<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2280 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 Қаулысы

(2011.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.

2. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 24 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 13-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2280 қаулысымен

бекітілген

 

  • Показать изменения

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық

  • Показать изменения

жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған

  • Показать изменения

стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу

 ережесі

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Осы Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесіне сәйкес және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргізу тәртібін анықтайды.

  • Показать изменения

Осы Ереже мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалған орындаудағы (ҚР СТ 34.025-2006 Ақпаратты қорғау. Қорғалған орындаудағы автоматтандырылған жүйелерді құру тәртібі. Жалпы ережелер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес құрылған және пайдалануға қабылданған) мемлекеттік ақпараттық жүйелерге аттестаттау жүргізуге қолданылмайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - аттестаттық тексеру нәтижелерін қарайтын және тиісті ұсынымдарды әзірлейтін, уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңес беру органы;

2) ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестаты (бұдан әрі - аттестат) - ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - АЖ) ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - АҚ) талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі фактісін растайтын құжат;

3) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;

  • Показать изменения

4) уәкілетті ұйым - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым;

  • Показать изменения

5) өтініш беруші - АЖ-ны АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзуге өтiнiш берген АЖ иесі, АЖ иесі уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау деп АЖ қорғалуының нақты жағдайын және оның АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені түсіндіріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мемлекеттік АЖ-ні, сондай-ақ олармен интеграцияланатын барлық мемлекеттік емес АЖ-ні пайдалану мен енгізуге оларды АҚ талаптары мен Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттағаннан кейін жол беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауды АЖ аттестаттық тексеру негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық тексеруді уәкілетті ұйым жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

6-1. Аттестаттық тексеру:

1) қауіпсіздіктің жалпы құрылымын тексеру және құрамдастарды құрылымда орналастыруды;

2) АЖ құрамдастары болып табылатын құрамдастарының үйлесімділігін тексеруді;

3) пайдаланылатын АЖ ақпараттық қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық шараларын сараптауды;

4) пайдаланушылардың қолданыстағы қорғау механизмдерін айналып өтіп, ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін АЖ құрамдастарын аспаптық тексеруді қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Аттестаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) қарау үшін Комиссия құрылады, оның ережесі мен құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Комиссия құрамына мыналардың:

1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының;

2) мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның;

3) уәкілетті органның өкілдері кіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Берiлген аттестаттар туралы мәлiметтерді уәкiлеттi органмен АЖ иесi мен АЖ әзiрлеушiсi, АЖ атауы, аттестациялық тексеру актiсі мен аттестаттың деректемелерi, аттестаттың қайта ресімделу күні мен негізі, қосымша тексеру жүргізу күндері мен нәтижелері, аттестатты қайтару/кері шақырту күндері мен негіздері, аттестаттың қолданылуының тоқтатылу күні және негіздері туралы ақпаратты қамтитын аттестаттар тiзiлiмiне енгiзедi.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Аттестаттау жүргізу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

10. Аттестация мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

1) өтініш беруші осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға өтінім береді:

  • Показать изменения

жеке басын куәландыратын құжаттың өтініш берушінің қолы қойылып куәландырылған көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

  • Показать изменения

құрылтайшы құжаттардың және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң өтініш берушінің қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылған көшірмелері (заңды тұлғалар үшiн);

  • Показать изменения

аттестатталатын АЖ-ның АҚ бойынша нормативтік-техникалық құжаттары, сондай-ақ осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес құрамда интеграцияланатын АЖ;

осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын АЖ құрамына кіретін техникалық және бағдарламалық құралдардың өтініш беруші бекіткен тізбесі;

АЖ құрамдастарының, сондай-ақ интеграцияланатын АЖ құрауыштарының (АЖ-ның физикалық және логикалық құрылымы, функционалдық схемаға түсіндірме жазба) өзара iс-қимылының өтiнiш берушi бекiткен функционалдық схемасы (жоспары);

  • Показать изменения

АЖ-ға жобалық (бағдарламалық) және жоба алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттама;

  • Показать изменения

2) уәкілетті орган өтінішті алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

3) өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген мерзімде қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді уәкілетті ұйымға жібереді, ал керісінше жағдайда өтінім қайтару себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге қайтарылады;

