққа Семей облысының Мақаншы, Уржар, Таскескен, Көкпектi, Ақсуат аудандарының, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Павлодар облысы Лебяжi ауданының, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарының елдi мекендерi жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ

Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ - бүкiл сынақ кезеңiнде тиiмдi эквиваленттi сәулелену мөлшерi әртүрлi себептерден 0,1 бэрден төмен болған, бiрақ радиациялық қауiптi және сейсмикалық қауiптi аудандарға жақын тұруға байланысты елеулi психикалық-эмоциялық терiс әсерi бар ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа таяу жатқан аумақ (әкiмшiлiк аудандардың шекарасы шегінде).

Бұл аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесi

 

10-бап. Заңның күшi қолданылатын, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар категориясы

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мыналар жатады:

әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар;

  • Показать изменения

осы баптың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың куәлiгi

10-бапта аталған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады.

  • Показать изменения

Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және оларға куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-тарау. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар

салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау

 

ҚР 1997.19.06. ж. № 134-1 Заңымен (1998.01.01. бастап күшіне енеді); ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен 12-бапқа өзгерістер енгізілді

  • Показать изменения

12-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жеңiлдiктерi мен өтемдерi

  • Показать изменения

5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аймақтарда жұмыс істеген, тұрған және тұрып жатқан азаматтарға:

ядролық сынақтар келтiрген зиян үшін мына аймақтар бойынша:

  • Показать изменения

- төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 5 ең төмен жалақы және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн бiр ең төмен жалақы мөлшерiнде;

  • Показать изменения

- ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн екi жарым ең төмен жалақы және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн бiр ең төмен жалақы мөлшерiнде;

  • Показать изменения

- жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн бiр жарым ең төмен жалақы және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,75 ең төмен жалақы мөлшерiнде;

  • Показать изменения

- ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1955 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн ең төмен жалақы мөлшерiнде және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,5 ең төмен жалақы мөлшерiнде;

  • Показать изменения

- жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1949-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,25 ең төмен жалақы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемге кепілдiк берiледi.

  • Показать изменения

Ең төмен жалақы дегенiмiз - өтем берген кездегi ең төмен жалақы болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 1997.19.06. ж. № 134-1 Заңымен (1998.01.01. күшіне енеді); ҚР 1999.16.11. № 480-I Заңымен 13-бапқа өзгерістер енгізілді

13-бап. Халықты әлеуметтiк жағынан қолдау

  • Показать изменения

Осы заңның 5 және 6-баптарында аталған аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:

  • Показать изменения

төтенше радиациялық қатер аймағы - 2 айлық есептiк көрсеткiш;

  • Показать изменения

ең жоғары радиациялық қатер аймағы - 1,75 айлық есептiк көрсеткiш.

5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық:

1) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей қосымша еңбекақы мен зейнетақы алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 2 ең төмен жалақы;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,75 ең төмен жалақы;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,5 ең төмен жалақы;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,25 ең төмен жалақы;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1 ең төмен жалақы алуға құқылы.

  • Показать изменения

Мүгедектiк бойынша және асыраушысынан айырылған реттер бойынша мүгедек немесе асыраушы деп танылған адамдардың жұмыс стажына қарамастан, егер ядролық қаруды сынауға себептi байланысы болса, зейнетақы тағайындалады.

  • Показать изменения

2)

3) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 14 календарьлық күнi бар;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 12 календарьлық күнi бар;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 10 календарьлық күнi бар;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 7 календарьлық күнi бар;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша 5 календарьлық күнi бар демалыс алуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР 1998.17.12. № 323-I Заңымен 14-бап жаңа редакцияда; ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен 14-бап өзгертілді

14-бап. Әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер

  • Показать изменения

Ядролық сынақтар әсеріне ұшырған аумақтарда тұратын әйелдердің қалыпты босану жағдайында 170 күнтізбелік күн, босануы ауыр болған реттерде және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 184 күн жүкті болуы мен босануы бойынша демалыс алуға құқығы бар.

Ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқығы бар.

Сырқат баланы күту жөніндегі жұмысқа жарамсыздық парағына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-ананың біреуіне немесе олардың орнындағы адамдарға, жұмыс стажына қарамастан, бүкіл сырқаттанған кезеңге ақы төленеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15-бап. Әскери қызметшiлерге берiлетiн жеңiлдiктер туралы

  • Показать изменения

Әскери қызметшiлер ластанған аумақтарда әскери қызмет атқарған жағдайда осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-тарау. Аумақты экологиялық жағынан сауықтыру

және халыққа медициналық көмек көрсету

 

16-бап. Ядролық жарылыстар әсерiне ұшыраған аумақты экологиялық жағынан сауықтыру

Семей полигонындағы ядролық жарылыстар әсерiне ұшыраған аумақтарда айналадағы табиғи ортаны сауықтыруға бағытталған мынадай кешендi шаралар жүзеге асырылады: айналадағы ортаны ғылыми тұрғыдан зерттеу, сыртқы орта объектiлерiн және жергiлiктi жерде өндiрiлетiн тамақ өнiмдерiн тұрақты бақылауды жүзеге асыру, шаруашылық және өзге қызметке мемлекеттік және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу, радиациялық ластанған аумақтарды шаруашылық айналысына қайтару жөнiнде шаралар жүргізу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру

Осы Заңда аталған адамдар кешендi медициналық тексеруден өткiзуге жатады.

Оларды жеке есепке алу iсiн қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттік регистр құрылады.

Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету және оларға кешендi медициналық тексеру жүргiзу iсiн солар тұратын немесе жұмыс iстейтiн жердегі денсаулық сақтау мекемелері жүзеге асырады. Бұл адамдарға кезектен тыс мамандандырылған медициналық қызмет көрсету iсiн Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерi жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Республика бюджетiнде жыл сайын республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда бiр тұрғынға 1,5 еседен келетiндей есеппен медициналық мекемелердi ұстауға арналған қаржыларды қамтамасыз ететiн қаражат көзделедi. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда орналасқан денсаулық сақтау мекемелерi үшiн жыл сайын медициналық техника мен дәрі-дәрмекті нысаналы түрде бөлудi қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап. Аурулардың Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарға байланыстылық себептерiн анықтау тәртібі

  • Показать изменения

Ядролық сынақтарға байланыстылық себептерi бар деп танылуы мүмкiн аурулар тiзбесiн және байланыстылықты анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тарау. Азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз

етудің экономикалық негіздері және лауазымды адамдардың жауапкершілігі

 

ҚР 1999.07.04. № 374-I Заңымен 19-бап жаңа редакцияда

19-бап. Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Азаматтарды осы Заңда көзделген әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:

республикалық және жергілікті бюджеттердің;

кәсіпорындардың қаражаты;

қайырмалдықтардың, қайырымдылық көмектің, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

  • Показать изменения

Халықты медициналық сауықтыру және аумақтарды әлеуметтік- экономикалық дамыту нысаналы мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20-бап. Осы Заңның бұзылғаны үшiн жауаптылық

Осы Заңның бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, материалдық, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапқа тартылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-тарау. Халықаралық шарттар

 

21-бап. Халықаралық шарттар

Бұл Заң шетел азаматтарына халықаралық келісімдерге сәйкес қолданылады.

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев