<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.09.11. № 1072 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 Қаулысы

(2011.30.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) бекітілсін.

  • Показать изменения

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

  • Показать изменения

1) осы Yлгі ережеге сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;

2) өзінің аумақтық бөлімшелерінің заң қызметтерін нығайтуды қамтамасыз етсін, заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру әрі республикалық және өңірлік деңгейде заңдылық режимін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін;

  • Показать изменения

3) қабылданатын кесімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын.

ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітетін кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің жыл сайынғы тағылымдамасын өткізуді қамтамасыз етсін;

  • Показать изменения

3) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жүргізілген тағылымдама нәтижелері туралы хабардар етсін;

  • Показать изменения

4) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне заң жобалау жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берсін;

  • Показать изменения

5) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ағымдағы жылдың заң жобалау жұмыстары жоспарының жай-күйі туралы ақпарат берсін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 17, 187-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 152-құжат);

3) «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 26, 303-құжат).

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

  • Показать изменения

Үкіметінің

2006 жылғы 9 қарашадағы

  • Показать изменения

№ 1072 қаулысымен

  • Показать изменения

бекітілген

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң

  • Показать изменения

қызметтері туралы үлгі ереже

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Осы Үлгі ереже орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтерін (бұдан әрі - заң қызметтері) ұйымдастыруға және олардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Заң қызметтерін заңнамаға сәйкес бекітілген штат санының лимиттері шегінде дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде мемлекеттік органдар құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заң қызметтерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Заң қызметтерін ұйымдастыру туралы

 

  • Показать изменения

4. Тиісті заң қызметтеріндегі лауазымдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңгерлік білімі бар адамдар тағайындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Мемлекеттік органның өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, заң қызметтерін таратуға жол берілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Заң қызметтері өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Үлгі ережені басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Мемлекеттік органда бөлінген бюджет қаражатының шегінде заң қызметтерінің тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдай жасалады:

  • Показать изменения

жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық кесімдердің электрондық қорымен қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

заң қызметтері қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заң қызметтері қызметкерлерін жүйелі түрде тағылымдамадан өткізу үшін тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Заң қызметтерінің қызметі туралы

 

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.25.12. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

8. Заң қызметтері:

  • Показать изменения

сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

  • Показать изменения

мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен дайындауға қатысады;

  • Показать изменения

әзірлеушісі олардың мемлекеттік органы болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;

  • Показать изменения

Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады;

  • Показать изменения

мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;

мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

  • Показать изменения

заңнамалық кесімдерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды;

  • Показать изменения

мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;

  • Показать изменения

мемлекеттік органның норма жасау қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Заң қызметтері:

  • Показать изменения

осы Yлгі ереженің 8-тармағына сәйкес өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;

  • Показать изменения

мемлекеттік орган басшысының немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға құқылы.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары оларды заң қызметтерімен алдын ала келіспестен мемлекеттік органдарға келісуге жіберілмейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

10-1. Заңдық сараптама жүргізу үшін Әділет министрлігіне келісуге жіберген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтары мен Үкіметі қаулыларының жобалары көшірмелерінің әр парағына қол қояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Осы Үлгі ережеге сәйкес заң қызметтеріне олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Заң қызметтері қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы

 

ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік органның бірінші басшысы сыйлық берудің қолданылып жүрген жүйесін және бар мүмкіндіктерді ескере отырып, заң қызметінің қызметкерлеріне қосымша материалдық ынталандыру белгілеуге құқылы.