  • Показать изменения

4) АЖ аттестациясын жүргізуге өтінімді қабылдағаннан кейін уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге аттестациялық тексеру бойынша қызмет көрсету шартының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет жағдайда бірлескен құпия жұмыстарды орындау шартының екі данасын жібереді. Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алғаннан соң, үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды және шарттың бір данасын уәкілетті ұйымға қайтарады;

  • Показать изменения

5) уәкілетті ұйым өтініш берушімен жасалған шарттың негізінде АЖ аттестаттық тексеруді жүргізеді. Аттестаттық тексеру аттестатталатын АЖ-де қолданылған ақпараттық технологияларды ескере отырып, тізбесін уәкілетті ұйым анықтайтын Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Аттестаттық тексеруді жүргізу жөніндегі жұмыстардың құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады;

  • Показать изменения

6) Өтініш беруші уәкілетті ұйымның аттестациялық тексеру өткізуі үшін аттестатталатын АЖ бойынша үй-жайға, құрал-жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

7) Уәкілетті ұйым АЖ-ны аттестациялық тексеру бойынша жұмыстар жүргізгенде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға жол бермейді;

  • Показать изменения

8) аттестациялық тексеру мерзімі аттестациялық тексеру жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. Егер аттестатталатын АЖ құрылымына АЖ-ның ведомостволық немесе өңірлік құрамдастары енгізілген жағдайда, уәкілетті ұйым белгіленген мерзімді сақтаудың мүмкін болмау себептерін баяндай отырып, аттестациялық тексеру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтініш жасайды. Уәкілетті орган аттестациялық тексеру мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады;

  • Показать изменения

9) аттестаттық тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым уәкілетті органға берілетін актіні жасайды. Акт төрт данада (Комиссия, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган, ұлттық қауіпсіздік органдары және өтініш беруші үшін бір-бірден) жасалады және АЖ қорғалуының нақты жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды;

  • Показать изменения

10) уәкілетті орган актіні алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия шақырады және актіні Комиссияның қарауына береді;

  • Показать изменения

11) Комиссия актінің негізінде хаттама түрінде ресімделетін тиісті ұсынымдарды әзірлейді. Комиссия осы актіні қарау кезінде АЖ-нің функционалдық күрделілік деңгейін және оның арналуын, өңделетін АЖ ақпаратының сипатын, ақпараттың құпиялылығын, АЖ-ға қол жеткізу санатын, АЖ-дағы деректерді өңдеу режимін, ақпараттық қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жинақтығын және оның талаптарының сақталуын, қауіпсіздіктің нақты қауіп-қатерін бағалауды (қауіп-қатердің және осалдылығының әлеуетті көздері) ескереді;

  • Показать изменения

12) Комиссия хаттамасының негiзiнде және актiнi ескере отырып, уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • Показать изменения

аттестатты беру немесе беруден бас тарту туралы (аттестат беруден бас тарту туралы шешім актіде көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар талаптарына сәйкессіздіктер негізінде қабылданады);

  • Показать изменения

өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы (аталған шешім АЖ-ны аттестациядан өткізу өтініміне кемінде бір рет қабылдануы тиіс). Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.

  • Показать изменения

13) егер өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестациялық тексеруде айқындалған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылуы туралы уәкілетті органға хабарлайды, осыдан соң уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде АЖ-ға қосымша аттестациялық тексеру жүргізудің қажеттілігі туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды. Қосымша тексерудің мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс;

14) қосымша аттестациялық тексеру өткізілгеннен кейін осы Ереженің 10-тармағының 9), 12) тармақшаларына сәйкес іс-қимылдар жүзеге асырылады;

15) аттестациялық немесе қосымша аттестациялық тексеру нәтижелері бойынша оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Ереженiң 10-тармағының 12) тармақшасында белгiленген мерзiмде өтініш берушіге осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестат бередi және аттестаттардың тiзiлiмiне тиiстi мәлiметтердi енгiзедi. Өтініш берушінің өкілі аттестатты алғанын қол қойып растайды;

16) аттестаттар тізіліміне қол жеткізуі шектелген;»;

