<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 22 ШІЛДЕДЕГІ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы

(2009.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен күші жойылды

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

  • Показать изменения

1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар;

  • Показать изменения

3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 2008.17.04. № 362 қаулысымен 4-тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөніндегі функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.

  • Показать изменения

3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 2005.17.05. № 464; 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.

  • Показать изменения

6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.

7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1521 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1184 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

  • Показать изменения

2003 жылғы 22 шілдедегі № 724

  • Показать изменения

қаулысымен бекітілген

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

  • Показать изменения

Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Агенттіктің аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, № 35 көше, № 8 үй.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтайшы құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

 

  • Показать изменения

13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Показать изменения

1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;

  • Показать изменения

2) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;

  • Показать изменения

3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.31.03  № 450 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.15.09. № 1383 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды ұйымдастыру;

ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде байланыс халықаралық одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау;

  • Показать изменения

радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау;

  • Показать изменения

Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимылда өз құзыреті шегінде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау;

Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу;

  • Показать изменения

байланыс және ақпараттандыру саласында «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіру;

  • Показать изменения

ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

ақпараттандыру және байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

  • Показать изменения

телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;»;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру қызметтерінің бағалары (тарифтерін) реттеу;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту;

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеу әдістемелерін әзірлеу және бекіту;

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің нормативтік техникалық ысырабын бекіту;

  • Показать изменения

телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;

  • Показать изменения

жарғылық капиталында мемлекеттің және олармен аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен штат кестесін келісу;

  • Показать изменения

жарғылық капиталында мемлекеттің және олармен аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналы басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісу;

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;

  • Показать изменения

электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

  • Показать изменения

«электрондық үкімет» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-әрекет етуін қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;

куәландіруші орталықтың Үлгі ережелерін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелер, инвестициялық жобалар және бағдарламалар аудитін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу;

  • Показать изменения

байланыс саласындағы ұлттық ресурстар мен лицензиаттардың тізілімін жүргізу;

  • Показать изменения

лицензиялау;

радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;

  • Показать изменения

ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісін және телекоммуникацияның бірыңғай желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

радиобақылау, байланыс қызметтерін ұсынушы лицензиаттардың радиожиілік спектрін пайдалануына және лицензия шарттарын сақтауына тексерулер жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалар, нұсқамалар, тексеруді тағайындау туралы актілер) әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

бөлінетін жиілік жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

байланыс қызметтерін көрсету ережелерін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлеу және бекіту;

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

почталық ақы төлеу белгілерінің мемлекеттік топтамасын қалыптастыру;

  • Показать изменения

Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беру;

  • Показать изменения

почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін әзірлеу және бекіту;

почта желілерімен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;

Ұлттық почта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін олармен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

франкировальді машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;

  • Показать изменения

радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;

  • Показать изменения

электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;

  • Показать изменения

депозитарий жүргізуді тексеру;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің аясын бақылау;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылау;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;»;

  • Показать изменения

жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын радиобақылау және тексеріс жүргізу;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;

  • Показать изменения

радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларының оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;

  • Показать изменения

депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • Показать изменения

1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

 

  • Показать изменения

16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынысты Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін Агенттік төрағасы жүзеге асырады, және алқалы басқару органы - басқарма.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Агенттік төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын Агенттік төрағасының орынбасары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Агенттіктің алқалы басқару органы бес адамнан тұратын басқарма болып табылады.

  • Показать изменения

Агенттіктің басқармасын Агенттік төрағасы басқарады.

Агенттіктің басқармасының құрамына Агенттік төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінен Агенттіктің басқармасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және қызметінен босатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2009.31.03  № 450 Қаулысымен  20-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:

1) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қалыптастыру мен дамытуда табиғи монополиялар саласындағы басымдықтарды анықтау;

2) мыналар:

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерді (бағаны, алым ставкаларын) немесе шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы;

  • Показать изменения

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту туралы;

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы;

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы;

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы;

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына, (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаны, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы;

Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы;

  • Показать изменения

телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу туралы шешімдер қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау;

Агенттік басқармасының отырыстарын өткізу тәртібі Агенттіктің регламентімен анықталады.

Агенттік басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

Басқарма жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Агенттіктің құзыретіне енетін кез келген мәселе бойынша шешімді қарауға және қабылдауға құқылы.

Басқарманың шешімдері басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысуы шартымен басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен, оның ішінде Агенттік төрағасының, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның қатысуымен қабылданады.

Басқарма отырысында қабылданатын шешімдер Агенттік төрағасының қаулысымен ресімделеді және Агенттік төрағасының шешімдер қабылдауы үшін негіз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Агенттіктің төрағасы:

  • Показать изменения

1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы реттеу және бақылау жөніндегі басым мақсаттар мен міндеттерді анықтайды;

  • Показать изменения

2) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес лицензиялар беру туралы шешім қабылдайды;

3) Агенттік туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;

4) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

5) өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды;

  • Показать изменения

6) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

7) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

  • Показать изменения

8) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;

9) Агенттік өз құзыреті шегінде мүдделі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама қояды;

10) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22. Агенттіктің жауапты хатшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттіктің төрағасының қызметінен кетуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26. Агенттіктің Жауапты хатшысы:

1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2) Агенттіктің аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын және штат санын бекітеді;

  • Показать изменения

5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібін, кадр қызметінің жұмысын және Агенттіктің құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

  • Показать изменения

7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

10) Агенттік төрағасының келісімі бойынша Агенттік қызметкерлерінің іссапарлары, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау, (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік төрағасының келісімі бойынша Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

12) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

13) Агенттік төрағасына Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және Агенттік қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітуге ұсынады;

14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттіктің төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

15) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің қаржыландыру жоспарын және қаржылық есептілігін әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;

16) мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;