<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.29.10 № 1132 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 Қаулысы

(2012.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берілiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1025 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен (бұр. ред. қара) алып тасталды

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.

  • Показать изменения

4. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

  • Показать изменения

6. Қоса беріліп отырған:

  • Показать изменения

1) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен (бұр. ред. қара) алып тасталды

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен  (бұр. ред. қара) алып тасталды

ҚР Үкіметінің 2007.29.09. № 859 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды  (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

ҚР Үкіметінің 2007.29.09. № 859 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)

  • Показать изменения

4) ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Үкіметінің

  • Показать изменения

2004 жылғы 29 қазандағы

№ 1132 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

  • Показать изменения

Министрліктің ведомствосы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

  • Показать изменения

Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Показать изменения

Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.30.05. № 801 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 905 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

 

ҚР Үкіметінің 2010.09.03. № 184 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 181 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Министрліктің негізгі міндеттері:

  • Показать изменения

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;

  • Показать изменения

2) жұмыспен қамту;

3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;

  • Показать изменения

4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;

  • Показать изменения

5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

  • Показать изменения

6) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 323 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.09.03. № 184 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.08. № 905 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.11. № 1358 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 181 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы; сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды; Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді; жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдерін; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - мемлекеттік арнайы жәрдемақы); балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді; біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

  • Показать изменения

2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

3) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

5) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

6) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

  • Показать изменения

9) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

10) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

11) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;

  • Показать изменения

12) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

13) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін өздері белгілеген тәртіппен келіседі;

  • Показать изменения

14) әлеуметтік қорғау және еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;

  • Показать изменения

15) әлеуметтік қорғау және еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

  • Показать изменения

16) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың тізбесін айқындайды;

  • Показать изменения

17) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипатамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын өзі айқындаған тәртіппен бекітеді;

  • Показать изменения

18) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

19) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  • Показать изменения

20) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты және Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етіп отырады;

  • Показать изменения

21) халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлейді;

  • Показать изменения

22) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;

  • Показать изменения

23) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;

  • Показать изменения

24) мүдделі органдармен бірлесіп, кадрлар даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;

  • Показать изменения

25) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;

  • Показать изменения

26) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

27) Орталықтан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу әдістемелерін әзірлейді;

  • Показать изменения

28) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

29) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысанын, мерзімін айқындайды;

  • Показать изменения

30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;

  • Показать изменения

31) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

  • Показать изменения

32) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;

  • Показать изменения

33) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;

  • Показать изменения

34) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;

  • Показать изменения

35) әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптарын әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін бекітеді;

  • Показать изменения

36) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

37) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  • Показать изменения

38) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;

  • Показать изменения

39) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  • Показать изменения

40) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

41) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

42) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

  • Показать изменения

43) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

44) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

45) Министрліктің құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 323 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.09.03. № 184 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.11. № 1358 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 181 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:

  • Показать изменения

1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; мемлекеттік арнайы жәрдемақыны; балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді тағайындау және олардың төленуін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

3) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

5) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнайы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай өтемақылардың; жерлеуге берілетін біржолғы төлемдердің; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдердің; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

6) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;

  • Показать изменения

7) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдері мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

8) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;

  • Показать изменения

9) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;

  • Показать изменения

10) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланудың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • Показать изменения

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;

  • Показать изменения

12) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

  • Показать изменения

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру;

  • Показать изменения

14) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

  • Показать изменения

15) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

  • Показать изменения

16) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

  • Показать изменения

17) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

  • Показать изменения

18) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;

  • Показать изменения

19) «Е-собес», «Әлеуметтік көмек», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбекті қорғау», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ деректер базасын қалыптастыру;

  • Показать изменения

20) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

  • Показать изменения

21) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

  • Показать изменения

22) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

 

  • Показать изменения

12. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

  • Показать изменения

Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.08. № 905 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.11. № 1358 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

14. Министр:

  • Показать изменения

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;

  • Показать изменения

2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;

  • Показать изменения

4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  • Показать изменения

6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

  • Показать изменения

7) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

  • Показать изменения

8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

  • Показать изменения

10) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітіледі;

  • Показать изменения

11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекітеді;

  • Показать изменения

12) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді;

  • Показать изменения

13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;