  • Показать изменения

17) аттестатты беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 12) тармақшасында белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге тиісті хабарламаны жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Аттестат жүйенің функционалдығы шарттарының өзгермеуін, ақпараттың қауіпсіздігін анықтайтын, қорғалатын ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешенді және ақпараттық технологияларды (техникалық құралдардың құрамы мен құрылымы, орналастыру шарттары, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпаратты өңдеудің режимі, қорғау құралдары мен шаралары) ескере отырып, өтініш берушіге 3 жыл мерзімге беріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Ақпаратты өңдеудің шарттары мен технологиялары өзгерген жағдайда аттестатталған АЖ иеленушілері осындай өзгерістер болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде болған өзгерістердің сипаттамасын коса берумен хабарламаны уәкілетті органға жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13. Уәкілетті ұйым уәкілетті органнан хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде АЖ-ні қосымша тексеруді жүргізеді. АЖ қорғалу деңгейін бұзуы мүмкін өзгерістер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді, мұндай өзгерістер болмаған жағдайда уәкілетті ұйым уәкілетті органға тиісті хабарламаны жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Уәкілетті орган уәкілетті ұйымнан хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестатталған АЖ-ның өтініш берушісіне АЖ-ні қайта аттестаттау қажеттігі (қажеттігінің жоқтығы) туралы хабарлайды. АЖ-ні қайта аттестаттау осы Ережеде аттестаттауды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Аттестатталған АЖ иеленушісі аттестатты жоғалтқан жағдайда жоғалтқан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жоғалту себептерін көрсетумен оның жоғалғаны туралы хабарламаны жібереді. Уәкілетті орган хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын береді.

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 16-тармақпен толықтырылды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Уәкілетті орган аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) өтініш берушінің жазбаша өтінішінің болуы;

2) аттесталған АЖ-ға уәкілетті органмен келісілмеген өзгерістерін айқындау.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 17-тармақпен толықтырылды

17. Аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімінің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі. Өтініш беруші аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестатты уәкілетті органға қайтарады.

Аттестат осы Ереженің 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, өтініш беруші аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде анықталған өзгерістерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 18-тармақпен толықтырылды

18. Аттестатты кері қайтарып алу үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, өтініш беруші олардың жойылғаны туралы мәліметтерді аттестатты қайтару туралы шешім қабылдауы үшін уәкілетті органға ұсынады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді

және мемлекеттік ақпараттық  

жүйелермен интеграцияланатын   

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік  

талаптарына және Қазақстан    

Республикасының аумағында    

қабылданған стандарттарға сәйкестігіне

аттестаттау жүргізу ережесіне

1-қосымша           

Кімге______________________________________

(аттестаттау жөніндегі органның атауы)

 

Мемлекеттік (мемлекеттік емес) ақпараттық жүйеге аттестаттау жүргізуге

ӨТІНІШ

 

_______________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

                                                         (өтініш берушінің атауы, өтініш берушінің Т.А.Ә.)

________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

                                                               (ақпараттық жүйенің атауы)

ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауды жүргізуді сұрайды.

1. Мемлекеттік (мемлекеттік емес) ақпараттық жүйе бойынша бастапқы деректер ___________ парақта қоса беріліп отыр.

2. Өтініш беруші қажетті құжаттарды ұсынуға және аттестаттауды жүргізу үшін жағдай жасауға дайын.

__________________________

(қолы, күні)

М.О.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді

және мемлекеттік ақпараттық

жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік

талаптарына және Қазақстан

Республикасының аумағында

қабылданған стандарттарға сәйкестігіне

аттестаттау жүргізу ережесіне

2-қосымша

 

  • Показать изменения

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың

ТІЗБЕСІ

 

1. Өтініш берушінің ақпараттық қауіпсіздік саясаты.

2. Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану ережесі.

3. Парольдік қорғау туралы нұсқаулық.

4. Штаттан тыс (дағдарыстық) жағдайларда пайдаланушылардың іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық.

5. Пайдаланушының компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жөніндегі нұсқаулығы.

6. Вирусқа қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық.

7. Ақпаратты резервтік көшіру туралы нұсқаулық.

8. Сервер әкімшісінің функциялары мен өкілеттіктерін бекіту жөніндегі нұсқаулық.

9. Пайдаланушылар мен әкімшілердің серверлік үй-жайларға кіру ережесі.

