<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.10 № 1729 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысы

(2011.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 298-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 150-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 қазандағы

№ 1729 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық

  • Показать изменения

(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

  • Показать изменения

 ережесі

 

 

  • Показать изменения

1-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық

(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық)

препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

  • Показать изменения

техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың негізгі

  • Показать изменения

ережелері

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 392 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу не Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, медициналық техниканы кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және оны өткізу қызметінің негізгі мәні болып табылатын ұйым (бұдан әрі - Лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғасы - (берілген өкілдіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа орай мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ, оған қатысты тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың сондай құқығы бар кез келген тұлға;

  • Показать изменения

2) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) осы әлеуетті өнім беруші қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге, оның ішінде шартқа немесе өзге мәмілеге орай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің сондай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

3) тапсырыс берушілер - денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырыс берушілерге жеткізіп беру жөніндегі қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

5) сатып алу - тапсырыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен өз иелігіндегі ақшаның есебінен сатып алуы немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілдермен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу;

  • Показать изменения

6) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік субстанция, табиғи шығу тегі бар дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк- өнімдер, дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;

  • Показать изменения

7) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;

  • Показать изменения

7-1) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық;

  • Показать изменения

7-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;

  • Показать изменения

8) біртектес тауарлар мен қызметтер - бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас құрамдауыштардан тұратын тауарлар мен қызметтер, бұл оларға бірдей функцияларды орындауға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;

  • Показать изменения

9) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі бойынша бұрын тіркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрілік затқа ұқсас деп мәлімделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендірілген биологиялық дәрілік зат;

  • Показать изменения

10) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу үдерісіне қатысатын заңды тұлға;

  • Показать изменения

11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі - біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютер қалыптастыратын мәліметтер;

  • Показать изменения

12) өнім беруші - осы Ережеге сәйкес жеткізу шартын жасасқан не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

  • Показать изменения

13) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың неғұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағдарланған сатып алу тәсілі;

  • Показать изменения

14) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер - сатып алудың неғұрлым темен бағасын айқындау рәсімдерін өткізу жолымен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютердың сатып алу тәсілі;

  • Показать изменения

15) тендерлік құжаттама - әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді дайындау үшін тендерді ұйымдастырушы ұсынатын тендер өткізудің шарттары мен тәртібін қамтитын құжат;

  • Показать изменения

16) тендерлік өтінім - әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға немесе осы Ереженің 11-тарауының ережелеріне сәйкес жасалған ұсынысы;

  • Показать изменения

17) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе осы Ереженің 88-1-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;

  • Показать изменения

18) отандық тауар өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және «СТ-KZ» ішкі айналымы үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган растаған жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

  • Показать изменения

18-1) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) - шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының резиденті емес және толығымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген, белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін шетелдік заңды тұлға;

  • Показать изменения

19) тек бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютордың тізімі) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін, сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары мен техникалық сипаттамасы бар құжат;

  • Показать изменения

20) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

  • Показать изменения

20-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері - Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шетелдік жеке және заңды тұлғалар;

  • Показать изменения

21) белгіленген баға - бірыңғай дистрибьютор өткізетін, өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге міндеттенетін сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құны;

  • Показать изменения

22) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техниканы қоспағанда), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;

  • Показать изменения

23) босату бағасы - бір әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату бағасы;

  • Показать изменения

24) шығындарды өтеу - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) өнім берушіге фармацевтикалық қызметтің құнын өтеу мөлшері;

  • Показать изменения

25) ұзақ мерзімді жеткізу шарты - осы ережеде белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының аумағында тиісті өндірістік практиканың стандарттарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірудің толық циклын құруға ниеті бар заңды тұлғамен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге жеті жылға дейінгі мерзімге жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық

  • Показать изменения

(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және

  • Показать изменения

медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алудың принциптері мен тәсілдері

 

  • Показать изменения

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу:

  • Показать изменения

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

  • Показать изменения

3) әлеуетті өнім берушілер арасында әділетті бәсекелестік;

  • Показать изменения

4) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

  • Показать изменения

5) отандық тауар өндірушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген - көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын бағамен сатып алынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Тендерді ұйымдастырушының жұмыскерлеріне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларына, оның ішінде бірыңғай дистрибьютордың аффилиирленген тұлғаларына осы ережеде реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тыйым салынады.

  • Показать изменения

Әлеуетті өнім берушінің және оның аффилиирленген тұлғасының бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері, егер ол әлеуетті өнім берушінің лауазымды немесе сенімді тұлғасының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелері, балалары) болып табылса не сатып алу нәтижелеріне басқалай жеке мүдделі болса, сатып алумен байланысты міндеттерді орындай алмайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру:

  • Показать изменения

1) тапсырыс берушілердің және сатып алуды ұйымдастырушылардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:

  • Показать изменения

тендер өткізу;

  • Показать изменения

баға ұсыныстарын сұрату;

  • Показать изменения

бір көзден сатып алу;

  • Показать изменения

бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша сатып алу;

  • Показать изменения

2) бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде:

  • Показать изменения

екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өткізу;

  • Показать изменения

бір көзден сатып алу;

  • Показать изменения

инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

  • Показать изменения

3) медициналық техниканы сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға ұйымдастырған кезде:

  • Показать изменения

екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу;

  • Показать изменения

бір көзден сатып алу;

  • Показать изменения

4) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алуы тәсілдерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 392 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы осы ереженің 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәсілді қоспағанда, 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  • Показать изменения

1) фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болуы;

  • Показать изменения

2) кәсіби біліктілікті меңгеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);

  • Показать изменения

3) жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

  • Показать изменения

4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;

  • Показать изменения

6) бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы.

  • Показать изменения

7) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің дәрілік заттарды, сатып алу ұсынылатын профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не ресми өкіл мәртебесі болуы тиіс;

  • Показать изменения

8) үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бір ғана өндірушісін білдіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге қойылатын осы Ереженің 8-тармағында, 7) тармақшасын қоспағанда, 8-1, 10-тармақтарында көзделген талаптар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  • Показать изменения

1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензиясының болуы (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады);

  • Показать изменения

2) фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибені қоса алғанда);

  • Показать изменения

3) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының, оның ішінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу пункттерінің, білікті қызметкерлер (арнайы білімі, фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;

  • Показать изменения

4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болып табылуы, таратылуға жатқызылмауға, оның мүлкіне тыйым салынбауға, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;

  • Показать изменения

6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы;

  • Показать изменения

7) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Әлеуетті өнім беруші өзінің кәсіби біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға осы Ережеде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Сатып алуды ұйымдастырушы және бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы 3-тарауда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқығы жоқ.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алу кезінде) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық,

  • Показать изменения

дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қойылатын талаптар

 

ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алынатын және (фармацевтикалық қызметті сатып алған жағдайда) босатылатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы Ереженің 11-1-тарауында айқындалған ерекше тәртіппен сатып алу жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардан басқа, дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;