10. Корпоративтік ақпараттық желіде пайдаланушыларды тіркеу ережесі.

11. Жүйелік әкімшілердің жұмысы үшін жадынама.

12. Есептеу техникасы құралдарын пайдаланушыға жадынама.

  • Показать изменения

13. Жұмыс станцияларында электрондық поштаны және Интернет қызметтерін пайдалану бойынша нұсқаулық.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді

және мемлекеттік ақпараттық

жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік

талаптарына және Қазақстан

Республикасының аумағында

қабылданған стандарттарға сәйкестігіне

аттестаттау жүргізу ережесіне

3-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Ақпараттық жүйенiң ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне

№ _______АТТЕСТАТ

 

  • Показать изменения

______________________________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(АЖ-ның толық атауы көрсетiледi)

  • Показать изменения

20____ж. «___ »_________ дейiн жарамды

  • Показать изменения

1. Осы аттестатпен: _____________________________________________________________________________________________________

(АЖ толық атауы)

  • Показать изменения

ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгi куәландырылады.

  • Показать изменения

АЖ техникалық құралдары кешенiнiң құрамы (зауыттық нөмiрлерiн, моделiн, жасап шығарушыны көрсетумен), пайдаланылатын бағдарламалық құралдардың, сондай-ақ АЖ қорғау құралдарының (жасап шығарушыны көрсетумен) тiзбесi қоса берiлiп отыр.

  • Показать изменения

2. АЖ-да аттестаттық тексеру нәтижелерiн ескере отырып, ____________________________________________________ақпаратты өңдеуге

  • Показать изменения

(қызметтiк, құпия және т.б.)

  • Показать изменения

рұқсат етiледi.

  • Показать изменения

3. АЖ-ны пайдалану кезiнде:

  • Показать изменения

_______________________________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(ақпаратты қорғау шаралары мен құралдары тиiмдiлiгiне әсер етуi мүмкiн шектеулер көрсетiледi)

тыйым салынады.

  • Показать изменения

4. Iске асырылған қорғау шаралары мен құралдарының тиiмдiлiгiн бақылау Өтініш берушінің тиісті бөлімшелеріне жүктеледi.

  • Показать изменения

5. Аттестаттық тексерудiң толық нәтижелерi аттестаттық тексеру актiсiнде (20___ ж. «___» ____________ № __ ) және Аттестаттық тексеру актісіне есепте келтiрiлген.

  • Показать изменения

6. Аттестат үш жылға берiлдi, осы уақыт iшiнде АЖ жұмыс iстеу шарттарының өзгермеуi қамтамасыз етiлуi тиiс.

  • Показать изменения

7. Өзгерiстерi туралы ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды мiндеттi түрде хабардар ету талап етiлетiн сипаттамалардың тiзбесi:

  • Показать изменения

7.1___________________________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

7.2 ___________________________________________________________________________________________________________________

 

  • Показать изменения

Төраға ______________________________________________________

  • Показать изменения

(Т.А.Ә.)

 

МО

 

  • Показать изменения

20___ ж. «___» __________

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды

  • Показать изменения

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді

және мемлекеттік ақпараттық

жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік

талаптарына және Қазақстан

Республикасының аумағында

қабылданған стандарттарға сәйкестігіне

аттестаттау жүргізу ережесіне

4-қосымша

 

 

Техникалық құралдар тізбесі

 

№№

р/с

Өндіруші, моделі

Сериялық/түгендеу нөмірі

АҚ бойынша сертификаттыңнөмірі

(бар болса)

Нақты орналасқан жері

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функцио-налдық мақсаты (АЖ-ға бағдарлама-лық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланы-латын әдістері

Әзірлеуші, атауы, нұсқасы

(кіріктірілген бағдарла-малық қамтамасыз етудің)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1285 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді

және мемлекеттік ақпараттық

жүйелермен интеграцияланатын

мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді

олардың ақпараттық қауіпсіздік

талаптарына және Қазақстан

Республикасының аумағында

қабылданған стандарттарға сәйкестігіне

аттестаттау жүргізу ережесіне

5-қосымша

 

 

Бағдарламалық құралдар тізбесі

 

№№

р/с

Әзірлеуші

Атауы

Нұсқасы

Орнатылған орны (техникалық құралдар тізбесінен)

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

1

2

3

4

5

6

7

8